Пәнді оқытудың мақсаты



бет4/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі

2-дәріс


2 - дәріс. Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл ғылымының саласы.
Әрбір сөздің екі жағы болады: біріншісі мағыналық жағы, екіншісі — дыбыстық жағы. Сөздің дыбыстық жағын фонетика саласы қарастырады. Фонетика тіл дыбыстары туралы ұғым, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің - дыбыс мағынасындағы сөзінен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі нысаны — тіл дыбыстары. Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы да табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Әрбір затты бір-біріне соғудан дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстары да шыққан ауаның дыбыстау мүшелеріне қақтығысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады. Фонетика дыбыс атаулының бәрін, тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана қарастырады. Тек мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстарды зерттейді. Мәселен, жол, жел, жал, жыл немесе тас, жас, қас, бас сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, е, а, ы дыбыстары болса, соңғы сөздердегі т, ж, қ, б дыбыстары сөз мағынасын ажыратушы қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ бұл сөздердің құрамындағы дыбыстарды қалай болса, солай бірінің орнына бірін ауыстырып қоя салмаймыз. Сондықтан, тіл дыбыстары — жүйелі құбылыс.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. 20 ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған. Қазір де Қытайда істе. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолдануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады.
Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).
Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.
Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай: Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың қатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет