Пәнді оқытудың мақсаты



бет9/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі

8-дәріс


8-дәріс. Синонимдер. Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама-карсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Синонимдер ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де әр түрлі. Қазақ тілінде омонимдік катарға енген сөздің саны негізінде 4 - 5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде қырықтан да асып жығылады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады. 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі кажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін аткаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Мәселен, той — мейрам — мереке — думан — тамаша дегендер адам баласының қуанышы, кызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күндер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың куанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты кундердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын қарсы алуға әзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.
Сол сияқты семіру — шелдену — майлану — тойыну — жуандау — толу — қоңдану дегендер жан-жануарлардын арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау — толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену — майлану — тойыну — қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Сондай-ак, бағалы — құнды — қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әрқайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бағалы сыйлық, бағалы киім дегеңдегі мағыналық реңк құнды, қымбат сөзінде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп атмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады.
Тілімізде екі мәндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
Синонимдерді плеонастикалық тәсілмен жұптап колдану жекелеп қодданғаннан гөрі әддеқайда мәнерлі. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік may, зәулім биік үй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, құр бекер жүріс, қас дұшпан, жасаган ие, пэни жалган, қыршын жас т. б.
Синонимдер жеке сөздер ғана емес, фразалық тіркестерден де жиі ұшырасады. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып, беруде фразалық тіркестер тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен: Кеңес Армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады деген сөздің орнына жермен жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз тындаушыға әлдеқайда күшті әсер етеді, әрі тартымды да мәнерлі болады.
Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі — парафраза. Бұл сөздің мәнісі - жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру. Мәселен, Алматы дегеннің орнына, Қазақстанның астанасы, М. Әуезов дегеннің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза тәсілі бір заттың я құбылыстың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойдыру мақсатыңда қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіру мақсатымен де жұмсалады. Мысалы: Күн жиылып ай болды, он екі ай - жыл, жыл жиылып, қартайып қалғаны бұл (Абай). Аппак, көзі тым жіті, алыстан көретін қырағы болатын (Ғ. Сыланов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет