Пәнді оқытудың мақсаты



бет2/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Диалектілік лексика – белгілі бір аймақтағы жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер.
Кәсіби терминология – ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларынн дәл білдіру үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы.
Лексикография – сөздіктер жасаумен және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы.
Сөзжасамдық ұя  бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы.
Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
Сөзжасамдық жұп – «негіз сөз – негізді сөз» қатынасы.
Сөзжасамдық тип – әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типті белгілеуде негізгі үш белгісіне сүйенген жөн: 1) негіз сөздері бір сөз табынан болуы; 2) негіз сөздер мен туындылардың мағыналық қатысы ұқсас болуы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы.
Негіз сөз – туынды түбір жасауға қатысқан лексикалық мағынасы бар сөз. Негіз сөз негізгі түбірден де, туынды түбірден де болуы мүмкін.
Негізді сөз – құрамындағы негіз сөзімен салыстырғанда, морфемдік те, мағыналық та құрылымы күрделі сөз.
Негізсіз сөз – сөзжасамдық тізбектегі негізгі түбір, яғни бірінші сөз. Негізсіз сөз деп аталу себебі, оған негіз болып тұрған сөз жоқ.
Негіз емес сөз – сөзжасамдық тізбектегі соңғы туынды түбір. Негіз емес сөз деп аталу себебі, ол тізбекте ешқандай сөзге негіз болмайды.
Туынды сөздер – өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін, тіліміздегі сөзжасам тәсілдері арқылы, сөзжасам заңдылықтары негізінде жасалған сөздер.
Туынды түбір – синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады.
Синтетикалық тәсіл – «синтез» (қосу) деген сөзден қалыптасқан термин. Ең түпкі мағыналы бөлшек негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасау жолы.
Аналитикалық тәсіл – екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуі, не қосарлануы, не тіркесуі, не қысқаруы арқылы жаңа сөз жасау жолы.
Лексика-семантикалық тәсіл – белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалу жолы.
Морфология – сөздер мен сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.
Синтаксис – сөздердің тіркесу қабілеттілігін, тіркесу тәсілдері мен формаларын сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрамы мен түрлерін қарастыратын грамматика саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет