4-дәріс
4- дәріс. Лексикология. Сөздік құрамдағы сөздерді қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп екіге бөліп қарастыруға болады. Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар жиі қолданатын сөздер жатады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге түсінгенімізбен көп қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер жатады.
Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуінде белгілі дәрежеде шарттылық бар. Бір заманда актив колданған сөздердің бірқатары келесі бір заманда пассив қабатқа ауысуы ықтимал. Мысалы: жаугершілік заманда жиі қолданылған атой салу, қорамсақ, дулыға, сауыт, қол т. б. сөздер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Әлеуметтік қүрылысқа байланысты хан, ханзада, ақ сүйек, төлеңгіт, жатақ, қарашы, болыс, майыр, онбасы, елубасы, жүзбасы, қарашығын, шаңырақ салығы, барымта, шабарман т.б. сөздер XVIII-XIX ғасырлардағы лексикада жиі қолданылған сөздер. Бірақ бұлардың бәрі де қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатындағы сөздер болып табылады. Бұл кезде халық тілінде актив қолданылған ай, жыл аттарын (наурыз, сәуір, маусым, тышқан, қой, жылқы т.б.) Бұл мысалдардан лексиканың актив, пассив қабаттарындағы сөздердің кұрамы үнемі бір қалыпты болмайтынын, оның жылжымалы екенін көреміз. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріңдегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Қазақ тілі негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағыналы сөздер: may, көл, жер, mac, үй, күн, түн, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, үш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы: туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нагашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге; мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын; хайуанат атаулары: қасқыр, түлкі, арыстан, қоян, қарсақ; ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша; киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан; жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз; сапалық, сындық атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б. Ежелден сіңісіп жалпыхалыктық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы: дастарқан, жеке, жәрдем, жануар, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп, ғылым, самауыр, бөтелке, бәтіңке т. б.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады.
1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі - тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, V ғасырдан қалған Талас ескерткішінде: am, ер, сіз, тұл, отыз, уғлан, қалмыш т. б. ; VII—VIII ғғ. Орхон-Енисей жазуында сіз, ол, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, am, күн, түн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б. ; XI ғ. М.Қашғаридың сөздігіңде: мен, сен, ол, екі, үш, алты, тогыз, am, өгіз, қой, ай, күн, түн, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның даму барысыңда негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің сөздік қоры - тарихи дамып отыратын категория, ол - бірнеше ғасырдың жемісі.
2. Негізгі создік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйтқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күндік, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күншуақ, күншығыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б. сөздер жасалған.
3. Негізгі сөздік кордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатыңда. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күңделікті өміріңде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалыктық қолданыстағы сөздер.
5-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |