Пәнді оқытудың мақсаты


Пәннің мақсаты мен міндеті



бет3/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі

Пәннің мақсаты мен міндеті


Пәнді оқытудың мақсаты:
Қазіргі қазақ тілін жеке пән ретінде оқыту арқылы қазақ тілінің фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен, олардағы негізгі заңдылықтармен терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихы жайында мағлұмат беру;
- Фонетика саласының негізгі ұғымдары: фонема, екпін, буын, үндестік заңы, дыбыстардың алмасуы, ықпалдың түрлері т.б. жайында мәлімет беру;
- Қазіргі қазақ тілінің семасиологиялық сипаты, қазақ тілі лексикасының құрамы, фразеологиясы мен лексикографиясы туралы білім беру;
- Сөзжасамдық негізгі ұғымдар: сөзжасамдық жұп, тізбек, ұя, тип, үлгі, мағына және мағына негізділігі, сөзжасамдық тәсілдер, сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктері жайында білім жүйесін қалыптастыру;
- Сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты, сөздердің морфологиялық құрылымымен таныстыру;
- Сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер туралы мәлімет беру;
- Тілдік талдауларға үйретіп, жаттықтырып, дағдыландыру.

1-дәріс


Кіріспе. Қазақ ұлттық әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихы.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі – адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тілге тән қасиет-коммуникативтік қызмет-әдеби тілге тән. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, сұрағанға жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Адамдар арасындағы қатынас құралының біден-бір көрінісі әдеби тіл ғана емес. Жалпы тіл атаулы ол қызметті атқарады. Тіпті тілден басқа да құбылыстар адамдар арасындағы қатынас қызметін, коммуникативтік қызмет атқара алады. Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарумен ғана шектеліп қоймайды. Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, оқушының сезіміне әсер етуге болады; ол әдеби тілдің екінші, экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып саналады. Әдеби тілді эстетикалық қызметі оның коммуникативтік қызметіне негізделеді де, олар тұтасып келіп бірлікте көрінеді. Әдеби тіл – белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Әдеби тілдің сұрапталып, сымбатталған тұрақты нормалары болмаса, ол /әдеби тіл/ жалпыға ортақ жалпыхалықтық тілдің жетілген, ең жоғары сапалы түрі болу қасиетіне жетпес те еді. Әдеби тілді сөз еткенде, қалыптасқан өзіндік нормалары бар тілдік элементтердің жүйесі бірден ескеріліп, әдеби тілдің анықтамасы бір жағынан, осы ұғымдармен байланысты болып, екінші жағынан, солармен айқындалып, басқа тілдік құбылыстардан ажыратылады. Өйткені тілдің әдебилігі, сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның /сол тілдің/ орныққан жүйелі нормалары негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар – бір күннің, тіпті бір жылдың ғана жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Ал енді қазақ әдеби тілінің сондай нормалары қайсы деген сауал қойсақ, оған бір сөзбен жауап бере қою оңай емес. Әдеби тілдің өзіндік нормалары тілдік құрамның әрбір деңгейімен /уровень/ немесе қабатымен /ярус/ тығыз байланыста болып, солардың шеңберінде көрініп отырады. Әдеби тілдің қоғамдық қызметінің жан-жақты кеңейуімен байланысты оның жанрлық - стильдік тармақтары қалыптасып, дамиды. Әдеби тіл белгілі бір халықтың, қоғамдағы адамдардың бәріне түсінікті, ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның /әдеби тілдің/ туып, қалыптасуы, дамуы сол халықтың дүниеге келіп, құрылуы мен тарихына тығыз байланысты. Сондықтан да дүние жүзіндегі әр түрлі әдеби тілдер бірдей, бір кезеңде, бір жолмен, біркелкі қалыптасқан жоқ. Әр тілдің қалыптасуында өзіндік еркешеліктері, айырмашылықтары болады.
Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі Ыбырай мен Абайдан басталып, ХХ ғасыр басында ұлттық сипат алды. Ол сипат ең алдымен, көркем әдебиеттің идеялық мазмұнының сыршылдық, сыншылдық қасиетке ие болуынан танылса, екіншіден, оның жанрлық жағынан түрленуінен көрінеді. Дәріс материалдарында қазақ поэзиясы тілінің дамуы, қазақ әдеби тілін дамытудағы Ы. Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың рөлі, жазба әдебиет жанрларының дамуы, көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі, аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне тигізген әсері, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ лексикографиясы, жазу және емле мәселелері қамтылған. Қисса қазақ даласына XІХ ғасырдың ІІ жартысында тараған. О баста шығыс әдебиеті сюжетіне құрылған уақиғалы шығармалар «қисса» (арабтың «әңгіме, тарих» мағынасындағы сөзі) аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне қосыла берген. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі ұлттық деңгейдегі жаңа сатыға көтерілді. Ы.Алтынсариннің әңгімелері қазақ прозасының бастамасы болса, әдістемелік құралы мен жобасын жасаған «Қырғыз газетасы» әдеби тілге жаңа бағыт әкелген еді. А.Құнанбаев шығармашылығы өлең құрылысына да, лексикасы мен фразеологиясына да соны өзгерістер әкелді. ХХ ғасыр басында аударма барынша дамыды. Медицина, биология ғылымдары салаларынан қазақ тіліне аударылған кітапшалар көптеп жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет