Пәнді оқытудың мақсаты



бет15/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі

15-дәріс


15-дәріс. Синтаксис. Синтаксис пен морфологияның зерттеу нысандары мен пәндері әр басқа, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты грамматиканың екі саласы. Морфологияның зерттейтіні — жеке сөздің грамматикалық, мағына білдіретін құрылымы, сөз түрлендіру ерекшеліктері мен сөз тудырушылық сипаты болса, синтаксис сөйлем бөлшегінің грамматикалық құрылысын, сөздер мен сөз формаларын байланыстырудың ережелерін жүзеге асыратын күрделі бірліктерді зерттейді.
Синтаксис күрделі, сан қырлы деңгейлі болып келеді, ішінде күрделілігі әр түрлі нысандарды біріктіреді. Зерттеу нысандарының сипаттарына сай синтаксис ғылымы бөлімдерге бөлінеді. Олар: сөз және оның формасының синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі және мәтін синтаксисі.
Сөз және оның формасының синтаксисі — белгілі тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір бағындыра алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркестері мен сөйлем құрамында қолданылуын, қызмет ету жағдайларын бір сөзбен айтқанда сөз формасының синтаксистік мүмкіндіктерін зерттейді.
Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің бір-бірімен тіркесу ережелерін анықтап, жеке сөздердің синтаксистік қасиеттерін ашады. Ол — жалпы тілдік жүйеде лексика-морфологиялық деңгейден синтаксистік деңгейге ауысу кезеңін белгілейтін аралық саты.
Сөйлем синтаксисі — жалпы тілдік жүйеде сипаты жағынан жаңа деңгей. Ол тілдің қарым-қатынас жасаудағы маңыздылығын, коммуникативтік қызметін анықтайды.
Мәтін синтаксисі — тілдік жүйедегі ең жоғары саты, сөйлеудегі ірі тұлға бірліктерге күрделі синтаксистік тұтастықтар жатады. Мәтін синтаксистік тұтастықтардан құралу ерекшеліктерін, оның құрамындағы сөйлемдердің зандылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.
Синтаксистік байланыстың екі түрі бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Салаластық байланыс өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалардың қызметі арасында жүзеге асады, ондай түлғалардың қызметі де, соған сәйкес формасы да бірдей болғанымен, бірі екіншісіне тәуелді қатынаста тұрмайды. Сабақтастық байланыс өзара тәуелді тілдік тұлғалардың арасында жүзеге асады. Соған сәйкес олардың біреуі бағыныңқы, екіншісі басыңқы тұлға болады.
Сөйлем ішіндегі синтаксистік қатынастың негізгі екі типі бар. Предикативтік қатынас; предикативтік емес қатынас. Предикативтік қатынасты білдіретін тұлғалар — сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы предиактивтік қатынасты баяндауыштың жақтық, шақтық, модальдық мағыналары белгілейді. Предикативтік емес қатынастың үш түрі бар. Олар: анықтауыштық (атрибутивтік), толықтауыштық (объектілік) және пысықтауыштық. Бұлардың әрқайсысы өз ішінде жеке грамматикалық мағыналарды бейнелейді. Атрибутивті қатынас, мысалы, сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді (үлкен үй, он студент). Объектілік қатынас қимылдың немесе сапалық күйдің, затқа тікелей немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік қатынастарға бөлінеді. (тауды бұзу, тасты жару, оқуға ықыласты болу). Пысықтауыштық қатынас мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Мысалы: бүгін келу, теңізде жүзу, қуанғаннан секіру.
Сөздік формалар арасындағы синтаксистік байланыстың түрлері. Сөздік формалар арасындағы синтаксистік байланыстың түрлеріне қиысу, матасу, меңгеру, қабысу және жанасу жатады.
Қиысу - сөйлемдегі предикативтік қатынасты білдіретін бастауыштың және баяндауыштың арасындағы байланыс формасы. Сөйлемнің баяндауышы, бастауыштың жақтық және жекелік не көптік мағынасына үйлесе тұлғанады. Ол баяндауыштың жіктік жалғауларынан көрініс табады. Мысалы, Мен оқимын, сен оқисың, ол оқиды. Біз барамыз, сендер барасыңдар, сіздер барсыздар, олар барады. Тек, III жақта көпше түрде қиысу болмайды. Бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаусыз байланысқанда, олардың қиысуын белгілейтін тәсілдер орын тәртібі мен интонациясы.
Матасу - ілік септік жалғаулы сөзбен тәуелдік жалғаулы сөздің арасындағы байланыс формасы. Ілік септік жалғау тәуелдік жалғауын, тәуелдік жалғауы ілік септігін жалғауын керек етіп, айқаса байланысқандықтан матасу деп аталады.
Меңгеру — бір сөздік форманың екінші бір сөздік форманы белгілі бір септік жалғауында түруын міндетті ететін байланыс формасы. Меңгеріле байланысқан синтаксистік түлғалардың басыңқы сыңары етістіктен және кейбір есім сөздерден жасалып, сөйлемнің баяндауышы болуға бейім түрады да, бағыныңқы сыңары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының бірінде өз басыңқысымен толықтауыштық не пысықтауыштық қатынастарда түрады. Мысалы: Көзден кетсе, көңілден кетеді (Мақал)
Қабысу — бір сөздік форманың екінші сөздік формамен қатар тұрып жалғаусыз байланысу формасы. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының арасындағы синтаксистік қатынас анықтауыштық не пысықтауыштық болады. Бұл басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуына байланысты: басыңқы сыңары есім сөздерден жасалса — анықтауыштық, етістіктен жасалса пысықтауыштық қатынас болады.
Қабысу байланысу формасының ерекше түрі - жанасу. Айырмашылығы бағыныңқы сөздік форма басыңқы сөздің формадан алшақ та орналаса береді. Жанасудың басыңқы сыңары, негізінен, етістік сөздерден жасалады, кей жағдайда ғана мезгіл үстеулері есім сөздермен жанаса байланысады (бұрын бала едің, енді сен жігітсің) Бұлардың білдіретін синтаксистік қатынастары әрдайым пысықтауыштық болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет