Пәнді оқытудың мақсаты



бет1/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі


Пәннің мақсаты мен міндеті
Пәнді оқытудың мақсаты:
Қазіргі қазақ тілін жеке пән ретінде оқыту арқылы қазақ тілінің фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен, олардағы негізгі заңдылықтармен терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихы жайында мағлұмат беру;
- Фонетика саласының негізгі ұғымдары: фонема, екпін, буын, үндестік заңы, дыбыстардың алмасуы, ықпалдың түрлері т.б. жайында мәлімет беру;
- Қазіргі қазақ тілінің семасиологиялық сипаты, қазақ тілі лексикасының құрамы, фразеологиясы мен лексикографиясы туралы білім беру;
- Сөзжасамдық негізгі ұғымдар: сөзжасамдық жұп, тізбек, ұя, тип, үлгі, мағына және мағына негізділігі, сөзжасамдық тәсілдер, сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктері жайында білім жүйесін қалыптастыру;
- Сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты, сөздердің морфологиялық құрылымымен таныстыру;
- Сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер туралы мәлімет беру;
- Тілдік талдауларға үйретіп, жаттықтырып, дағдыландыру.
Глоссарий
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Ассимиляция – сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.
Диссимиляция – біркелкі немесе өзара ұқсас дыбыстардың өзгеру құбылысы.
Сингармонизм – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен үндесуі.
Лексика – тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы немесе сөздік құрам.
Лексикология – тілдегі сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу ерекшеліктерін тексеретін тіл ғылымының саласы.
Семасиология – сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін сала.
Этимология – сөздердің шығу төркінін қарастыратын сала.
Фразеология – тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін сала.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет