Пәнді оқытудың мақсаты



бет8/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
лекции қазақ тілі

7-дәріс


7- дәріс. Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстар. Солардың бірі - омофондар (гр. homos бірдей, phone дыбыс, дауыс). Омофон дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Тіл білімінде омофондардың шын мәнінде омонимдер еместігі ескеріліп, олар кейде жалған омонимдер, кейде сөздердің айтылуыңдағы ұқсастығына қарап, фонетикалық омонимдер деп аталады. Мысалы: көнбе және көмбе сөздерінің омофоңдық сипатына тоқталық. «Біреудің ыңғайына көшпеу» мәніндегі болымсыз етістік көнбе сөзінің түбірін-дегі н дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі нәтижесінде көнбе сөзі көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол «меже, мәре» мәніндегі "көмбе сөзіне айтылуы жағынан ұқсап, омофон больш тұр. Сол сияқты болады сезі ауыз екі тілде болат больш, тұзшы, асшы сөздері ащы, тұщы болып айтылып, болат (қатты асыл металл), дәмді біддіретін ащы, тұщы сөздерімен омофон жасап тұр.
Омофондар тек жеке сөздердің айтылуыңцағы ұқсастықтан басқа жеке сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуындағы ұқсастықтан да туады.
Мысалы:
Ол үлкен театрда отырғандай,
Үнінен найзағайдың оты ұрғандай (X. Ерғалиев).
Науқас жан айтты мұны ентігіп-ақ,
Ойда жоқ ендігі сор, ендігі бақ (сонікі).
Омонимге ұқсас құбылыстардың еңді 6ip түрі — омографтар (гр. homos — бірдей, grapho — жазу).Омограф дегеніміз жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей емес сөздер. Олардың айтылуындағы айырмашылық негізінде екпінге байланысты. Мысалы: зат есім алма мен болымсыз етістік алма-ның жазылуы бірдей болғанмен, алғашқысын айтканда екпін екінші буынға түсіп, олардың айтылуы бірдей болмай тұр. Ср. зат есімдер салма, көрме, көрші сөздері мен етістіктер салма, көрме, көрші сөздерінің арақатынасы да осыңдай.
Омонимдер және оларға ұксас омофондар, омографтар белгілі бір контексте, әсіресе өлең сөздерде ой ойнақтылығын туғызады. Ақын-жазушылар оларды әзіл-қалжың, каламбур жасауға пайдаланады. Мысалы: текстердегі асты сызылған омонимдік қатарларды салыстырамыз:
Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз (Бұхар жырау).
Менің атым қой,
Қойшыңды таңдап қой,
Қойшынды таңдап қоймасаң,
Қой жинауыңды қой (ауыз әдебиетінен).
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым (С. Торайғыров).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет