5-дәріс. Полисемия. Тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі — сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы - негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Өйткені, бұлар - ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы сөздер. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туыңды мағыналарға ие болған. Мәселен, қанат алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшьш-конатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту ушін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), кейін ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды.
Екі заттың не сапасында я болмаса атқаратын қызметінде ұксастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізіңде адамдар ұқсас келген екі я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған.
Мәселен, судың асты мағынасындағы түп сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (Мен сол керей ішінде сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай) (М. Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан балды).
Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардың көру мүшесін көз деп атаймыз. Сонымен қатар иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, күннің көзі, бұлақтың көзі деп те қолданамыз.
6-дәріс
6-дәріс. Омонимдер. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұлар нақ бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі тұлғасыңда емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты. Соңдықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тура мағынадан) шыққаңдығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан бірден танып білуге болады. Мәселен, майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ дегенді ұқсақ, майда үн, майда сөз дегендерден жұмсақ, биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Қайта бір-біріне соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Мысалы: Ара 1. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. Ара II. Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік. Ара III. Екі орта, аралық (екі ауылдың ортасы). Ана I. Туған шеше. Ана. Сілтеу есімдігі (ана жақ, ана жылы, ана бала). Айт І. Діни мейрам. Айт II. Сөзбен ой-пікірін білдіру, сөйлеу, деу. Айт ІІІ. Итті айтақтап қосу үшін айтылатын одағай.
Соңда омоним дегеніміз түрлі себещермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер больш шығады.
Кейбір жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен байланысы бар омонимдер бір-бірінен ажыратуда қиындық туғызады. Мәселен, малдың көктемде кырқылатын (не түсетін) жүнін қазақ жабағы дейді. Сонымен қатар алты айдан асып, қысқа іліккен құлынды да жабағы деп атаған. Осылардың шығу тегін іздесек, сөз жоқ, белгілі бір ұқсастықты табуға болады. Алайда, бұлардың бір негізден таралғандығы жай көзге қазір байқалмайды да. Сондықтан мұндай сөздерді көп мағыналы сөздер тобынан шығарып, омонимдер тобына қосу тілде тәжірибеге айналған.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасатуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалык жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл. Мағыналарының бір-бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан, омонимнің мұндай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мыслы: Көк I. Көгерген түс. Көк II. Аспан, әуе. Көк III. Көгеріп шықкан өсімдік. Ық I. Жауын-шашынның отінен қаға беріс жер, ықтасын. Ық II. Жауьш-шашьшға қарсы беттемеу.
2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейленуі арқылы жасалған омонимдер. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең әуелгі дыбыстық тұлғасын жаңартып, басқадай сөздермен дыбысталуы жағынан үйлесіп келген де, омонимге айналған.
Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталу қалпы егер болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалу салдарынан, егер сезі ер формасыңда ауысқан. Осылайша сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып, омоним жасалғандығы белгілі. Сол сияқты «бала табу» деген мағынадағы ту етістігінің коне тұлғасы тоғ, доғ болған, матадан істелген «байрақ, жалау» мағынасыңдағы ту зат есімінің коне тұлғасы туқ, туғ екендігі, ал тумаған, төлдемеген, балаламаған деген ұғымдағы ту сын есімнің көне тұлғасы түн, тұл — болғаңдығын зерттеушілер сөз етіп жүр. Сонда бір замаңдағы дыбысталуы үш түрлі сөз өзгере, дами келе кейінгі уақытта біркелкі дыбысталып омонимге айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен кабат түу деген одағайда ту болып қысқарған. Ту баста, ту сонадан дегендегі ту сөзі де омонимдік қатарға қосылып тұр.
3. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Түбір сөзге әр түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Туыңды омонимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай. Бұлар мына сияқты өнімді жұрнақтар арқылы келіп шыққан: а) Омонимдер -ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: Айналма I. Көшенің бұрылатьш жері, бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыга келді. Көңілі тасығандай алып ұшып (И. Байзақов). Айналма II. Мал ауруы, делбе. Айналмамен ауырган малдың басын итке тас-тамай, жагып жіберу керек (Ә. Әбішев). Баспа I Газет, журнал, кітап басып шығаратын орын, мекеме. Реагубликада баспасөз бен баспа ісін жақсартуга багытталган едәуір жумыс істелді («Соц. Қаз.»). Баспа П. Тамақ ауруы. Тамағы баспа болып ауырган адам суык, тамақ ішпеу керек (ауызекі тіл).
ә) Омонимдер -ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалған. Тігіс I. Жіппен тігілген, жіп жүргізген жер. Етіктің тігісін сыртына қаратып, былгарыдан тікті (Қазақ ССР тарихы). Тігіс II. Тігуге қатысу, араласу. Көрші ауылдың қыз-келіншектері келіп үй тігісті (ауызекі тіл).
б) Омонимдер-ық,-ік,-к,-қ жұрнақтары арқылы жасалған. қорық I. Мал жайылатын шөбі мол жер. Қорыққа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ. (С. Бегалин). Қорық II. Үрейлену, зәресі ұшу. Су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа, Бақалар қорқып тарбақтап, Қашып шықты әр жаққа (Абай).
4. Өзге тілден ауысқан сөздер қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер. Мысалы: Біреуге көр қазба өзің түсесің – көр (парсы сөзі), көр етістік. Қырықтың бірі – қыдыр, қызыр – араб сөзі, қыдыру – етістік.
Достарыңызбен бөлісу: |