14- дәріс. Сөздердің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтерінің табиғатын, қызметі мен өзара байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің, құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема(немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема(немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайында ұғымдар енеді. Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас - та, қол - да) бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз қүрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшіккедеген сөздің кұрамындағы үш морфеманың бірінішісі (көл) заттық мағына білдірсе, екіншісі (шік) кішірейткіш мағынаны білдіреді, соңғысы (ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда морфема - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Сөз де, морфема да дабыстан немесе дыбыстардың тіркесінен құралады. Дыбыс - тілдің ең кіші бірлігі, бірақ, ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс - тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық бірлігі. Егер жеке дыбыс мағыналық единица ретінде қызмет атқарса, онда оның сөз немесе көмекші морфема болғаны. Мысалы, орыс тіліндегі в городе, о работе дегендегі в, о — предлогтар да қазақ тіліндегі о баста дегендегі ол деген есімдіктің ықшамдалған түрі, киім-ідегендегі -ікөмекші марформе тәуелдік жалғауы.
Морфема дегеніміз - тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көлшіккедеген сөздің құрамындағы көлморфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе -шікжәне -кеморфемалары грамматикалық мағыналарды білдіреді.
Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады. Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексикалық грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, басморфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, басқы деген сын есімдердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады. Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негізгі әдетте, түбір мен жүрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала және т.б. Негіз бір ғана морфологиялық элемент таза түбірден құралуы мүмкін.
Сөз таптарының сипаттары. Сөз таптарының лексика-семантикалық сипатыдегенде. әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Олардың терминдік, лексика-грамматикалық мәні контексте, сөйлем ішінде анықталады, өйткені сөз мағынасы әр түрлі. Мысалы: зат есім заттың атын кітап, ағаш, сүт,сын есім заттың сынын көрсетеді: ақ, қара, жақсы, үлкен, сары, т.б. Сан есім заттың санын білдіреді: үшеу, екінші, бес, елу, т.б. Осындай тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан анықтайды.
Сөз таптарының синтаксистік кызметі: Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесіне бейім тұрады. Мысалы: зат есім атау тұлғасында бастауыш болса, сондай түрдегі сан есім мен сын есім көбінесе — анықтауыш.Етістік - баяндауыш, үстеу — пысықтауыш болады. Сөз таптарының сөйлемдегі осындай қызметі синтаксистік қызмет деп аталады. Бірақ бұдан олар басқа тіркестерде тұрып, сөйлемнің басқа мүшесі бола алмайды деген ой тумауы керек.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі.Сөз таптарының морфологиялық белгісі- әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, қосымшалардың грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, зат есім түрленсе (септелсе, көптелсе, тәуелденсе), өзінің бастауыштық мағынасынан айрылмайды, сын есім өзінің мағынасынан айрылады, субстантивтенеді. Сын есімде шырай категориясы болса. басқа сөз таптарында ол жоқ. Етістікте шақ категориясы болса, басқа сөз таптарында ол жоқ. Басқа сөз таптарынан жұрнақ қосу арқылы сан есім жасалмайды, тек өз ішінде лексика-грамматикалық топтарға бөлініп жатады.
Сөздердің мағыналарына, морфологиялық белгілеріне. синтаксистік қызметтеріне қарай топталатын сөз таптары мыналар: Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу. Еліктеу сөздер, Одағай, Шылау, Модаль сөздер.