«Мнемотехника» әдісінің маңызын түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз
Мнемотехника - есте сақтау қабілетін арттыратын және ақпаратты есте сақтауды жеңілдететін әдістер жүйесі. Бұл әдіс арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Мнемотехника әдісінің құрылымы негізгі үш кезең бойынша іске асырылады: Мнемоквадрат, мнеможолдар, мнемокесте
Мнемокестенің мазмұны — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті.
Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.
Мнемоквадрат– мнемокестенің құрылымдық бірлігі
Бұл кез келген нысанды, әрекетті төртбұрышта схемалық түрде бейнелейді
Әрбір сурет сөзді, сөз тіркесін білдіреді
Мнеможолдар - мнемоквадраттардан тұратын коллаж. Оның көмегімен балалар шығарма жазуды, тақпақтар пен жұмбақтарды шешуді үйренеді. (3-4 суреттен құрылған жол)
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
3
|
Әліппе кезеңіндегі тіл дамыту сабағының
жоспарын құрыңыз.
|