1, Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек. Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.Сауат ашу кезеніңдегі негізгі оқу материлдары:-жеке сөздер,сөз тіркестері,шағын сөйлемдер.Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса,оны оқуда жазу да қиын болмайды.
2, Көрнекілік.Бұл -бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3, Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болу керек.
4. Жеке - дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке- дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді.