Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Джордж Герберт Мид (1863–1931)



бет7/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
әлеуметтану балнур (1)

Джордж Герберт Мид (1863–1931)


Символикалық интеракционизм мен Чикаго мектебінде ең елеулі ойшылдардың бірі әлеуметтанушы емес, философ Джордж Герберт Мид болды. Ол Чикаго университетінде 1894 жылдан бері сабақ беріп, 1931 жылы қайтыс болғанға дейін сонда қызмет атқарды.
Оның әлеуметтану теориясы тарихындағы елеулі үлесі бар, әйтсе де, біріншіден, оның әлеуметтанудан емес, философиядан сабақ бергенін және екіншіден, өмірі бойы санаулы ғана материалдар жариялағанын ескере отырып, Оны парадокс ретінде қарастыруға болады. Көбіне бұл парадокстің шешімін екі фактіден іздеген жөн. Біріншіден, Мид философия бөлімінде көп әлеументтанушы аспирант қатысқан әлеуметтік психологиядан сабақ берді. Олардың кейбіреулеріне оның идеялары елеулі әсер етті. Бұл студенттер Мидтің идеяларын Парк пен Томас секілді әлеуметтану бөлімінің оқытушылары тұжырымдаған идеялармен сабақтастырып отырды. Ол кезде символикалық интеракционизм деген жеке теория болмағанымен, оны алуан түрлі элементтерден ала отырып, студенттердің өздері жасап шықты. Осылайша, ол кейін символикалық интеракционизм теориясын қалыптастырған адамдарға ықпал етті. Екіншіден, бұл студенттер Мидтің дәрістеріндегі жазбаларды жинап, ұстаздары қайтыс болғаннан кейін оның авторлығымен кітап шығарды. «Сана, өзіндік мән және қоғам» деп аталатын еңбегінің арқасында оның идеялары ауызшадан жазба дәстүріне ауысты. Қазіргі кезде де көп оқылатын бұл кітап символикалық интеракционизмнің интеллектуалды негізіне айналды.
Мидтің идеяларын психологиялық бихевиоризм шеңберінде қарастыру қажет. Мидке бұл бағыт қатты әсер етті және ол оның бірталай қағидаларымен келісті, психологиялық бихевиоризмнің акторлары мен олардың әрекетіне деген пікірін қолдады. Ол бихевиористердің актор мінез-құлқының әрекетіндегі сыйақы мен шығынға деген қызығушылығын саналы және қалыпты құбылыс деп қарады. Алайда Мидті алаңдататыны – бихевиоризмнің оншалықты алысқа бармағаны, яғни ол сананы ғылыми-зерттеулерге бағынбайтынын ескере отырып, оны күрделі талдаудан тыс қалдырды. Мид мұндай көзқарасқа түбегейлі қарсы болды да, бихевиоризм қағидаларын ақыл-ой талдауымен кеңейтуге тырысты. Осылайша, ол Кулидің ойымен қабысатын тұжырымдар қалыптастырды. Бірақ ол уақытта Кулидің позициясы ғылыми болып саналмады, ал Мид психологиялық бихевиоризмнің ғылыми қағидалары мен әдістерін пайдаланып, сананың ғылымға жақынырақ тұжырымдамасын қалыптастырды.
Мид америкалық әлеуметтануға әлеуметтік-психологиялық теорияны ұсынды. Айрықша маңыздысы Зиммель болды. Осылайша, Зиммельдің әрекет пен өзара ықпалдасу туралы қағидасы мен санаға қызығушылығы өзара ұштаса отырып, символикалық интеракционизмнің дамуына негіз болды. Алайда мұндай көзқарас оның шығармашылығы мен жалпы символикалық интеракционизм қоғамдық және мәдени деңгейде сенімсіз деген ойға алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет