Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Чарлз Хортон Кули (1864–1929)



бет6/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
әлеуметтану балнур (1)

Чарлз Хортон Кули (1864–1929)


Кулидің Чикаго мектебімен байланысы ерекше, себебі ол өзінің ғылыми қызметін Мичиган университетінде бастады. Алайда Кулидің теориялық көзқарастары Чикаго мектебінің көрнекті бағыты болған символикалық интеракционизммен сәйкес келді. Кули әлеуметтік тап, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар сияқты ауқымды феномендерді теориялық тұжырымдауымен және әлеуметтік өмірдің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсінуге үлес қосуымен кең танымал болды. Кулидің бұл саладағы шығармашылығы оған қарағанда тереңірек әрі еңбектері өз кезінде әлеуметтануға үлкен ықпал еткен Джордж Герберт Мидтің шығармашылығымен қатар қойылып жатады. Кулиді сана қызықтырды, бірақ ол сананы әлеуметтік контекстен ажыратудан бас тартты. Мұны сипаттауда ең ұтымды мысал әлі күнге дейін маңызды айнадағы «мен» тұжырымдамасы бола алады. Кулидің көзқарасы бойынша, бұл тұжырымдама адамдарда сана бар және ол қоғаммен жалғасқан қарым-қатынас кезінде қалыптасатынын білдіреді.
Кулидің әлеуметтік-психологиялық санасын айқындап, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келе жатқан екінші негізі – алғашқы топ тұжырымдамасы болып табылады. Алғашқы топ – бұл нақты бір адамның қоғаммен байланысында негізгі рөлге ие, бетпе-бет, өте жақын қоршау тобы. Алғашқы топтар, алдымен жастар үшін маңызды, олар – отбасы мен құрдастар тобы. Мұндай топтарда индивид әлеуметтік жаратылысқа айналады. Көбіне алғашқы топта айнадағы «мен» эгоцентрлі бала басқа адамдарды да есепке алып, қоғамның мүшесіне айналған кезде пайда болады.
Кули де, Мид те адамдар сыртқы әсерлерге санасыз түрде жауап қайтарады деген бихевиористік көзқарастан бас тартты. Олардың ойынша, адамдарда сана, өзіндік «мен» бар және әлеуметтанушының міндеті – әлеуметтік шындықтың осы аспектісін зерттеу. Кули әлеуметтанушыларды өздерін зерттеу жүргізген адамдардың орнына қойып көруге шақырып, сананы талдау үшін симпатикалық интроспекция әдісін қолдануға үгіттеді. Зерттеп отырған адамның қай жағдайда қалай әрекет етуі мүмкін екенін ойласа, әлеуметтанушылар әлеуметтік ісәрекеттің негізінде жататын мақсаттар мен мотивтерді түсіне алады. Симпатикалық интроспекция әдісі көбіне ғылыми тәсіл болып көрінген жоқ. Мидтің бұл саладағы шығармашылығы Кулидің зерттеулерінен біршама басым түсті. Дегенмен олардың қызығушылықтары көбінесе бір сипатта болды, соның ішінде «әлеуметтану сана, әрекет және қарымқатынас секілді әлеуметтікпсихологиялық құбылыстармен айналысуы керек» деген пікірлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет