Смолл чикаголық мектепті дамытып, Гилман да «Әйелдер және экономика» атты еңбегін жаза бастаған кезде, афро-америкалық әлеуметтанушы Дюбуа Алдон Д. Моррис Атлантадағы әлеуметтану мектебінің жұмысын жолға қойды. Дюбуа Германиядағы ең беделді әлеуметтанушы ғалымдармен бірге оқып, докторлық дәрежесін Гарвардтан алды. 1897 жылы Пенсильвания университетінде бір жыл қызмет етіп, сол жерде өзінің ең маңызды эмпирикалық зерттеу жұмыстарын жүргізді, «Филадельфиялық қара нәсілді» атты кітабын жазды. Атлантадағы университетте алғашқы ғылыми әлеуметтану зертханасының іргетасын қалады. Өзінің ең танымал «Қара халықтың жандары» атты еңбегін жазып шығарды. Эмпирикалық жұмысынан бөлек «Қара халықтың жандары» атты туындысы арқылы әлеуметтану саласында жазудың жаңа үлгісін ұсынды. Сөйтіп, поэтикалық, автобиографиялық рефлексия және тарихи талдауын эмпирикалық ақпаратпен үйлестірді.
Дюбуа-Атланта мектебі қара нәсілді халықтың қалалық өмірін зерттеді. Алдон Д. Моррис оның мақсатын былай деп сипаттаған: «Әлеуметтік және экономикалық факторлардың нәтижесінде нәсілдік теңсіздік туындап, қара нәсілді адамдарды әлеуметтік тізбектің ең төменгі сатысына орналастырады деген гипотеза жасауға итермелейді». Дюбуа пікірін қолдайтын мектеп «әртүрлі зерттеу әдістеріне» жүгінді, соның бірі «Филадельфиялық қара нәсілді» еңбегінде қолданған әдіс болды. Қара нәсілді студенттер, Морристің айтуынша, Дюбуаның дәрісін тыңдап, эмпирикалық әлеуметтік ғылымы туралы білу үшін АҚШ-тың түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатты. Олар әлеуметтану зерттеулері нәсілдік теңсіздікпен күресуге, дискриминацияға және зорлық-зомбылыққа қарсы шығуға көмектеседі деп есептеді.
Дюбуа-Атланта мектебі бірыңғай мәселелерді зерттеуге ат салысқан, көзқарастары ұқсас адамдарды біріктіргендіктен, мектеп атанды. Осы «қара нәсілді әлеуметтанушылардың алғашқы легінің» қатарында Монро Уорк, кіші Ричард Райт пен Джордж Эдмунд Хайнес болды. Атланта мектебі жұмысының басты компоненті жылдық Атланта конференциясы еді. Бұл кездесу қара нәсілді студенттер, академиялық сала өкілдері мен қоғам мүшелерін біріктіріп, өзара пікір алмасып, жаңа зерттеулерге жол ашты. Конференцияларға, сондай-ақ Джейн Адамс пен антрополог Франц Боас сияқты танымал ақ нәсілді ғалымдар қатысты.
Дюбуа өзінің жетістіктеріне қарамастан, Атланта университетінен 1910 жылы шығып кетті, сөйтіп, нақты саяси жұмыспен айналысуға біржолата бет бұрды. 1905 жылы ол Монро Троттермен бірге Ниагара қозғалысын құрды, бұл азаматтық құқық ұйымы дискриминацияны сынға алып, саяси жұмыстар атқарды. 1909 жылы ол қара нәсілді халықтың прогресшіл Ұлттық қауымдастығының негізін қалауға көмек көрсетті, кейінірек осы қауымдастықтың The Crisis журналының редакторы болды. The Crisis журналында ол өзінің редакторлық мақалаларында АҚШ-тағы афро-америкалықтардың күнделікті өмірінде кезігетін күрделі мәселелерді көтерді.
Осындай түрлі қызметте жүрсе де, Дюбуа өзі «барлық тарихтың ортақ түйіні болады» деп санаған «нәсіл идеясынан» көңілі ешқашан ауытқыған емес және бұл ол үшін тек Құрама Штаттар шеңберімен шектелмей, әлемнің түрлі бөлігін қамтыған «түсті сызық» болды. Оның ең танымал теориялық идеяларының бірі афро-америкалықтар мен америкалықтар арасындағы анық жіктелуді немесе кедергіні тудыратын перде болды. Бұл – тас қамал емес, жұқа, нәзік нәрсе, ол арқылы нәсілдер бірін-бірі көре алады, бірақ осыған қарамастан, екі нәсілдің бөлінуіне қызмет етеді. Басқа маңызды теориялық идея – екіжақты сана идеясы «екімағыналық» немесе афро-америкалықтардың өзін өзгенің көзімен көріп, баға беру сезімі жайлы талдау болатын. Дюбуаның әлеуметтану саласындағы еңбектері өз кезінде ескерілмегеніне қарамастан, қазіргі күнде оның нәсілдік теориясының өміршеңдігімен бірге, жалпы әлеуметтануға бірегей көзқарас ұсынды.