Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Ерте кезеңдегі Америка әлеуметтануындағы әйелдер



бет9/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
әлеуметтану балнур (1)

Ерте кезеңдегі Америка әлеуметтануындағы әйелдер


Чикаго университетіндегі әлеуметтік ойдың өркендеуі Дюркгейм, Вебер мен Зиммель еуропалық әлеуметтанудың негізін қалап жатқан кезеңмен тұспа-тұс келді, міне, осы уақыт межесінде олардың кейбір идеяларын қолдап, кейбір ойларына қарсы шығатын, жаңашыл, өзара таңғаларлықтай байланысқан әлеуметтік реформатор әйелдер тобы да алғашқы әлеуметтану теорияларын дамытты. Олардың қатарында Джейн Аддамс, Шарлотта Перкинс Гилман, Анна Джулия Купер, Ида Уэллс-Барнетт, Марианна Вебер мен Беатрис Поттер Веббті атауға болады. Олардың ішінде тек Купер ғана ерекшеленуі мүмкін, қалғандарының барлығын Джейн Аддамспен байланыстырып, бір жүйеге біріктіруге болады. Бүгінде олардың әлеуметтанушылар мен әлеуметтану теориясы сияқты пәндердің тарихында белгісіз болып қалуы әлеуметтанудағы ішкі гендерлік саясаттың салқыны еді.
Олардың теорияларының негізгі ерекшелігі кәсіби әлеуметтанудың дамуынан тыс қалуына ішінара себеп: 1) әйел тәжірибесіне, өмірі мен жұмысына деген басымдық, ерлермен тең маңызға ие болуы; 2) олардың ерлер әлеуметтануы аясында көбіне беделді теориямен байланыстырылатын сындарлы объективтілікпен емес, тек қалыптасқан көзқарас тарапынан айтқанын түсіну; 3) әлеуметтану мен әлеуметтану теориясының идеясы дәл осы реформаларда болу керектігі, яғни адам өмірінің жақсаруы білім арқылы жүзеге асырылмақ; өмір құрылымының жақсаруындағы негізгі кедергі – теңсіздік екенін тұжырымдау. Осы әйелдердің бірбірінен айырмашылығы олар назар аударған теңсіздік түсінігінің сипаты – гендерлік, нәсілдік, таптық және осы теңсіздіктердің факторымен байланысты болды. Алайда аталған барлық әйелдер өз көзқарастарын әлеуметтіксаяси қызметтер арқылы іске асырды, олар өздері өмір сүрген Солтүстік атлантикалық қоғамдарды өзгертуге және теңдікті орнатуға септесті, олардың осы белсенділігі де теорияны жасаумен қатар әлеуметтануды тәжірибе жүзінде іске асырудың бір мысалы болды.
Шарлотта Перкинс Гилман (1860–1935). Осы ерте кезеңгі әйел әлеуметтанушылардың алғашқыларының бірі. Оның ең танымал теориялық туындысы – «Әйелдер және экономика» атты еңбегі. Ол өзі экономикадағы
«жыныстық экономикалық» деп атайтын қатынастың эволюциясын, қазіргі қоғам адамдардың негізгі қажеттіліктерін қаншалықты шектейтінін сипаттады. Ерлермен қатар әйелдердің де еркін, жаңашыл еңбек етулерін қалады. Алайда әйелдер үй шаруашылығынан босамайды. Олар ерлердің мүддесі үшін үй шаруасымен ғана айналысуға тиісті болды. Шығармашылық мүмкіндіктерін жоққа шығару оларға үлкен соққы болмақ. Гилманның ойынша, әлеуметтану құралдарының көмегімен адамдар гендерлік теңсіздікті жоюға қол жеткізеді. Ол өзінің теориялық идеяларына сүйене отырып, гендерге қатысты тең әлеуметтік тәртіп орнатудың жолдарын ойластырды. Осы тұжырымдары оны тек Құрама Штаттарда ғана емес, бүкіл әлемге белгілі феминист ретінде танытты. Ол ұсынған теориялар «Сары түсті тұс қағаз» сияқты танымал шығармашылық еңбектерде зерттелді. Гилманның эволюцияға байланысты көптеген ойлары ескіргенімен, оның экономикалық және мәдени салалардағы гендерлік теңсіздікке қатысты нақты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнде де өзекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет