Пәнінің оқу әдістемелік кешені 6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі


Дәріс 11. Топтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды арттыру



бет33/37
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135442
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
УМКД Сыни

Дәріс 11. Топтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды арттыру
Оқушылардың топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген.
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс сан алуан әрекеттері топта өтетіні белгілі. Осы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру олардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарын жақындастырады, топтық қарым- қатынастың дамуына септігін тигізіп, оқу тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Топтық жұмыстың құрылымы мына бөліктерден тұрады:
а) жұмыстың мақсаты: не үшін қолданылады және соңғы нәтиже қандай болу керек;
ә) жұмыстың мазмұны: негізгі пәндік бағыттары;
б) жұмыстың маңызы: әлеуметтік пайдалы бағыттылығы мен мотивтері, жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
в)жұмысты ұйымдастыру: ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, жұмыстың бірізділігі, мерзімін белгілеу;
г) жұмыстың технологиясы: тиімді тәсілді талдау, нақтылы білім, білік дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;
д) жұмыстың қарқындылығы, көлемі, оқушылардың жас ерекшелігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
е) жұмысты бақылау: критерилерге сипаттама, топтың қалыптасуының нәтижесі, білімнің меңгерілуі.
Топтық жұмыстың тиімділігінің міндетті шарты: оны басқара білу. Басқару үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (топтық жұмысты бағалау).
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ерекшеліктері
Топтық жұмыстың тиімді де қызықты болуы үшін мұғалімнің бойында қандай ерекшеліктер болуы керек?
-оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасайды;
- оқушылар бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұсынады. Көп жағдайларда, топ мүшелері арасында жұмыстың бастапқы кезеңінде қарым-қатынасқа түсе алмау, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды.
- топтың әр мүшесінің өз ойын айтып, іс-әрекетке енуіне жағдай туғызып, болып жатқан іс-әрекетті бақылап бағдарлайды.
- «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген бір жақты ой айтпайды, сондай-ақ, барлық пікір дұрыс деген жалаң ойдың жетегіне де ілеспейді.
- топ мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан тұстарын толықтыруға бағдар береді. Өзінің жұмысқа деген ынтасымен әр оқушыны алға жетелейді. Шағын топтардың жұмысының шығар биігін болжап, тиімді ой айтады. Топтың әр мүшесінің өсу жолын анықтайды. Сыныпта оқушылардың өздерін жайлы сезінуі үшін тиімді атмосфералық ахуал қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет