Дәріс 14. Сыни тұрғыдан ойлайтын тұлғаның ерекшеліктері
Сыни тұрғыдан ойлаушының негізгі сипаттамалары
Таңдау
Өз рөліңізді талдау
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру.
СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстривті-түсіндірмелі, өз бетімен іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңнің мақсаты бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастыру.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім–біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің мақсаты педагогтардың оқытуда жаттанды ақпаратқа қарағанда, ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салу үшін көмектесу. Осы мақсатқа сүйене отыра оқушылардың қала берді мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауы оқу үдерісінде үлкен рөл атқаратындығын байқадым. Себебі сыни тұрғыдан ойлау тек бір мәселе туралы ойлау емес, ол сол қарастырар мәселені жан-жақты зерттеу, талқылау, шешу жолдарын қарастыру және де баламалы немесе салыстырмалы жақтарын қарастыру болып табылады. Бұндай үдеріс оқушының дайын білімді ғана алмай, сол білімді өзі меңгеруіне үлкен себепші болады.
Дәстүрлі сабақтар мен бүгінгі тәжірибем негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтарда мұғалім тақырыпты өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріп отырады. Ал оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды, түсінгенін айтады, тапсырманы жеке орындайды. Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізген сабақтарымда мұғалім оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмалар береді, ал оқушылар болса өз ойларын еркін айтып, пікірлерін қорғауға, кез-келген мәселеге сыни көзқараспен қарайтынын аңғардым. Бұл сабақтардан оқушыларымның арасында өзгеріс, сабаққа деген бір қадам ынтаның бар екендігін байқай отыра, алдағы уақытта сыни тұрғыдан ойлауға негізделген тапсырмалар арқылы сабақтарымды өткізуге жұмыстанудамын. «Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» деген Александердің пікіріне сүйене отырып сабақ жоспарларыма сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін кірістіріп отырдым.
Сабақтың құрылымы «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» атты 3 кезеңнен тұратыны белгілі.
Өтілген тақырып бойынша өз білімін өзектендірді. Топ ішінде оқушылар өз ойларын айтып, сыни тұрғыда талдады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: оқушылардың ақпаратты сыни тұрғыдан талдауын, болжам жасауын, шешім шығаруын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, топтық іс-әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы» деп бағалаған. Сол себепті мұғалім ХХІ ғасырдың жаңа идеяшыл ұстазына айналу үшін, үнемі іздену үстінде жүріп, жаңа технологияларды тереңінен меңгерген жағдайда, өзінің білімі мен біліктілігін арттырған кезде ғана нағыз ұстаз.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адамның қандай қасиеттері бар?
Күшті сыни ойлаушылар келесі сипаттамаларды көрсетеді:
• мәселелердің кең ауқымына қатысты ізденімпаздық.
• жақсы хабардар болу және қалу туралы алаңдаушылық.
• сыни тұрғыдан ойлауды қолдану мүмкіндіктеріне назар аударады.
• өзінің пайымдау қабілетіне сенімділік.
• әртүрлі дүниетанымдық көзқарастарға ашық көзқарас.
Жақсы сыни ойлаушы дегеніміз не?
Жақсы сыни ойшылдар ақпаратқа немесе жағдайға қараған кезде мүмкіндігінше объективті бола алады. Олар фактілерге және қолда бар ақпаратты ғылыми бағалауға назар аударады. Объективті ойшылдар өздерінің эмоцияларын (және басқалардың) пайымдауларына әсер етпеуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |