Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы



бет44/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
7. Зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы


Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуы тиіс.Жоғары оқу орындарында білім беруде дәріс сабағы белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді.
Дәріс сабағында төмендегі қағидалар негізге алынады:

  • оқытушының ойын қысқаша жазуға үйреніңіз;

  • негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;

  • дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;

  • жиі кездесетін сөзді қысқарту жүйесін және оны белгілі бір белгімен ауыстырыңыз. Бұл сізге аз жазып, көп тыңдауға мүмкіндік береді;

  • дәрістен кейін жазғаныңызды бір рет қарап шығыңыз.

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында:
семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар;

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз;

  • әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз;

  • оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет