Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі. Мақала



бет46/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.
Мақала – нақты тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталған мәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.
Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады. Сондықтан егер жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис «Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді.
Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет.
Рефераттың құрылымы:
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.
2. Тақырыбы.
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.
Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті ре­фераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады.
Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Сонымен алғашқысында барлық негізгі шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі. Рефераттың екі түрі де бір түпнұсқа негізінде жасалынған монографиялық, не ортақ бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше еңбектің мазмұнынан тұруы да мүмкін.
Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады.
Реферат-шолу бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет