Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Семинардағы жұмыс кезіндегі үрдісте



бет45/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Семинардағы жұмыс кезіндегі үрдісте:

СОӨЖ-ны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі.
Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.
Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет