Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет48/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар).
Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.
Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру және т.б.
Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады.
Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі.
Портфолио – студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Онда студент өзінің жазба жұмыстарының үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде дәлел ретінде қолдана алады. Портфолионы электронды түрде де келтіруге болады. Портфолио бірнеше қызмет атқарады:
- жинақтаушы – студенттің жұмыстарының жиынтығы;
- үлгі – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы;
- ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынуға және т.б. мүмкіндік береді.
Портфолионың бөлімдері:

  1. Студент туралы мәлімет.

  2. Пәннің теориялық мазмұны.

  3. Студенттің жұмыс үлгілері.

  4. Студенттің жетістіктері.

  5. Студенттің ой-толғанысы.

Портфолионы бағалау критерийлері: барлық бөлімдердің болуы; өздігінен қосымша бөлімді енгізуі; зерттеу әдістері; дербестігі; материалдарды безендіруі; қорытынды жасауы; басқалардың пікірлері; ой-толғанысқа негізделген материалдары; портфолионы таныстыруы (жариялау, презентациялау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет