Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата28.09.2022
өлшемі379,41 Kb.
#40680
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Лекция №4. (1) 
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесіндегі үш кезең. 
 
1917-1927-әдебиет пәнінің қоғамтану шылауында болуы.Акад.С.Қирабаевтың пікірі қазақ 
әдебиетін оқыту көп уақытқа дейін қоғамтану пәнінің құрамында болып келді.Пәннің 
арнаулы курс есебінде мектепте оқытылуы біраз кешендікпен басталған іс.Ол кезде 


әдебиетіміздің тарихы жоқ болатын.Ретке келтірілген программалар мен оқулықтарға қазақ 
мектеперінің қолы тек отызыншы жылдардың аяқ кезінде ғана жетті.Осы кезеңнің өзіне 
лайық программалары , методикалық жүйесі болды., бірақ олардың мақсаты мен мазмұны 
анықталмады.Ә.Қоңыратбаев «1939 жылдан бастап 1-4-кластарда бастауыш оқу,5-7- 
кластарда әдебиеттік оқу жүйесі,8-10- кластарда әдебиеттің тарихи курсы түпкілікті орын 
алды.» Оқулық авторларының белсенділіктері (М.Әуезов «Оқу ісі»мақаласы, «Әдебиет 
тарихы »оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы, С. Мұқанов «Колхоз ауыл», «Жиырмасыншы 
ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығы, С. Сейфуллин қазақ мектептері үшін «Қазақ 
әдебиетінің қысқаша тарихы», М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIXғасыр мен XX 
ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» , С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың 
«Көркем әдебиет »оқулықтарына, Ә.Тәжібаев, Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақовтың оқулық 
хрестоматиясына шолу жасау.).1928-1938-әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде 
оқытылуы. ВКП(б)орталық комитетінің қаулылары.1929 жыл- ға дейін араб графикасы
1929-40 жылдар аралығында латын алфавиті,1940 жыдан соң орыс графикасына көшу 
әдебиет пәнінің қалыптаспауына әсерін тигізді.Бұл кезде қазақ әдебиеті пәні бойынша 
бағдарлама, оқулық , әдістемелік құралдар жазу тоқталып қалды.1939-1990-халыққа білім 
беру жүйесіндегі реформалар. Оның мектепте әдеби білім беру ісін жақсартуға рөлі.луінші 
жылдарда мектеп типі,программалар тұрақталды,оқулықтар мазмұны 
жаңартылды,әдістемелік құралдар жазылды.
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 
3. Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 
4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993 
5. Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу. Қаз. Мем.баспасы,1941. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет