2.Психолингвистиканың қазіргі күйі Психолингвистика дамуының қазіргі кезеңі (современный период) когнитивті ғылымдардың дамуына сәйкес келеді. Психолингвистика білім сипаты (характер знания), ментальды ойлау құрылымы және оларды логика секілді фундаментальды ақыл-ой процестерінде және шешім қабылдауда қалай қолдану жөніндегі сұрақтарға жауап беруге тырысатын когнитивті дисциплинаның бөліміне айналды.
Психолингвистиканың дамуындағы когнитивті кезең лингвистикалық теория приматынан біртіндеп алшақтауымен және басқа да фундаментальды психикалық процестер арасында тілдің алатын орнын анықтауға тырысумен белгіленді (ознаменовался). Когнитивті психология – адамдар қоршаған орта жөніндегі информацияны қалай қабылдайтынын, бұл информацияны адам қалай түсінетінін, оны (информацияны) қалай есте сақтайтынын және оның білімге қалай айналатынын, бұл білімнің адам көңіліне және мінез-қылығына қалай әсер ететінін зерттейтін психологияның бір бөлімі болып табылады.
Ресей психолингвистикасы, әсіресе мәскеулік психолингвистикалық мектебі мағыналық информацияны өзгерту процесін сипаттауды және сөйлеуді жасау, оны түсіну мен интерпретациясын қарастырды. Сонымен қатар, тілдік сананың қалыптасу және қызмет ету процестерінің анализіне үлкен көңіл бөлді. Ресейде Тіл білімі институтындағы психолингвистика және массалық коммуникация теориясы секторы психолингвистика ғылымының орталығы болып табылады (1958 жылы А.А.Леонтьев сектордың негізін қалаған, 1974 жылдан бастап Е.Ф. Тарасов секторды басқарады). Үш жылда бір рет бүкілресейлік симпозиум өткізіліп тұрады (соңғы симпозиум, ХІІІ, 2000 жылы Мәскеуде өткізілді). Жылына екі рет тақырыптық жинақтар жарияланады.
Португалияда Қолданбалы психолингвистиканың Халықаралық ұйымының штаб- бөлмесі бар. Халықаралық симпозиумдар үш жылда бір рет өткізіледі (соңғысы 2000 жылы жазда Францияда өтті).
Жапонияның Осаке қаласында Психолингвистиканың Халықаралық журналы «Адам коммуникацияның Халықаралық журналы» деген тақырыпшамен берілген. Журнал беттерінде мынадай тақырыптар айдары берілген: сөйлеуді түсіну және жасау; шет тілін меңгеру; аударма; тіл және білім алу жүйесі; билингвизм; сөйлеудің бұзылуы; сөйлеу технологиясы және адам коммуникациясының моделі; тілді игеру; психолингвистикалық аспектідегі семиотика; тіл және билік; әдеби көркем мәтін анализі; бұқаралық коммуникация құралдары.
Қазіргі таңда бұл дисциплинаның теориялық аспектісінің дамуында баяулылық байқалады. Алайда психолингвистиканың қолданбалы аспектілері үлкен перспективаларға ие болып отыр.