Пәннің мақсаты мен міндеттері


Табиғаттағы жануарлар тілі



бет20/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

1.Табиғаттағы жануарлар тілі
Адамның тілі шықылықтау, ысылдау, мөңіреу, ысқыру, ызыңдау және т.с.с. жануарлар әлемінде кездесетін коммуникативті құралдардың кішкене бөлігі ғана. Жан- жануарлар тілі сигнализацияның өте күрделі емес жүйесін құрайды. Түрлі модальдық реңкке ие сигналдар арқылы (дыбыс, қимыл-қозғалыс, тұрыс (поза), иіс, түр-түс және т.б.) жан-жануарлар бір-біріне маңызды биологиялық құбылыстар және жай-күйлер жайында (қауіп-қатер, дабыл қағу, қорқыту сигналдары, қырындау (ухаживание) және т.б.) информацияны жеткізеді. Сонымен қатар, жан-жануарлар азықтың орналасқан мекен- жайын, өзінің көңіл-күйін және ниетін де сигналдар арқылы білдіре алады.
Жан-жануарлар тілінің адам сөйлеу тілінен ең басты маңызды айырмашылығы – семантикалық қызметтің болмауы. Жан-жануарлар тілінің элементтері сыртқы заттарды дәл өздерін білдірмейді (не обозначает внешних предметов самих по себе), олардың (заттардың) абстрактылы қасиеттері мен қатынастары әрқашан нақты (конкретті) ситуацияға байланысты және конкретті мақсаттарға қызмет етеді. Сондай-ақ жан- жануарлар тілінде адамдардың сөйлеуінде маңызды рөл атқаратын болымсыздық функциясы жоқ. Жануарлар оқиға, құбылыстың өткен нақты уақытын көрсете алмайды, шартты райлы конструкцияларды (егер де) құрастыра алмайды және т.б. Жануарлар мен жәндіктердің әрбір сигналдарында белгілі бір мән бар. Күрделі құрылымдарды жасай алатын сигналдар комбинациясы жануарларда мүлдем кездеспейді. Екі жасар балалардың қарапайым екі-үш сөзден құралған былдырлары жануарлар коммуникациясында аналогтары (ұқсастары) жоқ. Тіпті жануарлардың эмоционалды күйін білдіретін көптеген сигналдары логикалық түрдегі ұйымдасқан информация секілді емес, эмоционалды қозу (заражения) механизмі бойынша әрекет етеді.
Жануарлар тілінің адам тілінен келесі бір ерекшелігі – генетикалық тұрғыдан бекітілген, нәтижесінде жануарлар тілі шектеулі сигналдардың жабық жүйесіне айналады. Әрине, мұндай сигналдардың мөлшері үлкен болуы мүмкін (мысалы, аралар информацияны таратуда тек қимыл-қозғалыстарды ғана емес, жанасуды да қолданады). Жалпы алғанда, кез келген жануар дүниеге келгеннен өз түрінің (вид) тілін және сигналдардың мәнін «біледі». Керісінше, адам тілі – ашық жүйе: ол генетикалық тұрғыдан бекітілмеген және үздіксіз дамып және өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет