Пәннің мақсаты мен міндеттері


Сөйлеуді қабылдаудың санасыздығы



бет26/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

1.Сөйлеуді қабылдаудың санасыздығы
Кітап оқып отырғанда немесе біреуді тыңдап отырғанымызда таңбалардан не дыбыстардан мән-мағына шығарып жатқанымызды сезбейміз. Өзімізге сезілместен қабылданатын сөйлеудің мағынасын ұғынуға өтеміз. Л.В.Щерба 1912 жылы-ақ жазған болатын: «Біздің сөйлеуіміз табиғи құбылыс болып кеткені секілді оның өзі қатысты заттармен бірлесіп кеткені соншалықты, біз оны заттардан бөлек қарастыра алмаймыз».
Оның пікірінше, сөйлеуді қабылдау барысында алынған адамдар бойындағы сезіністер мен нәтижелер санамызда екі түрлі бөлек уақыт ретінде ажыратылмайтынымен байланысты. Басқаша айтқанда, біз сезімдегі объективті түрде берілген түйсіктерді және біздің қабылдауымыздың нәтижесінің шекарасының айырмашылықтарын сезіне бермейміз. Алайда сөйлеуді түсіне білу туа біткен қабілет емес: ол біздің дүниені тану немесе тілдің грамматикасын меңгеруге байланысты қалыптасады.
Сөйлеуді қабылдаудың деңгейлігі
Егер қабылдаудың физиологиялық жағын айтатын болсақ, онда ол жеткілікті түрде күрделі жүйе екенін атап өткен жөн. Мағыналық қабылдау немесе мағынаны түсіну (смысловое восприятие) бұл физиологиялық субстраттың психикалық қызметі болуына қарай, ол сонымен қатар деңгейлік құрылым (уровневая структура) ретінде сипатталады. Сонымен тілдік хабарды қабылдаудың деңгейлік құрылымы осы процестің сатылы түрінде де, сондай-ақ сөйлеу сигналын өңдеуде бірізділік түрінде де байқалады. Айталық, егер біздің түйсігіміздің объектісі оқшауланған дыбыстар болса, онда қабылдау қарапайым психикалық актілерді анықтап тану және білудің ең қарапайым деңгейінде өтеді. Дыбыстарды дүркін-дүркін көп мәрте ажырату нәтижесінде адам санасында жаңа элементтерді қабылдауда адам сүйенетін сөздер формасының бейнесі қалыптасады.
Сөйлеуді қабылдаудың саналығы
Реципиент (лат. recipientis – қабылдаушы, алушы) тілді қабылдаудың барлық деңгейінде тілдік құрылымдарға мағына таңуға тырысатыныны өте маңызды момент екенін атап өткен жөн. Төменде берілген жалған сөздерден құрылған (1) фразаның өзі (Л.В.Щерба ойлап тапқан) тілдік элементтер тіркесінің заңдылықтары және дүние жөнінде ең аз түсінігі негізінде мағынасы түсіндірілуі мүмкін.
Глокая куздра штеко будланула бокра и кудрячит бокренка.
Орыс тілінде сөйлейтін адам үшін бұл жалған сөйлемді құраған барлық жалған сөздер орыс тіліндегі сөздердің морфологиялық және синтаксистік белгілеріне ие. Мұның өзі белгілі хабар ретінде фразаның жалпы құрылымын түсінуге көмектеседі, яғни бұл жалған сөйлемде қандай да бір субъект (куздра есімді) қандай да бір іс-әрекет жасайды (буланула және кудрячит). Бұл іс-әрекеттердің объектілерінің бірі қандай да бір мужской родта (бокр), келесі біреуі оның төлі (бокренок) болып табылады.
Демек, бұл фразаны орыс тілінде бұлайша аударуға болады.
(1) Дикая корова сильно боднула быка и ласкает теленка.
(2) Ловкая кошка быстро поймала мышь и выманывает мышонка.
Ағылшынның атақты жазушысы Льюис Кэрролдың балаларға мүлдем арнала қоймаған «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаның басынан кешкендері» деген кітабында да жалған сөйлемдермен эксперименттері де осы тілді қабылдаудағы саналылық принципіне негізделген (13):
(13) Варкалось. Хливкие шорьки пырялись по наве. И хрюкотались зелюки. Как мюмзики в мове.
Қазақша варианты:
(14) Қаудан қор-қор жербіз телді және сыны
қабадарға пемді. Қуаныш көп-көп қарбыз жеді және оны
балаларға берді.
Тілді қабылдаумен байланысты феномендердің бірі «сатиация» болып табылады. Сатиация – бұл сөздердің бірнеше рет қайталануы немесе ситуациядан тыс қолдану нәтижесінде мағыналарының жоғалтуы. Айталық, социализм дәуірінде жарнамалық хабарландыруда бір сөзді (15) бірнеше рет, әсіресе жанама септікте қолдану мағынасын жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін.
(15) ТРЕСКА – полезная рыба. В ТРЕСКЕ много витаминов.
ТРЕСКУ можно готовить по разному. ТРЕСКОЙ можно кормить детей.
Покупайте ТРЕСКУ в рыбных магазинах.
Қазақша варианты (16):
(16) АРА – пайдалы жәндік. АРАДА ұжымдық қасиет бар.
АРАНЫ қолда бағып, бал өндіруге болады. АРАМЕН Алтай өңірінде көп айналысады. АРАНЫ бостан-босқа өлтірмеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет