1.Сөйлейтін жан-жануарлар
Үй жануарлары бар адамдар жануарлар тіліне «ресми-ғылыми» көзқараспен қараудан бас тартады. Мысық, ит және тотықұстардың иелері өздерінің жануарлары күрделі тілдік айтылымдардың мағынасын тіпті бірінші рет естіп тұрса да түсіне алатынына мысал келтіріп жатады.
Бірқатарларының айтуынша,үй жануарлары адамдармен тілдесу барысында өздері үшін «табиғи емес» өзгеше тілдік сигналдарды шығарған. Дегенмен, кейбір тіл фрагменттерін пассивті игеруі жайында ғана айта аламыз. Жануарлардың адам тілін қолдануды үйрену мүмкіндігі ертеден адамдарды қызықтырған. Ғылыми бағыттағы мұндай ұмтылыстар тек адам баласына тән интелект немесе ерекше тілдік қабілетке жануарлардың қабілеті жете ме деген сұрақтарға жауап беру ниетінде жүзеге асты.
Адам тілін үйрену үшін ең белгілі кандидат шимпанзе болып табылады. Себебі оның генетикалық коды адаммен 98,4% сәйкес келеді. 1940 жылдары американдық зоологтар Кэти және Кейт Хайес (Cathy and Keith Hayes) жанұяларына өздерінің ұлдарымен бірге тәрбиелеу үшін ұрғашы шимпанзені асырап алады. Үш жылдан кейін Вики есімді маймыл (Vicki - the speaking chimp) тек тӛрт ағылшын сөзін айтуды үйренген (1-4)
Жануардың сөздері Транскрипция Аудармасы
(1) mama мама мама
(2) papa папа папа
(3) up ап жоғары
(4) cup Кап саптыаяқ (чашка)
1971 жылы американдық ғалым Дэвид Премак (Premack) Сара есімді маймылды құрамында түстерді (қызыл, көк), жемістерді (банан, шабдалы), іс-әрекеттерді (жуу, турау, алу) және бірнеше функцияларды (мысалы, сұрақ) білдіретін 130 магниттік карточкалардың көмегімен тілдесуге үйреткен. Сӛздердің (5) жасанды бірнеше тіркесінен тұратын типтік фразаларға Сара болымсыз түрде жауап берген. Маймыл айтарлықтай қысқа мерзім ішінде мұндай примитивті синтаксисті меңгеріп алды.
Жануарға арналған фраза Дұрыс фраза
(5) Question banana red Is the banana red?
аударма Сұрақ банан қызыл Банан қызыл түсті ме?
Келесі бір американдық приматологтар жанұясы, Рамболар (Rambauhs), Лана (Lana the computer chimp) есімді шимпанзені «еркиш» (Yerkish) деп өздері атаған қарапайым жасанды тілге үйреткен. Экспериментте объектілер мен іс-әрекеттерді білдіретін жеті түрлі түсті болып келген тоғыз түрлі геометриялық формалардың жиынтығынан тұратын фигуралар қолданды. Лана қажетті сөйлемдерді (6) жасау үшін компьютердің перне тақтасындағы белгілі бір пернелерді басуы керек. Лана жүздеген осы секілді сөйлемдерді құрастырды. Мұның өзі ғалымдардың жануарлардың тілге деген қабілеті шектеулі деген қорытынды шығаруына мүмкіндік берді.
Жануар фразасы Аударма
(6) Please machine give milk Өтінемін, машина, бер сүт.
1964 жылы американдық зерттеуші Лилли (Lilly) дельфиндерді ауа жұту арқылы адам тілінің дыбыстық имитациясы болып келетін дыбыстар шығаруды үйретуге тырысқан. Жас еркек дельфин Эльвар «скуирт» (ағыл. squirt – су тарамдары (струйка) сөзін еске түсіретін дыбысты айтуға үйренген.
1979 жылы Гавай университетіндегі Луис херман екі дельфинге арналған арнайы бағдарлама дайындаған. Феникс есімді дельфинді дыбыстық тілді түсінуге, Акекамаи есімді дельфинді жест тілін ұғына білуге үйреткен. Оларды объектілер, іс-әркеттер және тіпті түстердің атауларын білдіретін 30 сөздерді түсінуге үйреткен. Дельфиндер жеке заттарды әкелуді үйренген, сонымен қатар, олармен (заттармен) бірқатар әрекеттер жасауды үйренді. Бұның өзі дельфиндер табиғи тілдегі (естественного языка) сөздер тәртібін меңгере алады деп айтуға мүмкіндік берді.
1966 жылы американдық приматологтар Ален және Беатрис Гарднер (Alen and Beatrice Gardner) шимпанзенің баласына модифициалық американдық керең-мылқау тілін үйретуге тырысты. Төрт жылдан кейін Вашо (шимпанзенің есімі) 130 жесттерді қолдана білді және екі-үш сөзді сөйлемдерді жасады (9-10). Егер үш жаста балалар мыңдаған сөздерді білетін және күрделі фразаларды құрай отырып, күрделі синтаксисті меңгере алатын болса (11), ал Вашо екі жасар баланың деңгейінде қалды.
Сонымен қатар, бұл маймылдың баласын адам мәдениетінің негізіне және құралдарды (қасық, шанышқы, пышақ т.б.) қолдана білуді үйретуге тырысты, тіпті керең- мылқаулардың тілін меңгерген маймылдар қоғамын құру идесын жүзеге асырмақшы болып тырысты. Алайда бұл ісі табысты болмады.
Франсин Пэттерсонның үйретуі бойынша, Коко есімді горилла американдық керең-мылқаулар тілінің 375 жестін қолдана білген және метафоралар қатарын құрай да білуімен белгілі болған (12-14), дрессировщиктің айтуына қарағанда, маймыл әзілдей де, тіпті алдай да білген, алайда бұл үшін жеткілікті дәлелдемелер келтірілмеген.
Жануар метафорасы Сөзбе-сөз аудармасы Мағынасы
(12) Eye-hat көз-қалпақ маска
(13) White-tiger ақ-жолбарыс зебра
(14) Finger-necklace саусақ-білезік жүзік
Американдық зерттеуші Герберт Террас та шимпанзені модифициалық керең- мылқау тіліне үйреткен. Маймыл екі-үш-төрт сөзді сөйлемдерді құрай білген (15-19). Алайда Ним (шимпанзе) ұзақ сөйлемдерді құрастыру барысында, негізінен, ұстаздың жесттерін қайталай отырып, сөздерді қажетті сөйлемді құрастырғанға шейін кездейсоқ түрде қоса берген екен.
Зерттеуші бұдан мынадай қорытынды жасайды: шимпанзе тілдің элементарлы аспектілерін және жеке сөздерді меңгеруге қабілеті бар. Бұндай қорытынды Хомскийдің жануарлар сөйлеуді үйрене алмайды деген пікірін жоққа шығарды (Наом Хомскийдің есіміне пародия ретінде бұл маймылдың атын Ним Химский деп атаған).
Жануардың фразасы Сөзбе-сөз аудармасы
(15) More drink Тағы ішу (еще пить)
(16) Tickle Nim Нимнің көңілін аула (развлеки Нима)
(17) Banana Him eat Банан Ним жеу (банан Ним есть)
(18) Eat drink eat drink Жеу ішу жеу ішу (есть пить есть пить)
(19) Banana me eat banana Банан маған жеу банан (банан мне есть банан)
Хомскийдің пікірінше, жануарлар ерекше тілдік қабілеттің болмауына орай сөйлей алмайды. Белгілі француз психологы Жан Пиаженің және бірқатар ғалымдардың тұжырымдауынша, адам тілі секілді күрделі құбылысты меңгеруге қажетті жалпы интелект жануарларда жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |