Тірек сөздер: Сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасау (речепроизводство - производство речи), тілдік қателер, стохастикалық модель, тікелей құрастыру бойынша анализ, трансформациялық грамматика, ішкі сөйлеу.
Тілдік қателер
Сөйлеуді жасау тікелей бақылауға қолайсыз болуына қарай, тек оның аралық және соңғы өнімі бойынша ғана ол жөнінде талдауға болады. Алайда сөйлеушінің түпкі ойына соңғы өнім – мәтін және пікір айту сәйкес келе бермеуі мүмкін. Себебі сөйлеу барысында адам сөйлеуде кідіріс жасайды, тоқтап қалады, сөздерді алмастырады немесе тіпті фраза құрылымын өзгертеді, өз-өзінің қатесін түзейді және нақтылады. Табиғи сөйлеу процесі осындай жаңылуларға (сбоев) ие болғандықтан, көптеген зерттеушілер сөйлесім әрекетінің жасалу ережесі тілдік қателерді бейнелейді деп табады.
Психолингвистикада сөйлесім әрекетінің жасалуы мен қабылдауына байланысты орасан зор материал жиналған. Айталық, 1895 жылы тілдік қателердің атасы деп саналатын Мерингер деген біреу ауызша және жазбаша тілдегі 8000-нан астам қателердің, сондай-ақ дауыстап оқу барысында жіберілетін қателердің тізімін жариялаған.
Тілдік қателерге кідіріс (пауза), тербелу (колебания), түзетулер (исправления), қайталамалар (повторы) және орнын басу (замещения), сондай-ақ жаңылыс айтылу (оговорки). Виктория Фромкина жаңылыс айтылған сөздерді (оговорки) 4 типке бөледі: ауыстыру (подстановка), орнын алмастыру (перестановка), қалдырып кету (опущение), қосып алу (добавление). Оның пікірінше, бұл типтер фонема, буын, сөз және синтагмалардың психолингвистикалық шындыққа ие екенін растайды.
Жаңылыс сөздер сөздерді буынға құрылымдық бөлу заңдылығына бағынады. Соның ішінде, сөйлеуші айтуға ниеттелген сөздің алғашқы буыны басқа сөздің алғашқы буынымен алмастырылады; ортаңғы буын ортаңғы буынмен; соңғы буын соңғы буынмен алмасады (бұдан ауытқу болу мүмкін емес). Екінші сөздің соңғы фонемасы бірінші сөздің алғашқы фонемасымен ешқашан араласпайды. Осы заңдылық буын сөйлеуді жоспарлаудың бірлігі болып табылатынын дәлелдейді.
Сонымен қатар, дауыссыздардың қатаңдауы немесе ұяңдауы, белгілі бір тілге тән (мысалы, назальдылық-мұрын жолды дыбыс) фонологиялық белгілердің пайда болуы немесе жоғалуы секілді құбылыстардың болуы мүмкін. Мысалы, сөз тіркесінде (9) қатаң дыбыс ұяңға, ұяң дыбыс қатаңға алмастырылады (10). Егер сөйлеуші ұяң дауыссыздан бастауды ұйғарған болса (13 немесе 14), бірақ қатаң дауыссыз болып шықса (14 немесе 16), мұндай жағдайда қатаңдық белгіні алдын-ала болжап қою жайында (о предвосхищении признака глухости) айтуға болады. Сонымен жаңылыс айтылатын сөздердің бірінші заңы бойынша (первый закон оговорок), берілген тілдің дыбыстық контексті үшін тек фонологиялық жағынан мүмкін тілдік қателер ғана байқалады.
Тілдік қателердің 87% сөз таптарының бірінде қайта-қайта кездесе беретіндігі белгілі. Көмекші сөз таптарында, айталық, шылау, предлог және есімдіктерде қайталамалардың 90%-і кездеседі. Бұл жағдайда, негізінен, атаулы сөз таптары – зат есім, етістік, сын есім және үстеулер түзетулерге ұшырайды.
Жаңылыс жазылған сөздер (описки) емле қателеріне қарағанда жазу барысында туындайтын стандартты емес қателер ретінде қабылданады. Фонетикалық принципте жаңылыс жазылған сөздердің 20%-і негізделген. Бұған қарағанда графикалық бейнесіне ұқсастығына байланысты туындаған қателер аздау. Сонымен қатар, қалдырып кетулер (пропуски), алмастыру және қосып алу да кездеседі. Морфемдік деңгейдегі жаңылыс жазылған сөздер де қалдырып кету және қосып алу секілді тілдік қателер бар. Сөздің екі сегменттерін (бөлшектері) ауыстыруға негізделген қателер де айрықша көрінеді. Бұл қателер Оксфорд колледждерінің декандарының бірі Вильям Спунердің (1844-1930жж) есімінен келіп шыққан «спунеризмдер» деген атпен белгілі. Бұл кісі артында үлкен көлемде қызықты мысалдар (28-31) қалдырған. Бұларды орыс тілінің еркін аудармасында береміз, себебі тілдік ойындардың сөзбе-сөз аудармасы, негізінде, мүмкін емес.
Тілдік қателердің ішінде кейде дұрыс қолданылмаған сөздер ерекшеленін тұрады. Мұндай қателерді аллигатор және аллегория деген сөздерді шатастыратын Шериданның«Бәсекелестер» пьесасының комикалық кейіпкері Мадам Малапроптың есімінен келіп шыққан малапропизмалар деп аталады. Бірқатар зерттеушілер сөйлесім әрекетінің жасалу процесінің сөйлеуді қабылдау процесіне ұқсас бейнелілігі жайында жазып жүргендіктен, тілдік қателер аясында сөйлеуді қабылдаудағы қателер проблемасын да қарастырған орынды болып табылады. Жаңылыс жазылған сөздермен қатар сөйлеуді қабылдауда кездесетін қателер де кездеседі «жаңылыс есту» (ослышки). Тілдік қызметте жаңыылыс есту бір сөздің шегінде дыбысты шала естумен де (32) және сөздер аралығында дыбыстар тіркесін (33) дұрыс естімеумен де байланысты болуы мүмкін.
(32) икра > игра – тал > дал; хал >қал.
(33) – Ты кто такой? – Я писатель-прозаик. – Про каких таких заек? Кідіріске келетін болсақ сөйлемде 40-50%-ке дейін орын алады, әрі оның жартысынан көпшілігі грамматикалық бөліктердің (синтагмалар арасында) табиғи шегінде орын алады. Сөйлеу бөліктерінің көпшілігі 6 сөздің көлемінен аспайды. Айталық, Жаңа жеккен ат// басымен алысты.- Жаңа жеккен ат басымен// алысты. Как удивили его// слова брата – Как удивили его слова// брата. Алғашқы сөйлемде ат сөзінен кейін кідіріс жасалғанда, аттың өз басымен алысты деген мағынаны түсінеміз. Ал басымен деген сөзден кейін кідіріс жасалғанда, біреудің ат басымен алысып жатты деген мән ұғынылады.
Жалпы алғанда, тілдік қателер фонологиялық, морфологиялық, просодиялық, семантикалық, синтаксистік секілді тілдік деңгейлердің болу заңдылығының дұрыстығын растайды және сөйлесім әрекетінің жасалуында адам бұл деңгейлердің бірліктеріне сүйенеді деген фактіні дәлелдейді.