1.Сөйлеудің пайда болу теориясы Филогенезде сөйлеудің пайда болу теориясына қатысты бірыңғай пікірлер жоқтың қасы. Тіл 50 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болды деген болжам бар, бірақ нақты айғақ жоқ. Париждік лингвистикалық қоғам 1865 жылдың өзінде-ақ тілдің пайда болу жөніндегі кез келген гипотезаларды «пайдасыз» және «нәтижесіз» деп қарастыруға тыйым салды. Ал Лондон филологиялық қоғамының президенті 1873 жылы тіпті былай деп мәлімдеген болатын: «Мұндай сұрақтар филологиялық мәселелерге жатпайды деп есептеймін».
Ресей тілдік қызмет теориясына сүйенсек, сөйлеу еңбек процесінде, яғни затқа әсер ету процесінде пайда болған. Көбінесе, ұжымдық еңбекте жеке адамның әрекеті қызметтің жетекші мотивіне сәйкес келмеуі мүмкін. Айталық, аңшылардың бір тобы аң аулаудың орнына оны орға қарай құлату үшін өздерінен үркітіп отырулары тиіс. Мағынасы жағынан қызметке қарама-қарсы қойылған, бірақ онымен жалпы мотиві (мәні) бойынша байланысты әрекет туындады. Алайда тілдік белгілерді қолдану нәтижесінде еңбекші ұжымның мүшелерінің әрекетін үйлестіру (координировать) мүмкіндігіне ие болды және тіпті адам еңбек етуде физикалық қимыл істемей, тек тілдік әрекет жасайды. Осылайша тілдік қызмет физикалық, реальды әрекетті алмастырып, басқа адамға әсер ету функциясын орындайды.
2.Сөйлесім әрекеттің жасалуының модельдері Модель – бұл объектіні маңызды белгілері бойынша құрастыру.
Психолингвистикада сөйлесім әрекетінің жасалуының бірнеше модельдері бар.
Алғашқыда сөйлесім әрекеті жасалуының модельдері өзінің мәні жағынан ізінше өңдеу (последовательной обработки) модельдері болды. Олар адам алдағы өткен деңгейде жұмысты аяқтағаннан кейін әрбір кезекті деңгейге өтіп отырады деп жорамалдайды. Тек кейінірек тілдік ақпаратты паралельді өңдеу моделі пайда болды. Олар сөйлеуді көптеген деңгейлерде бір мезгілде өңдеу мүмкіндігін мойындауға негізделді.
Ең алдымен, хабарлау жайында, сосын грамматикалық жағынан дұрыс сӛөйлем жайында, кейінірек пікір айту жайында айтылады. Жол-жөнекей ескерте кетейік, ресейлік психолингвистикада мәні жағынан лингвистикалық болып табылатын «сөйлем» термині іс жүзінде қолданылмайды. Сондай-ақ тағы ескерте кететін жай, соңғы уақыттарда сөйлеушіні (автор), тыңдаушыны (адресат), сондай-ақ біріншінің екіншіге тілдік құралдар арқылы әсер ету ниетін болжайтын дискурс пікір айту ретінде жиі айтылып жүр.