Мәдениет. Кейінгі орта ғасырлардағы Жапон мәдениеті Хэнандық сарай
ақсүйектері мен әскери-феодалдық дворяндар мәдениеттерінің элементтері
біріктірді. Жапондықтардың санасезімдерін, эстетикалық талғамдарын
қалыптастыруға сондай-ақ Қытай мәдениеті мен дзэн сектасы да ықпал етті.
Адамдардың әсемдікке, сән-салтанатқа деген ынта-ықыласы арта түсті.
Жаңа талғам, көзқарас, әсіресе сәулет өнері мен бақтарды безендірге
айқын көрініс тапты. Оған Киотада сақталған Нандзэндзи, Токуфукудзи
монастырлары мен XIV ғасырдың аяғы- XV ғасырдың ортасында салынған
Асикага сегундары Кинкакудзи мен Гинкакудзидің резенденцияларынан көз
жеткізуге болады. Бұл кзде икэбана деп аталған гүл шоғын құрастыру өнері
кеңінен дамып, жетіле түсті.
Кейінгі орта ғасырлардағы беінелеу өнерінің көрнекті өкілдері Сэссю
(1420-1506), Кано Масанобу (1434-1530), Кано Мотонобу (1476-1559) болды.
Ғылым дамып , білім беру ісі де жетіле түсті. 1633 ж. Эдо қаласында өкімет
қызметкерлерінің даярлайтын Академия ашылды.
Театр өнері де жаңа табыстарға қол жеткізді. XIV ғасырда қалыптасқан
Ноо театры XV ғасырдан бастап сегундардың қамқорлығына алынды. Тез
қарқынмен дамып келе жатқан қалалардың қарапайым халқының мүддесін
білдіретін Кабуки деген тірі әрістің театры мен Нинге дзерури деген
марионеткалар театры мәдени өмірде үлкен рөл атқарды. XVII ғасырдың
ьасында ашылған Кабуки театрының негізін храмдық биші, әнші Окуни
қалады. Алғаш Кабукидің трупасында тек әйелдер ойнады. 1629 ж. өкімет
әйелдердің ойнауына тыйым салды. Енді театр сахнасында тек жас ұлдар мен
жігіттердің ойнауына ғана рұқсат берілді.Бірақ 1652 өкімет бұл театрлы да
арсыздар деп таратып жіберді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
XVI ғ екінші жартысында сауда жасасқан көпес?
2.
1568-1582 жж ең бірінші рет елді біріктіру ісін басқарған феодал?
10 Дәріс. Иран XV-XVII ғғ.
Негізгі сұрақтары:
1.
XVI ғ. басындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы.
2.
Сефевилер мемлекетінің құрылуы.
3.
Исмаил Сефеви және алғашқы жаулап алушылықтары.
XVI ғ басында сефевидтік билеушілер иран жерін біріктіру үшін және
жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыс жүргізді. Шах Исмаиле (1502-1524
ж.ж) кезінде бүкіл Батыс Иран мен Муша’ша мемлекеті бағындырылды.
Парсы жауынгерлері Иракты және шииттердің қожылық ететін жерлердің
(Кербала және Неджеф) басып алды, ол жерді маңызды сауда жолдары
қиылысқан. Бұл кезде Солтүстік шығыста өзбек шаруашыларының басып
кіру қаупі төніп тұрды, олар 1507-жылы Тимуридтердің хорасындық
жерлерін жаулап алды. 1910-жылы Өзбек ханы Шайбанидтің әскери
Мервам түбегінде қызылбасшыларға соққы беріп, Хорасанда тұрақтанды.
Одан кейін 1514-жылы Сефевидтер мен Осман Түркілері мемлекеттердің
арасында Закавказье, Күрдістан және Месопатамия жерлерін билеу үшін
40-жылға созылған соғыс басталды.
1514-1555-жылдары иран шахтары мен Осман сұлтандары арасындағы
соғыс бай жерлерді иемдену мақсатында туды. Түрік және Иран
феодалдары Закавказье мен Бағдатты басып өтетін Европа мен Азия
арасындағы сауда жолын бағындыруды көздеді.
1514-жылы Селим 1 сұлтанның әскері кіші Азияда 40 мың шиитті
қырып тастады, ал түрік әскері Чалдыран жазығында қызылбасшыларды
қиратып Тебризді алды. Янычарлар арасындағы көтерілістер және
Азербайжан халқының қарсылығы түріктерді бұл жерлерді тастап кетуге
мәжбүрледі. Бұл соғыс ұзаққа созылып ең ақырында Амасьидада
достастық шартына қол қоюмен аяқтады. Шарт бойынша Сефевидтер
Түріктерге Иракты, Батыс Грузияны, Арменияның жартысын және
Васпуракана тауларын берді.
Бір уақыт ішінде түріктермен Сефевидтер өзбек хандарына қарсы
Хоросане мен Астрабаде қалаларында соғыс жүргізілді. Бұл соғыс
негізінен тонаушылық, қалалар мен ауылдардың қирату мақсатында
жүрді.
XVI ғ 60-70 жылдары салық өсіп жергілікті тұрғындардың қалі
ауырлады. Онымен қоса соғыстарға байланысты ауылшаруашылығы
әлсіреді. Мемлекет бойынша чума эпидемиясымен аштық басталды.
Антисефевидтік күреске 1969-жылы болған Гиляндық көтеріліс себеп
болды. Сефевидтіктерге бағынбай тұрып Гиляндықтардың екі хандығында
өз династиялары билік жүргізді. Сефевидтіктер хандықты басып
алғаннан кейін Гилянда өз тәуелсіздігін қайтару үшін күрес жүрді.
Гиляндықтар 18 мың көтерілісші жинап өздерінің өкілін тағайындады.
Шах жарлығы бойынша Гилянға қызылбасшылар әскері жіберілді.
Гиляндық көтеріліспен бірге 1571-1573 жылдары Тевризде де
көтеріліс болды. Тевриз қаласы үлкен сауда орталығы болды. Онда 30
мыңдай адам тұрды. Бірақта ол қала түріктердің үш рет соққы беруінен
қираңқырап қалды. Көтерілістең басты себебі болып жергілікті билеуші
таптың халық қозғалысында қаза тапқан жергілікті тұрғынның жерлеуіне
қарсылық көрсетуінен туды.
Көтерілістердің басталуына пехлевандар цехы маңызды роль
атқарды. Басқарушы пехлеван Яри болды. Тахмасп 1 Тевриз қаласына
жаңа билеушіні тағайындауға жәжбүр болды. Ол кварталдардың
үлкендерімен сөйлесіп, көтерілісті тоқтатуын сұрады. Жаңа
тағайындалған билеушінің жауынгерлеріне көмекке билеуші
Қарадаганның әскері келді. Олар көтеріліске шыққан кварталдырды
қоршап алып, қиратты. Көтерілістің басшылары олардың ішінде
Техлевандар Яри, Аваз және Гекча, сукновал Шунджи, етікші Хасан және
тағыда 150 кісіні өлтірді. Тағы да көтеріліске жол бермеу үшін Шах
Тевриз қаласына барлық салықтан басты. Сөйтіп тевриздіктер
көтерілістің арқасында барлық салықтардын құтылып, қаланың ары
қарай гүлденуне мүмкіндік алды.
XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында Иранның
экономикасы гүлденді, соның негізінде сефелидтер мемлекеті күшейді.
Шах Абасса 1 (1587-1629) билік еткен кезде билікті орталықтандыру үшін
реформалар қолданылды.
Аббас 17 жасында қызылбасшы таипаларының ішінен Шах болып
сайланды, бірақ ал өзін қолдайтын кісілерге Сүйінбай өз билігін жүргізе
бастады. Бірақ бұл уақытта түрік-османдары Сефевидтер мемлекетіндегі
таққа таласты. (1576-1587) қолайлы пайдаланылды. Азербайжан мен
Иракты басып алды. Шығыста өзбек феодалдары харасанды тағы да
басып алды. Онымен қоса Мешосед пен Герад қалаларында басып алды.
1590-жылы түріктермен Станбулдық бибітшілдік шартын жасады, ал
шарт бойынша Осман империясына Шығыс Грузияны, Шығыс
Арменияны, Күрдістанды, бүкіл БАзербайжанды және Луристанның
жартысын берді. Содан соң шах Аббас өз елінде өз билігін нығайтып
алып әскермен бірге шығысқа қарай жылжып ол жақта өзбек хандарын
қырып Нишапур, Мешосед, Герад және Мерв қаларын басып алды. Ішкі
және сы ртқы саясаттағы алғашқы жетістікткрінен кейін шах Аббас
билікті орталықандыру саясатына белсене кірісті.
Әскери реформаның орынддалғанынан кейін шах Аббас 1 тұрақты
әскер құрды. Ол әскер құрамына 12 мың атқыштар Кавказдықтардан
құралған 10 мыңдық атты Гуляндар 12 мыңдық артилеритар корпусы
кірді. Әсіресе 500 пушкадан тұратын артеллеристар паркы мен
артеллеристар дайындығына көп көңіл бөлді.
Шах қызбасшы тайпалардың көтерілісін басып тастап отырды.
Сөйтіп, 1596 шах Аббастың бұйрығы бойынша қызбасшылар текелі
тайпасын қырып тастады, бірақта шахқа беріліп қызмет еткен
тайпаларда болды, ол «шахсевен» деген атақ алды. Әскери реформаны
жүгізгеннен кейін шах Аббас 1 1602-жылы Түріктерге қарсы соғыс ашты.
10 жыл ішін ол түріктерден Азербайжанды, Луристанды, Күрдістанның
жартысын арменияның шығысына және Грузияның шығысын қайтарып
алды. Бұл соғыс Закавказия халықтарына өте ауыр тиді. Сефевидтар
өздерінің ішкі саясатында да өте қатаң болды. Сөйтіп, Аббас 1
жарамсыз әскер басшыларын өлтіріп отырды. Өзінің бір ұлын өлтіріп
қалған екеуінің көзін ойып алды.
Орталықтандырылған саясат орнағаннан кейін жер бөлу мәселесі де
өзгерді. Мемлекет иелігіне жататын жерлер кеңейді, сонымен қатар
шачтың иелігіне жататын жерлер де кеңейді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
Бүкіл Батыс Иран мен Муша’ша мемлекетін кім бағындырылды?
2.
Қай ғасырда Иранның экономикасы гүлденді?
11 Дәріс. Түркия (Осман империясы) XV-XVII ғғ.
Негізгі сұрақтары:
1. Осман империясының әлемдік державаға айналуы.
2. Осман империясының жаулап алушылықтары.
3. Түркия — Ресей қатынастары.
4. Осман империясы тарихындағы «тоқырау дәуірі».
ХVІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан
түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Енді түрік сұлтандары 1501 ж.
Әзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлылар мемлекетінің орнында құрылған
Сефевилер мемлекетімен күресе бастады. Шешуші шайқас 1514 ж. тамыз
айында Шалдырған жазығында (Маку қаласының маңында) болды. Осман
түріктерінің әскері жеңіске жетті, Тавризды басып алды. Сұлтан Селим І
Исмаил Шахтың қазынасын, балашағасын Стамбулға алып кетті. Сондай-ақ
Тавризден 700 ұста-шеберлердің отбасы да Стамбулға көшірілді. 1515 жылғы
бітім шарты бойынша Туркияға Батыс Армения Эрзерум қаласымен,
Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды. Арменияның
жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері және Әзербайжан сефевилер
мемлекеті құрамында қалды. Туркия мен сефевилер мемлекеті арасындағы
Закавказье үшін күрес 1555 жылға дейін толастамады. Бұл күрес суннит
түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрді.
Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен
/1516—1517 жж./ сұлтан І Сәлимнің кезінде бостандығынан құрамында
Ливан мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне
дейін онда мамлюктердің әскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны
мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. 1515—1517
жылдары түрік сұлтаны І Сәлимнің әскері Сирия мен Египетті басып алды.
Түрік армиясы оқ-дәрімен атылатын қару-жарақпен қаруланған еді.
Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік
зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің
сұлтаны аттан құлап өлді. Түріктер Сирияның астанасына жақындай
бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік
сұлтаны І – Сәлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина
қалалары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте
мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның
орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбей әскери бекініс
тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың
шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын мамандар
болмағандықтан пайдалана алмады. 1517 жылдың басында І-Сәлим бастаған
түрік армиясы Каирды басып алды. Туман-бейді Египет бедуиндері Сәлимге
ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды /
Батыс Аравия / басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең «қасиетті ел» болып
саналды. Жыл сайын Мекке мен Мәдинаға Шығыстың көптеген елдерінен
миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрды. Бұл ел егінді Египеттен
алып тұратын. І – Сәлим Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба
храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына «қос қасиетті қаланың
қызметкері» деген атақты қосып алды. ХVІ-ғасырда түрік мемлекетінің
әскери-феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті.
Осман империясындағы қалыптасқан әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен
сұлтанның /1520—1566/ тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді. І-
Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген сөз. Заң
жинағы «Канун-намэ» деп аталды. Бұл заң бойынша шаруалар феодалдың
рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді.
Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қолөнерімен, тағы басқа іспен
айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның
экономикасының дамуына зиян келтірді. Сүлейменнің заңдары орталық
өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік
емес, сұлтанның өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға
жетті. Янычарлар ортаға / ротаға / бөлінді. Олардың қару-жарағы
жетілдірілді, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды. Түрік
қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар
(үлемдер); 2) әскери феодалдар; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4)
шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары
шектеулі болды.
ХVІ ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі
болды. Оның көсемі өзін Шах-құлы деп /Исмаил шахтың/ атады. Сөйтіп, ол
өзін шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы
түріктер Шайтан құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас
қаласының оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер
Әзербайжанға қашты. Шарулардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья
аудандарында өріс алды. Оны Нұралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң
Жәлел басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды.
1525 жылы Баба-Зуннун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас
қаласының маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс
болды. Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол
көтеріліс те жеңіліске ұшырады. Осман империясының сыртқы саясаты бай
Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік-османдардың бұл
арманын жүзеге асыруға Сефевилер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция
Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер
империясымен соғыс жүргізді. Ол соғыс Венгрияны жаулап алумен
аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының
маңында болды. Венгр, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті
алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі етіп
тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады. 1529 жылы түріктер
Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты. 1547 жылғы келісім
бойынша Венгрияны Австрия мен Туркия бөліп алды. Трансильвания
/Румынияның солтүстігі/ Турция вассалына айналды. Закавказьедегі соғыс
әрекеттерін Туркия 1533—1538, 1547—1555, 1578—1588 жылдары
жалғастырды. Осман империясы мен Сефевилер державасы арасындағы 1555
ж. Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения /Ван көлінің
бассейні/, Батыс Грузия Туркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен
Шығыс Грузия — Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны
күрдтердің билеп-төстеуіне берді. Арменияның үстем таптары азаттық
күресінде үміттерін Батыс Еуропа елдеріне, әсіресе Венеция көпестеріне
артты. Әрине, Венеция тек армяндардың бостандығы туралы емес, өзінің
саудадағы үстемдігін ойлады. Закавказье халықтары үшін, әсіресе 1578—
1588 жылдардағы иран-түрік соғысы өте ауыр болды. Түріктер Грузияға
басып кіріп, Тбилисиді басып алды. Түрік әскерлері Арменияға кіріп,
Ереванды талқандады. Ганжа мен Ширванды басып алып, Дербентке дейін
жетті. 1578 ж. Карабах пен Оңтүстік Әзербайжанды да қол астына қаратты.
1578 жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі
— 1579 жылы — Тебризді басып алды.
1578 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына
айналдырды. Ал ислам дінін қабылдаған грузин бай-феодалдарының мал-
мүліктері аман қалды. 1595 ж. Гурджистанда ең алғашқы адам санағы
жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қазынасына 9,5 млн. сом
салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен
жасалған бітім бойынша Бүкіл Закавказье Туркияның қол астына көшті. ХVІ
ғасырдағы Түркия мен Еуропа державалары. 1535 жылғы капитуляция.
Австрия мен Испанияны билеп отырған Габсбургтер әулетімен жүргізілген
күрес Түркияны Франциямен одақтасуға итермеледі. Франция мен Турция
Габсбургтерді Солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция Жер
Орта теңізіне өту үшін, Турция Венеция мен Генуяны әлсірету үшін күресті.
Ал бұл екеуі Габсбургтер империясы мен оның одақтасы Рим папасының
қолдауына сүйенді. Түркия француз көпестеріне өте көп жеңілдіктер жасады.
1535 жылғы франко-түрік келісімі «бірінші капитуляция» деген атпен әлемге
әйгілі болды. Мұнда көрсетілген жеңілдіктер Түркия тарапынан бұрын
Венеция мен Генуяға жасалған болатын. Бірақ француз көпестеріне берілген
артықшылықтар
бара-бара
бүкіл
француз
ұлтына
тарады.
Бұл
артықшылықтар үшін Түркия ақы алған жоқ, бірақ қашан тоқтатам десе өз
еркі болды. Француз көпестері Түркиядағы қылмыстық жаза қолданатын
тәртіп бұзғандығы үшін сотқа тек өз елінде ғана тартылатын болды, яғни
түрік соттары француз көпестерін жазалай алмайтын болды. 1580 жылы
Англия өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға Түркиядан рұқсат
алды. Бұл компания шығыс елдеріне еніп, олардан шикізат алып отыру үшін
керек еді. Осы кезден бастап Франция мен Англия көпестері арасында Таяу
Шығыста бәсекелестік туды. Кейін бұл екі мемлекет Осман империясындағы
экономикалық және саяси үстемдік үшін ашық күрес жолына түсті.
ХVІ ғасырдағы Түркияның Англиямен, Франциямен келісімдері Турцияны
соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына тәуелді етті, елдің экономикалық
жағдайын нашарлатты.
ХVІ ғасырдағы Түркия мен Россия. Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші
байланыстар ХV ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды.
Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін польша-литва үкіметі ұстап
алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М. Плещеев
аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа
/Феодосия/ қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе
қойды. Екі жылдан соң Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға
достық өмір сүруге, Түрік жерлерінде орыс көпестерінің саудасына ыңғайлы
жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Россия да ешқандай саяси
немесе аумақтық мәселелер көтерген жоқ. Бұл мәселелер ХVІ ғасырдың
басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен
қатар Мәскеуде тұтқында отырған Қырым Ханы Абдуллатифты қайтаруды
талап етті. Бұл талап орындалмаған соң түріктер орыстардың ноғайлардағы
елшісі Семен Мальцевті тұтқынға алды. Орыс казактарының басқыншылығы,
олардың Түркия шекарасына жақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы,
орыс-тардың түркі тілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы,
Кабарда халқын езгіге салуы /1557/ — осының бәрі 1569 жылғы І-орыс –
түрік соғысының себебі болды. Түріктің 60 мыңдық әскері 1569 ж. жазда
/шілде — тамыз/ Астраханьға /15 қыркүйек/ сәтсіз шабуыл жасап, кейін
қайтуға мәжбүр болды. Кавказдағы түркі тілдес халықтар бірауыздылық
танытпады, түріктерге көмек, қолдау көрсетпеді. Бұл кезде Ливон соғысында
есі шығып жатқан орыстарды түріктердің жеңуіне, әрине, болатын еді. ІV
Иван түріктердің Астраханьнан кейін қайтқанына қуана-қуана дереу келіссөз
жүргізуге елшілер жіберді. Түріктер Астраханьның Россияға қосылғандығын
мойындауға мәжбүр болды. Бірақ Астрахань арқылы мұсылмандардың
қажылыққа барып тұратын жол ашуды, орыстардың Теректегі қамалын
жоюды, Солтүстік Кавказға орыстардың жақындамауын талап етті. 1569
жылғы жеңілістің кінәсін сұлтан Қырым ханы Дәулет-керейге артты. Ол
Қырымға шетелдіктердің шабуыл жасауынан қорқып, сұлтанның Астрахань
түбінде қыстау керек деген бұйрығын орындамай, әскерін алып кеткен
болатын. Дәулеткерей өз кінәсін жуып-шаю үшін 1571 жылы Мәскеуді
талқандап қайтты. Бірақ уақыт өтіп кетті. Келесі, 1572 жылы Қырым
ханының орыстардан тас-талқаны шығуы түріктерді онан әрі әлсірете түсті.
1568 жылғы Австрия мен Түркия арасындағы Венгрия үшін қақтығыс бейбіт
бітім шартымен аяқталды. Австрия Венгрияның біраз бөлігін алып қалды,
бірақ сұлтанға жыл сайын 30 мың дукат салықты сыйлық ретінде төлеп
тұратын болды. Австрия сондай-ақ Валахия, Молдавия, Трансильванияның
Түркияға вассалдық тәуелсіздігін мойындады. 1570—73 — жылдары Түркия
Кипр аралы үшін Венециямен соғысты. Соғыстың басында Түркия Кипрдің
басым көпшілігін, астанасы Никозияны басып алды. Бірақ Жерорта
теңізіндегі саудада үлкен маңызы бар Кипрдің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін
Венеция, Австрия, Испания, Генуя, тағы басқа мемлекеттер Түркияға қарсы
одаққа бірікті. Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында /
Патраикос шығанағында/ болды. Одақтастар жағынан 207 галера, 6 галеас
қатысты. Оны Испания королі ІІ-Филипптің інісі Хуан Австрийский
басқарса, түріктердің 210 галерасы мен 66 галиотын Али-паша Муэдинзаде
басқарды. Түрік флоты бұл шайқаста талқандалды: 224 кемесінен айырылды.
Оның 117-ін одақтастар қолға түсірді. Одақтастар 15 галерасынан айрылды.
Бірақ бұл шайқас соғыс барысына әсер ете алмады. Одақтастар арасындағы
алауыздықты түріктер орынды пайдалана білді. Олар тез жаңа флот құрып,
соғысты табысты аяқтап шықты. 1573 жылғы бейбіт бітімі бойынша Венеция
Кипрді Туркияға беріп тынды. ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы соғыстар
Түркияны айтарлықтай әлсіретіп тастады. ХVІ ғасырдың аяғынан бастап
османдардың жаулап алуы аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін
сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті.
Әскери-феодалдар әскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке
меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан
жалтарды. Армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХVІ ғасырдың аяғынан Осман
империясының құлдырауы басталды.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер
1595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл
антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды
Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери
маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілістер сәтсіздікке
ұшырады. Қара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап,
1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың
қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға патша етіп
қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді.
1610 жылы Әзербайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы көтеріліс
болып, жеңіліспен аяқталды. ХVІІ — ғасырдың екінші жартысындағы
Түркияның соғыстары
Түркияның ХVІІ ғасырдың басындағы әлсіреуін Иран шахы І-Аббас
пайдаланып қалды. Ол 1606—1607 жылдары түріктерден Баку, Дербент,
Шамаха, Ганжа, Ереванды алып қойды. 1613 жылғы бітім бойынша Түркия
Иранға Әзербайжанды, Шығыс Грузияны, Солтүстік Арменияны,
Луристанды /Батыс Иран/, Күрдістанның біраз бөлігін беруге мәжбүр болды.
1622 жылы Эрзерум /Солтүстік Шығыс Түркия/, Бағдад пашалықтары
империядан бөлініп шықты. 1623 жылы Иракты, оның астанасы Бағдатпен
қоса, Иран басып алды. Бірақ 1639 жылы түріктер ауыр шайқастан соң
Иракты өздеріне қайтарып алды. 1639 жылғы Иранмен жасалған бітім
бойынша Түркия Батыс Грузиямен Батыс Арменияға, Күрдістанның біраз
бөлігіне ие болды. 1620 жылы Түркия Польшамен соғысып, Цецора маңында
жеңіске жетті. Ал 1621 жылы түріктер Украинаға басып кірді. Бірақ
Хотиндегі шайқаста олар жеңілді. Бірақ Польша мен Украинаға шабуылын
тоқтатқан жоқ.
Түркияның Польшамен бітімдерінде /1621, 1630, 1640/ Украина мәселесі
өте маңызды орын алып отырды. Түріктер Запорожье казактарының Дон
казактарымен бірлесіп Қара теңіздегі қарақшылығын, түрік қалаларын
/Синоп, Трапезунд және басқа/ тонаушылығын тоқтатуды талап етті. Бұл
талаптары орындалмаған соң түріктер Украинаға бірнеше рет соққы жауап
берді. 1654 жылы Украина Россияға қосылған соң Россия Түркияға соғыс
ашты. Бірақ көп ұзамай орыстар бұл соғысты тоқтатып, қаруын Польшаға
қарай бұрды.
1637 жылы түріктер Азовтың солтүстік жағын Ираннан тартып алып,
қоныс тепті. 1642 жылы орыстардың казак басқыншыларын талқандап,
Азовта түпкілікті бекінді. ХVІІ ғасырдың екінші жартысына қарай Түркия
құрлықта 250 мыңдық, теңізде 50 мыңдық әскер ұстады. ХVІ—ХVІІ —
ғасырлардағы
Осман империясының қол астындағы Араб елдері
ХVІ—ХVІІ — ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб
елдері өзінің тәуелсіздігі үшін күресті. ХVІ ғасырдың аяғында Ливанды эмир
ІІ-Фахреддин басқарды. Алғашқы кезде ол сұлтан қазынасына тиісті салықты
уақтылы және толық жинап беріп отырды. Сұлтанның сенімі мен қолдауына
ие болған Фахреддин өзінің иелігін бірте-бірте кеңейте берді. Оның
жалдамалы отряды болды. Бұл отряд қарулы күштердің негізі еді. Олардың
құрамында 40 мың жауынгер болды. Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын
Фахреддиннің қазынасы байып, қуаты арта түсті. Бірте-бірте Фахреддин өз
еркімен шет елдермен байланыс орната бастады. Мысалы, Флоренциямен
сауда келісімін жасады. Мұндай өзін-өзі билейтін тәуелсіз мемлекеттің
құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасскі пашасы етіп түрік
үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады. Фахреддин әскері жаңа пашаға қарсы
тұрды. 1618 жылы ливандықтардың 100 мыңдық әскері Антиохиядан
Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін жойды. 5 жылдан соң Дамасск
пашасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны Ливанға
қосып алды. Бірақ, 1633 ж. түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін
тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық қалпына келтірілді.
Жоғарыда айтылды: І-Селим /1515—1520/ сұлтанның тұсында, дәлірек
айтсақ — 1517 жылы Египет Осман империясының қол астына кірді деп. 2—
3 жылдан кейін мұнда түріктер билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Ол
наразылықтарды басу үшін түрік сұлтаны Сүлейман Эль-Кануни 1525 жылы
өзінің жақын досы Ибрагим-пашаны Египетке жіберді. Ол келе салып әскер
күшімен қатаң тәртіп орнатты. Египеттіктер үшін «Кануннамэ — мысыр»
деген заңдар жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың
артықшылығын, шаруалардың міндеткерлігін анықтады. Египетті 1—3 жыл
аралығында қайта тағайындалып отыратын түрік пашасы басқаратын болды.
Ол пашаның қолшоқпары янычарлар мен мамлюктерден құрылған ұлан
болды. Каир пашасының ең басты міндеті — Стамбулдағы сұлтанның
қазынасына египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы жіберіп отыру
болды. Жердің бәрі мемлекеттің меншігі болып табылды. Мемлекеттікі
деген— сұлтандыкі деген ... Сұлтанның египеттегі өкілі — пашадан жер
алып, пайдаланып отырғандар мультазимдер деп аталды. Мультазимдердің
міндеті — қол астындағы феллахтардан салық жинап, пашаға тапсырып
отыру болды. Мультазимдер өздері емес, деревня старосталары арқылы
жинады. Салық тек ақшалай емес, заттай да жиналды. Египет жылына 600
мың пиастр төлеуі керек болды. Салық уақтылы жиналмаса паша
мультазимді иелігінен айыруға хақылы болды. Мультазимнің иеліктері мұра
ретінде беріле алатын болды. Түрік үкіметі салық жинауға мұқият көңіл бөле
отырып, шаруашылықты жетілдіруге мән бермеді. Түрік рыноктарында тек
шет елдік тауарлар ғана сатылды. Осының бәрі Осман империясының ХVІ
ғасырдың аяғында құлдырай бастауына себеп болды.
Мәдениеттің дамуы
ХVІ—ХVІІ
ғасырларда Түркияда мәдениеттің кейбір салалары
айтарлықтай дамыды. Ғылым саласында ауыз толтырарлық жетістіктер
болмағанымен поэзия, тарихнама және сәулет өнері (архитектура) едәуір
табыстарға ие болды. Шығыстың көптеген халықтарындағыдай, түріктерде
де өлең, аңыз-ертектер, дастандар кең тарады. Оларды көшелер мен
алаңдарда меддахтар айтатын. Түрік поэзиясының атасы Али-Ашық — паша
(1522 жылы өлген) болып табылады. Оның атақты «Ғарибнаме» деген еңбегі
өлең-сөзбен жазылған. Ол философиялық мәселелерге арналған. Кітаптың
бір тарауы 7 планета, 7 металл, 7 күш туралы (жер, мәдениет, адам, жан, сана,
сүю, құдай) баяндайды. Олар бір-біріне пайдалы ықпал етеді делінген. ХVІ
ғасырдағы поэзияның ең көрнекті өкілінің бірі Махмуд Абдулбахы /1600
жылы өлді/ болды. Оны халық түрік лирикасының сұлтаны деп атады. ХVІІ
ғасырдың басында поэзияның жаңа саласы /жанр/ — өте өткір саяси сатира
кең тарады. Оның көрнекті өкілдері Вейси /1628 жылы өлді/ мен Нефи /1635
жылы өлді/ болды. Вейси «Стамбулға өсиет наз», Нефи «Тағдыр оқтары»
/«Стрелы судьбы»/ деген және басқа шығармаларында мемлекет
қайраткерлерінің күнәләрі мен кемшіліктерін, елдің ауыр әлеуметтік-
экономикалық жағдайын сықақпен күлкі-мазақ етті. Байрам паша деген
уәзірді мазақтап жазған сатирасы үшін Нефиді сұлтан ІV – Мұраттың
бұйрығы бойынша тұншықтырып өлтірді. Тарихнама айтарлықтай дамып,
жетілді. Тарихи еңбек-тердің негізгі саласы жылнамалар (хроника) болды.
Көрнекті жылнамашының бірі Қажы-Кәлпе /1658 жылы өлген/ болды. Өзінің
«Фезлике» /«әр нәрсе туралы»/ деген еңбегінде ол 1591—1654 жыл-дары
түрік тарихындағы уақиғаларды баяндайды. Тарихтың ащы сабақтары,
Осман империясының құлдырау себептерін көрсететін шығармалар өмірге
келді. Бұл бағытта ең бірінші көзге түскен тарихшы-ойшыл Көшібай болды.
Ол өз шығармаларын сұлтан ІV Мұратқа, кейін, ол өлген соң Ибрагим
сұлтанға көрсеткен, баяндаған. Тарихи-географиялық шығармалардың
ішінде, әсіресе Эвлий Челебидің /1611—1679/ «Саяхат-намэ» деген еңбегінің
маңызы зор болды.
Архитектура саласында біраз жетістіктер болды. Ірі феодал-мырзалар үй-
жайларын, сарайларын елден ерекше, әдемі де үлкен етіп салуға тырысты.
Әсіресе көрікті мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. ХVІ ғасырдың көрнекті
түрік архитекторының бірі Синан болды. Ол 80-ге жуық мешіт тұрғызды. Ең
бастылары Стамбулдағы «Сүлеймение», Эдирнедегі «Селимийе». Бұл
мешіттерде адамдардың, жануарлардың суреті жоқ. Бірақ мешіттердің өрнек-
оюлары өте тамаша салынған. Өсімдіктер суретімен қатар мешіттердің
безендірулерінде құран сөздері де пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: |