Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер



бет34/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.Олардың түрлері мен мәні. Атқарушы билікте жүзеге асыру процесінде пайдаланылатн әдістер әр түрлі. Бірақ олардың негізіне кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстың екі әмбебап әдісі-иландыру және мәжбүрлеу.Иландыру қызметтің негізгі әдісі болып табылады. Ол тәрбилелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтерлемелеу, материладық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру қүралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланатын көмекші әдіс ретінде сипатталады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда ол тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікті, әкімшілік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудан көрініс табады. Басқарушылық ықпал жасаудың сипаты бойынша( тікелей және жанама түрде ) әкімшілік және экономикалық әдістер ажыратылады. Әкімшілік әдістер яғни тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мемлекеттік-басқару қызметі субъектілерінің басқарылатындардың мінез-құлқына тікелей немесе экономикадан тыс басқарушылық ықпал жасау тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады.

3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні. Экономикалық әдістер, яғни, жанама басқаруға әсер етуші әдістер, қағида бойынша мемлекеттік басқарушылық қызмет субъектілері тарапынан басқарылатындардың мінез-құлқына экономикалық немесе жанама ықпал жасаудың тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез-құлқына басқарушылық мүдделері арқылы үзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық саналы еріктілік мінез-құлқы сақталып қалады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Атқарушы билікті жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызы қандай? Қандай әдістерді тікелей басқаруға әсер ететін әдістер деп атайды?. Олардың түрлері қандай? Жанама басқаруға әсер етуші әдістер дегеніміз не? Олардың түрлері қандай? Басқарудың әкімшілік әдістері қалай бөлінеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет