Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006
Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А,«Мектеп», 1986
Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999
Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973
Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981
Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991
6-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары. Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік.
Оқытуда сыныптық-сабақ жүйесінің маңызы.
Ұйымдастыру формасы – дидактиканың негізгі салаларының бірі ретінде оқыту процесінің міндеттерін іске асыруда қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және кластық-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне Афин елінде пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, тексті оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін.
Революциядан бұрын қазақ еліндегі модалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Сол сияқты XVII ғ. аяғында – XIX ғ. басында Англияда оқытудың «белль-ланкастер» жүйесі тарады. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің ерекшелігі, бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін мониторларды оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жас шамалары кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Оқытуды бұлай ұйымдастыру нәтижелі болмады.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында Дальтон қаласында пайда болған «дальтон-жоспар» деген атпен оқу жүйесі тұнғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Яғни сабақтарды өткізбеу, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуді көздеді. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Өмірдің өзі, өнер-кәсіптің, ғылым және техниканың дамуы кең көлемде білім беруді қажет еткенде, яғни тұрлі салаларда сауатты жұмысшылар, білімді мамандар қажет болғанда, оқытудың басқа жоғары дәрежеде білім беруге жарайтын түрлері пайда болды. Бұл жұйе сыныптық-сабақтық деп аталады.
Оқытудың жаңа сыныптық-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және қатардағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттерін ескере отыра топтастыру;
сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы;
жеке пәндері оқыту тұақты оқу кестелері арқылы жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету;
оларды оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу;
оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығында жұргізілуін жатқызады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болады. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.