Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет20/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Лекции (1)

Гравитациялық қосконусты бетон араластырғыш (7.1, ә- сурет) барабанның (1) ұзын конусы арқылы жүктеледі. Материалдың араласуы орталық жетектен (9) барабан айналуы есебінен жүргізіледі. Жүксіздендіру үшін барабанды тұғырға бекітілген ось бойымен айналдыра отырып, ең- кейту керек.
Қос білікті, үздіксіз әрекеттегі, еріксіз араластыратын араластырғыш (7.1, в-сурет) астау тәріздес барабаннан (10) тұрады. Оның ішінде бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналатын қалақты екі білік (11) бар. Шикізат материалы шүмек (14) арқылы жүктеледі, ал дайын бетон қоспасы секторлық жапқышпен (13) жабдықталған жинағышқа (12) түседі.



7.1 - сурет - Араластырғыш сұлбалары:
а - гравитациялық үздіксіз әрекеттегі, ә - гравитациялық қосконусты; в - қосбілікті еріксіз араластыратын; г-роторлық; д - турбуленттік; е — қалақты


Роторлы бетонараластырғышта (7.1, г-сурет) жұмыстық органы ретінде шәшке (19) ішінде айналатын қалақтар (15) болады. Жүктелуі үстінен, ал жүксізденуі жапқыш (18) арқылы жүргізіледі. Араластырғыш жетегі редуктордан (16), электрқозғалтқыштан (17) тұрады.
Турбуленттік араластырғышта (7.1, д-сурет) цилиндрлік корпус (22) ішінде тез айналатын ротор (20) көмегімен материал араластырылады. Араластырғышты жүксіздендіру люк (21) арқылы жүргізіледі.
Қалақтағы типтегі ерітінді араластырғышта (7.1, е-сурет) астау тәріздес барабан (23) ішіндегі қоспа қалақтар (24) көмегімен араластырылады. Қалақтар винттік сызық бойымен орналастырып, жетекті білік кронштейндеріне бекітіледі.
Мобильділігі бойынша бетонараластырғыштар тұрақты, сүйретілетін және қозғалмалы (автобетон араластырғыш) болып бөлінеді.

7.2 Гравитациялық бетонараластырғыш конструкциясы


Бұл машиналар пластикалық және аздаған қатаң қоспаларды әзірлеу үшін пайдаланылады. Құраушылар салмақ күші әсерінен айналатын барабан ішінде, ішіне бекітілген қалақтар көмегімен араластырылады.


Үздіксіз әрекеттегі араластырғышта қалақтар винттік сызық бойымен орналасады да, қоспаның жүксіздену жағына қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Ондай араластырғыш (7.2, а, ә-сурет) екі шет жағы ашық цилиндрлік барабаннан тұрады.
Цилиндрлік барабанның сыртқы бетінде екі құрсау (2) қондырылған. Тіректі роликтердің (10, 11) екі жұптарынан, пісірілген рамадан (12), жүктемелік воронкадан (б) және жетектен тұрады.

7.2 - сурет - Гравитациялық үздіксіз әрекеттегі бетон араластырғыш:


а — жалпы көрінісі; ә — кинематикалық сұлбасы

Құрсауларының бірі тістік тәжбен бірге жасалған. Ол редуктордың (8) шығатын білігіндегі тіс тегерішпен (9) ілініседі. Бетон араластырғыш электрқозғалтқыш (7) көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Барабан ішінде кронштейндерге бекітілген араластыратын және тасымалдауыш қалақтар бетон қоспасын жүктелу воронкасынан шығару тесігіне дейін тасымалдайды. Үздіксіз суды барабан ішіне беру үшін шетінде шашыратқышы бар құбыр (4) енгізілген. Ол құбыр суды барабан ішіне біркелкі етіп шашыратады.


Периодты әрекеттегі бетонараластырғышта материал алмұрттәріздес немесе қосконусты айналатын барабан ішінде араластырылады. Ол барабан ішінде араластыратын қалақтар болады. Барабанның материалды жүктеп, жүксіздендіруге арналған тесіктері бар. Жүксіздендіру үшін барабан еңкейеді.
Қос конусты гравитациялық бетонараластырғыш (7.3, а-сурет) пісірілген станинадан (1), айналатын барабаннан (8), ол барабан өзінің құрсауларымен тіректі роликтерге (2) тіреліп тұрады, бұралатын траверсадан (7) тұрады. Оған тіректі (2) және ұстайтын роликтер (5), электрқозғалтқыш (9), редуктор (13) орнықтырылып қойылған. Барабан жетегі редуктормен электрқозғалтқыштан тұрады. Барабанның айналуы редуктордың (13) шығатын білігінде бекітілген тіс тегерішпен ілінісетін тісті тәжбен жүргізіледі.



7.3, - а сурет - Гравитациялық қос конусты бетон араластырғыш:
а-жалпы көрінісі
Бетонараластырғыш жүктелу құрылғысымен (10) жабдықталады. Жүктеу құрылғысы барабанның еңкеюі кезінде подшипниктерге (12) орнықтырылған кронштейндерде (11) бұрыла (сызбада оңға қарай) алады.
Пневмоцилиндр (6) траверсаны бұрып, араластырғышты жүксіздендіру үшін барабанды еңкейтуге арналады. Басқару аппаратурасы шкаф (3) ішіне салынған. Машинаның кинематикалық сұлбасы 7.3, ә-суретте келтірілген.



7.3, - ә сурет - Гравитациялық қос конусты бетон араластырғыш:
ә-кинематикалық сұлбасы

Бетон араластырғыш қондырғыдан ең алыс қашықтықта тұратын құрылыс алаңдарына бетонды жеткізу үшін автобетонараластырғыштар қолданылады. Олар мөлшерленген құрғақ бетон қоспасымен жүктеледі. Құрылыс алаңына жүргізуші жақындай бергенде кранды ашып, машинаға бекітілген арнайы бачоктан қоспаға суды құяды да, барабан ішінде су қосылған қоспаны араластырып, дайын ерітіндіні құрылыс салуға береді.



7.4 - сурет - Автобетонараластырғыш:


а-жалпы көрінісі; ә- кинематикалық сұлбасы

Автобетонараластырғыш (7.4-сурет) автомобиль шассиінде орнықтырылған. Ол негізгі автомобильден (1), қосконусты араластырғыш барабаннан (4), рамада орнықтырылған тиеп-түсіретін құрылғыдан (5), араластырғыш барабанды айналдыратын жетектен (2), суды құйып қоюға арналған бактан (3), араластырғыш барабанға су беру жүйесімен бірге және барабанды басқару механизмінен тұрады.


Араластырғыш барабан пісірілген. Оның айналу осі горизонтқа 15° бұрышқа еңкейтілген. Барабан үш тіректе домалау подшипниктеріне орнықтырылған. Оның алдыңғы бөлігінде (кабина жағынан) барабан цапфа арқылы тіректі подшипникке тіреледі, ал артқы бөлігінде (жүк тиеу тесігі жағынан) - құрсау арқылы екі тіректі роликке тіреледі. Барабан ішінде винттік қалақтар орнықтырылған. Олар бетон құраушыларын алып беруді, қоспаны гравитациялық араластыруды және дайын бетон қоспасын барабанның кері айналдырып түсіруді қамтамасыз етеді.
Араластырғыш барабан жетегі іштен жану қозғалтқышынан, реверсивті редуктор мен шынжырлы берілістен тұрады.
Су беру жүйесі бактан, центрден тепкіш сорғыдан, су құбырынан, санауыш – суөлшерден және саптамадан тұрады. Саптама барабан ішіне суды бағыттап құю үшін керек.
Тиеп - түсіру құрылғысы тиеу шүмегінен, бағыттауыш кең құбыр мен түсіру науасынан тұрады да, машинаның артқы бөлігінде орналасады. Құрғақ құраушылар барабанға шүмегі арқылы беріледі.
Дайын бетон қоспасы барабанның кері айналуына бағыттауыш кең құбыр арқылы тиеу науасына беріледі. Тиеу науасы машинаның жүруінде жиналады, ал жұмысы кезінде созылмалы және бір, - екі- немесе үш буынды болуы мүмкін. Үшінші буыны машинаның артқы қанатына бекітіледі де, науаның ұзартылуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет