Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет22/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Ерітінді араластырғыш (7.8-сурет) бағандарға (2) тірелген араластырғыш барабан (3) редуктордан (4) және араластырғыш механизмнен тұрады.

7.8 - сурет - Ерітінді араластырғыш:
а- жалпы көрінісі; ә- араластырғыш механизм

Араластырғыш барабан жоғарғы жағы ашық темір пластинкадан пісірілген сыйымдылықты құрайды. Барабан ішіне горизонталь қалақты білік орнатылған. Оның екі араластырғыш винттік қалақтары (6) бар. Жүксіздендіруде барабанды төңкеру үшін барабанның сыртқы шет жағында орналасқан бұру қолсабы қарастырылған. Электрқозғалтқыштан қалақты білікке қозғалыс екі сатылы (4) арқылы беріледі. Ерітінді араластырғыштың негізгі параметрлері МЕСТ 65.08-81 стандартымен анықталған.


Еріксіз араластыратын, периодты әрекеттегі бетон араластырғыштың көлемдік өнімділігін периодты жұмыс істейтін гравитациялық араластырғышқа сәйкес есептейді.
Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштың көлемдік өнімділігін (м3/с):

Q0=π(R2-r2)bsinα·k·n, (7.1)


формула көмегімен анықтайды.





7.9 - сурет - Еріксіз бетонараластырғыштың негізгі
параметрлерін есептеу сызбалары:
а - өнімділігін; ә - қалақтың үйкеліс күшін; в - қалақты араластырғыш қуатын; г - қалақтың қоспаға үйкеліс күшін; д - кронштейнге түсетін кедергі күшті есептеуге арналған

Мұндағы R –қалақтардың сыртқы айналу радиусы, м (7.9, а-сурет);


r - қалақтардың ішкі айналу радиусы, м; b-қалақ ені, м; α- айналу осіне қатысты қалақтың көлбеу бұрышы, яғни қалақтың винттік сызығының көтерілу бұрышы, град; φ- астау тәріздес барабан көлемінің толтырылу коэффициенті, барабанның геометриялық көлемінің 0,55....0,6 үлесіне тең етіп алады; к=0,7 қоспаны қайтару коэффициенті, кері бұрышпен қойылған қалақтар санына байланысты; n- қалақты біліктің айналу жиілігі, с-1.
Еріксіз араластыратын араластырғыштың қарсылық күштері мен қуатын есептеуде қозғалыс үдерісінде бетондық немесе ерітінді қоспасы біртекті тұтқыр сұйықтық ретінде болады деп ескереді.
Қоспа ішінде тұрақты жылдамдықпен қозғалатын қалаққа қоспадан түсетін қысымды (Па) Ньютонның түрлендірілген формуласы арқылы анықтайды:
q=Cρυ2, (7.2)

мұндағы ρ - қоспа тығыздығы, кг/м3; υ-қалақтың ілгерілемелі қозғалысының орта жылдамдығы, м/с; С-тұтқыр сұйықтық ішіндегі қозғалысқа қарсылық коэффициенті. Қоспаның құрамы мен пластикалық қасиетіне байланысты С коэффициентінің мәнін ауыр бетон үшін –С=3....9 ( үлкен мәні қатаң қоспа үшін), ал ерітінді мен жеңіл бетон үшін –С=1.5....4 (үлкен мәні цементтік, күрделі ерітінді үшін, конусының табаны жалпақ, яғни баяу қозғалатын ерітінді үшін).


Қоспалардың қасиеті мен араластырғыш жұмысының режиміне байланысты қысымның есептік мәні: жылдамдық υ=1.8…2 м/с болғанда, бетон үшін- q=30…55кН/м2; ерітінді үшін- q=15...30 кН/м2 [18].
Қалақшаның оның қозғалыс бағытына перпендикуляр проекциясының ауданын F деп алып, оған әсер ететін кедергіні (Н) табуға болады:

P=F·q.

Қалақшаның шеңберлік жылдамдығы υ- айнымалы шама болып, оның айналу радиусына байланысты. Сондықтан қалақшаның элементар dF ауданын бөліп, элементар кедергі күшті анықтауға болады (7.9, ә-сурет):

dP=CρdF υ2.


dF=hdx болғандықтан (мұнда һ –қалақша биіктігі, м; немесе қалақша батқан қоспа қабатының биіктігі), ал оның шеңберлік жылдамдығы (м/с), υ=ωх; мұнда ω-қалақшаның бұрыштық жылдамдығы, рад/с; формуланы былай түрлендіруге болады:


dP=Cρ2x2dx.

Толық кедергі күші, Н:


Р= Cρ2dx= Cρ2(R3-r3), (7.3)

мұндағы, r және R-осыған сәйкес қалақшаның бастапқы және соңғы айналу радиустары, м.


Араластырғыштың қуатын анықтау үшін әуелі қалақшаның айналуға шығындалған кедергінің элементар моментін анықтау керек:

dM=dP·x= Cρ2x3dx.


Толық моменті, Н·м:


М= Cρ2dx= Cρ2(R4-r4)/4.

Саны i қалақшалар үшін қоспаны араластыруға қажетті қуат:


N=(Mωi)/(1000Ƞ)= Cρ2(R4-r4)/(4000Ƞ), (7.4)


мұндағы, Ƞ -жетектің ПӘК-і.


Осы формула бойынша роторлық және турбиналық еріксіз араластыратын, периодты жұмыс істейтін бетон араластырғыштың қуатын анықтауға болады. Мұнда шәшке айналмайды, қалақтар концентрлі шеңбер бойымен қозғалыс жасайды. Егер қалақша қозғалысы айналудың әртүрлі радиусы бойынша жүрсе немесе геометриялық өлшемдері әртүрлі болса, онда күш пен қуатын әрбір жеке қалақ үшін анықтап, одан кейін олардың қосындысын табады. Қозғалмайтын қырғыштардың болуында есептік қуатты С коэффициентін кейбір қормен алады.
Бір білікті және қосбілікті қалақты үздіксіз жұмыс істейтін, горизонтальды астау тәріздес барабаны бар ерітінді араластырғышты есептеу кезінде бетон ішіндегі ішкі үйкелістен басқа, тағы да қалақтардың бетонға үйкеліс күштерін де ескеру қажет. Бұл жағдайда қалақтар әдетте, қозғалыс бағытына үлкен бұрышпен орнықтырылады да, қоспаға кезеңмен батырылады. Есептеуде қоспаның беті тегіс және астау тәріздес барабан ішінде горизонталь немесе барабан осі бойымен кейбір тұрақты бұрышпен орналасады деп алады. Араластырғыштың жұмыстық органы винттік сызық бойымен орналасқан қалақ немесе горизонталь ось бойымен айналатын қалақ бөлігі (сақиналық сектор) деп аталады.
Қалақтың шеңбер бойымен жұмыстық бөлігінің ұзындығын ψ=β/360° коэффициентімен ескереді. Мұндағы, β- қалақты біліктің айналу осіне перпендикуляр жазыққа қалақтың сақина бөлігі проекциясының орталық бұрышы. Қоспаны араластыруға қажетті жалпы қуатты бірнеше шамамен қосындысы ретінде алуға болады: осьтік және шеңберлік бағытта қалақтың жылжуына кедергіні жеңуге қажетті қуаттан, қалақтардың бетон қоспасындағы үйкелісін жеңуге қажетті қуаттан тұрады. Қоспаның үлкен тұтқырлығымен қалақтар қозғалысындағы үлкен ішкі үйкеліс салдарынан қалақтардың айналу осі бойымен бағытталған үлкен қысым пайда болады. Қалақтың белгілі бір геометриялық өлшемдерімен оның винттік сызығының көтерілу бұрышынан α орта радиусты алып, қалаққа түсетін қоспаның осьтік қысымын мына формула көмегімен табуға болады:

Rcp=(R+r)/2 (7.5)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет