Құрастырмалы темірбетон өндірісіне арналған технологиялық жабдық конструктивті орындалуы мен номенклатурасына қарай әртүрлі болып келеді. Бұл ТББ әртүрлілігімен, өндіріс тәсілі мен машиналарды пайдалану жағдайының әртүрлілігімен түсіндіріледі.
Технологиялық жабдықтар тұрақты жетілдіріліп тұрады және ТББ зауыттарында жиі жаңартылады. Жаңа және прогрессивті ТББ жасап шығарудың белгілі бір мақсаты үшін типтік жабдықты үйлестіріп отырады.
Әртүрлі механикалық жабдық ішінен ТББ жасауға арналған негізгі технологиялық машиналар ішінен бірнеше класты бөлуге болады: арматуралық, бетон төсейтін, виброқалыптауыш және өңдеуіш.
Темірбетон бұйымдары өндірісінің негізгі процестерінің бірі ретінде арнайы цехтарда арматуралық болат дайындап, арматуралық конструкциясын жасау болады. Бұл цехтарды арматуралық болатты дайындауға және механикалық өңдеуге, оны созуға, арматуралық конструкцияны пісіруге арналған жабдықтар және т.б. операцияны орындауға арналған жабдық пайдаланады.
Арматура түріне байланысты арматуралық болатты өңдеудің бірнеше түрі, ТББ белгілі бір типін жасауға арналған түрі пайдаланады.
ТББ индустриальды жасауға ең маңыздысы ретінде қалыптау процесі жатады, онда шикі бетон қоспасына белгілі бір геометриялық пішінді береді. Ол үшін қоспаны механикаландырылған жолмен опалубкаға немесе формаға төсеп тығыздайды. Төсеу дегеніміз – шикі бетон қоспаның белгілі бір мөлшерін қалыпқа біркелкі бере отырып, бұйымның барлық көлеміне қоспаны біркелкі үлестіру. Тығыздау жаңадан дайындалған бетон қоспаның тығыздығын сыртқы, ішкі және массалық күштердің механикалық әсерінен деформацияланып тығыздайды.
Өндіріс тәсіліне қарай, оның механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне қарай, бұйым номенклатурасына қарай, қажетті өнімділік пен технологиялық талаптарға байланысты бұйымдар әртүрлі арнайы әзірлеу және негізгі операциялар қатарын механикаландыруды және бір-бірімен біріктіруді қамтамасыз ететін агрегат пен қондырғыда қалыптанады. Кейбір жағдайда қалыптаудың жеке технологиялық операциялары әртүрлі машинада, құрылғыда орындалады.