Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Арматураларды пісіріп қосу жабдықтары



бет33/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Лекции (1)

10.2 Арматураларды пісіріп қосу жабдықтары


Пісіріп қосу операциясы арматуралық жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығының жартысына жуығын құрайды. Қарапайым арматуралық конструкцияларды опалубкада, қалыпта орнатып, сымдармен байлап бекітеді. Сонымен бірге, кеңістік және жалпақ арматуралық конструкцияларды қалыпта қиылысатын жерлерін, түйіспелерін пісіріп қосады. Арматураны пісіру сапасынан темірбетонды конструкцияның ұстау қасиеті тәуелді болады. Бекітілістерді пісіру конструкциясы және арматуралық конструкциясы пісіруінің технологиясы МЕСТ 5264-80 СН 393-78 талаптарымен шектеледі.


Арматураны пісіру тәсілдері. Электрдоғалық пісіру негізінен, тұтас құйылған темірбетон конструкциялардың кейбір элементтері бекітіледі. Электрдоғалық пісіру сапасы мен өнімділігі аздылығымен қолданылуы шектелген. Арматуралық конструкцияларды бекітуде түйіспелі пісіру кеңінен қолданылады, ол электртокпен қыздыруға негізделген. Арматура өзектерін түйіспелік пісіру ұзартады, ол екі тәсілмен орындалады. Кедергімен дәнекерлеуде қосылатын өзектер (диаметрі 14 мм-ге дейін) жылжымалы электродпен бекітіледі, электртогы өтеді де, соның әсерінен өзектер беттесетін жерде температура 1200°С-ға дейін қызады. Соңынан өзектер отырғызылып, ток ажыратылады. Балқытып дәнекерлеу үшін диаметрі 10 мм-ге дейін өзектер токқа қосылады және жақындастырылады. Электрдоға пайда болып, өзектердің түбі балқып, олар біріктіріледі де, ток ажыратылады. Нүктелі дәнекерлеу түйіспелік дәнекерлеуге ұқсас келеді, олар арматуралық жерін біріктіруге арналған. Көпнүктелі түйіспелік пісіру конструктивті элементтері МЕСТ 15878-19 регламенттелген. Пісіру қысқыштарымен ыңғайлы манипуляциялауға және түйіспелік пісіруді механизациялау мақсатында горизонталды және екі жақтылы қондырғылар жасалынған. Біржақты вертикальды қондырғы өлшемдері 7,2х3, 6х0,3 м –ге дейін (10.3-сурет) арматуралық каркастарға арналған және станинадан (2) қоршауымен (1), арбашалы кондуктордан (6), бағыттаушы (5), көтеру тростық механизмнен (3), блокты кондуктордан (4) және пісіру машинасының (2) түйінді қондырғысынан тұрады. Ондай түйін пісіру бағанасын (9), оған топсалы консоль (7) бекітілген, ал оған пісіру қысқашы орнатылған, ал қалғандарында теңгергіш қарсы салмақ орнатылады. Қарсы салмақ баған ішінде орналасады. Түйіннің әрбір бағанасында дәнекерлеуші трансформатор (10), игнитронды контактор (13), электронды уақыт релесі (12) және басқа электржабдығы (11) орналасады. Екі бағана цех еденіне орнатылып, фундаменттік болттармен бекітіледі.



10.3 - сурет - Кеңістік арматуралық каркастарды пісіруге арналған вертикальды біржақты қондырғы

Қондырғы келесіше жұмыс жасайды. Арматуралық каркас элементтерін кондукторға (6) қойып, бекітеді, сосын оператор каркасты пісіреді, тростық жетектерді (3.4) көмегімен арбашалы кондукторды жылжыта отырып, ол бір жұмыс орнынан еден деңгейінде пісіруді жүргізуге мүмкіндік береді. Дайын каркас кранмен түсіріледі. Арматуралық каркасты құбырды дайындайтын қондырғы (10.4- сурет) диаметрі 1500 мм-ге дейінгі темірбетондық құбыр каркастарын пісіруге арналған. Негізгі бөліктері болып бойлық арматураларды (1) беруге арналған құрылғы, планшайба (2) жетегімен, суппорт (4), бағыттаушы жолақтар (5), ауыспалы түзеткіштер (3) және (5), шпиндель, арбаша (7) жетегімен (8), каркастарды қабылдау механизмі (6), пісіру агрегаты (10), бухта ұстағыш (11) бойлық арматуралардың және көмекші жабдықтар жатады.



10.4 - сурет - Құбырлық арматуралы каркастарды пісіруге арналған қондырғы сұлбасы

Кезекті каркасты дайындау алдында, конустық түзеткіш (6) орнатылған арбаша (7), планшайбадағы (2) бекітілген цилиндрлік түзеткіште (3) жақындалады. Оператор қолмен бойлық арматуралардың өлшемдік өзекшелерінің дайындамаларын қондырғының (1) тарату шығыры арқылы өткізіп, цилиндрлік түзеткіш (3) бағыттамаларымен жылжымайтындай және олардың шеттерін конустық түзеткіштің (6) шарикті қысқыштарына бекітіп, сымдармен ұсатады. Әрі қарай оператор түзеткішке дәнекерлеу агрегатын жақындатып, электродпен спиральді бұралатын сым арасындағы саңылау 10..15 мм болатындай етіп, жұмыстың автоматты режиміне қояды. Сонда көлденең арматуралар бойлық арматуралармен пісіріліп спиральды каркас пайда болады. Спиральдың бірінші тармағы бұратылып және пісіріліп болған соң, оператор бойлай берілетін суппорттың (4) жылжитын жетегін іске қосып, пісіру бас тиегі түзеткіш айналымымен қатар пайда болатын конусқа бойлай жылжиды да каркастың конустық бөлігінің спиралін сыммен қиылысатын жерін пісіріп отырады. Пісіруші электродтар конустық және цилиндрлік түзеткіш арасындағы түйіспелерге жеткеннен кейін, суппорт автоматты түрде бұралып, дәнекерлеу бас тиегі пайда болатын цилиндрлік түзеткішке бойлай жылжиды. Осыдан соң суппорт жетегі ажыратылып, біруақытта арбашының жетегі қосылып, арбаша арматураның бойлық өзекшелерін тартып алады. Арбаша ең шеткі орнына жеткенде тоқтап, спиральды арматураның ең соңғы тармағы оратылып және пісіріліп аяқталады. Осындай тәсілмен орындалған каркас қондырғыдан түсіріледі, содан кейін оның агрегаттары бастапқы орнына оралады. Көп электродты пісіру машиналарын жалпақ арматуралық торларды автоматты пісіру үшін қолданады. Ондай машина (10.5 а-сурет) станинадан (2), пневмоцилиндрден (1), торды жылжыту жетегінен, көлденең өзектердің берілу құрылғысы (беруші (3), бағыттаушы (4), қабылдаушы (6) пневматикалық қондырғы (7), жоғарғы электродтарды қысқышы (8), ток жүргізуші шиналы (5) пісіру трансформаторынан, электрлік басқарылу жүйесінен (9), салқындатқыш су және қысылған ауа (11) бергішінен тұрады. Машина кранмен, бухта ұстағышпен, қайшымен, рольгангпен және т.б. көмекші жабдықтармен құралған және келесіше жұмыс істейді. Бухта ұстағыштан (13) (10.5, ә-сурет) бойлық арматураны қолмен машинаға орнатады, оны іске қосып, автоматты режимде жұмыс жасайды. Бойлық арматура қондырғымен (14) беріліп, электродтар арасындағы саңылауға бойлық арматураға пневмоцилиндрлер (15) көмегімен қойылады. Электродтарға пісіру трансформаторынан ток беріледі. Пісірілгеннен кейін, қысыммен жоғарғы электродтар көтеріліп, тор дәнекерленген бойлық өзектерінен қармауыш (17) қармалып, бойлық бағытта келесі позицияға жылжиды. Әрі қарай цикл автоматты қайталанады. Берілген ұзындықтағы тор пісірілгеннен соң, ол арнайы қайшылармен (16) қиылып тасталынады.



10.5 - сурет - Арматуралық торларды пісіруге арналған


көпэлектродты пісіру машинасы:
а) жалпы көрінісі; ә) машинаның жұмыс істеу сұлбасы

Көпэлектродты пісіру машинасының технологиялық желісі ені 3800 мм-ге дейін торларды бойлық және көлденең арматураларының әртүрлі қадамын пісіре алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет