Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


-тарау. КАРКАСТАРДЫ, АРМАТУРАЛЫҚ ТОРЛАРДЫ ЖӘНЕ АРМАТУРАЛАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕЙТІН ЖАБДЫҚТАР



бет32/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Лекции (1)

10-тарау. КАРКАСТАРДЫ, АРМАТУРАЛЫҚ ТОРЛАРДЫ ЖӘНЕ АРМАТУРАЛАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕЙТІН ЖАБДЫҚТАР

10.1 Арматураларды майыстыруға және торларды дайындауға арналған жабдықтар


ТМД елдерінің өнеркәсіптері арматуралық болатсымды майыстыратын станоктың екі түрін шығарады. Аз қуатты станок диаметрі 40 мм арматураларды, ал қуатты станок диаметрі 90 мм-ге дейінгі болат сымды майыстыра алады.


Диаметрі 70 мм-ге дейінгі арматураларды майыстыра алатын станок (10.1, а, ә-сурет) рамадан (1), айналатын дискіден (6) жетегімен және аппаратты басқарылымынан тұрады. Станок жетегі электрқозғалтқышынан (2), сына таспалы берілістен (3), тісті берілістен (4), червякты редуктордан (5), білігіне орнатылған дискіден (6) тұрады. Станоктың негізгі жұмыстық органы болып айналатын диск (6) (10.1, в-сурет) саналады, оның центрінде центрлік саусақты (8) орнатуға арналған тесігі қарастырылған. Саусаққа әртүрлі диаметрлі, ауыстырымды роликтерді кигізеді. Жұмыстық диск төлкелі; төрт тесіктері бар. Майыспалы саусақ (9) сол тесіктердің біреуіне орнатылады. Станоктың үстіңгі тақтасына дискінің екі жағында екі параллельді пленка дәнекерленген, оған тіреулік шығыр (7) төлкесімен орнатылады. Жұмыс кезінде станокқа центрлік саусақпен (8) майысқақ саусақ (9) арасына арматуралық өзекті орналастырады. Содан соң жетекті іске қосып майыстыру басталады. Станок қолмен немесе автоматты түрде тоқтатылады. Майыстыру үдерісі басында, иілу саусағы әсері Р өзектің деформациясын қамтамасыз етуі қажет (10.1, г-сурет). Өзектің иілу кернеуі σ≥σт.и мұндағы σт.и иілу кезіндегі материалдың аққыштық шегі, Па. Иілу кернеуі σ=Ми/W, мұндағы, Ми= PL-1L, м ұзындықтағы арысты балканың иілу моменті, W≈0.1d3 диаметрлі қима балкасының иілуіне кедергі моменті, м3.
Онда:
σ=Pl/0,1d3 . (10.1)

Арматуралық өзек материалының механикалық сипаттамасы бойынша және оның геометриялық өлшемдеріне қарай, иілу әсері мен иілу моментін Ми есептеп шығаруға болады.


Жетекті дискінің айналу моменті Мкри болғандықтан, Мкр=0,1d3 деп жазуға болады. Демек, станок қуаты кВт,

N=Mkp·ω/1000Ƞ, (10.2)


мұндағы, ω- жетекті диск айналуының бұрыштық жылдамдығы, рад/с; Ƞ- станок жетегінің ПӘК-і.



10.1 - сурет - Арматураны майыстыруға арналған станок:


а- жалпы көрінісі; ә- кинематикалық сұлбасы; в-станок жұмысының сұлбасы; г-есептеуге керекті сұлба

Келесідей бұйымдар: қапсырмалар, тұзақтар, лиралар станокта жасалынады. Бұл жағдайда жұмыстық орган айналмалы ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Арматуралық торларды арнайы станоктарда майыстырады. Ені 3 м-ге дейін, ұзындығы 9 м-ге дейін торларды 12 мм-ге дейінгі диаметрлі өзектерді майыстыратын станок (10.2, а-сурет) рамадан 1 және оған орнатылған бірнеше ұқсас секциялардан тұрады.


Әр секцияда пневмоцилиндр (7), ауатаратқыш (8) жүйесі пневмоцилиндрге сығылған ауаны беруге арналады.
Станоктың жұмыстық органы болып, дөңгелек немесе квадратты майыстыру балкасы (4) саналады, олар пневмоцилиндрлер (7) көмегімен бұралмалы иінтірекпен (5) көтеріледі. Ілмекті траверса (3) тәртелерімен (6) тордың сол жақ учаскесін (2) горизонталь орнында ұстап тұрады.
(10.2, ә-сурет), ал оның оң жағы берілген бұрышқа (180-қа дейін) майысу балкасымен 4 жоғарыға иіледі.
Ілмектің астына (3) тор өзектерін салып жайғастыруға, оларды көтеріңкіреп, пневмоцилиндрдің (7) жоғарғы жағына сығылған ауа жібереді. Балкамен тор майысуының жұмыстық жүрісі пневмоцилиндрдің төменгі жағына сығылған ауа берілуімен орындалады.
Станок пульттен жартылай автоматты басқарылады (10.2 а-сурет) және майысу сұлбасымен тор қадамының әртүрлі параметрлеріне бейімделе алады (10.2, г-сурет). Сонымен қатар, цилиндрлік формалы арматуралық торларды жасауға және майыстыруға әртүрлі станоктар қолданылады.



10.2 - сурет -Торларды майыстыруға арналған станок:


а-жалпы көрінісі; ә-көлденең қимасы; в-станоктың жұмыс істеу сұлбасы;
г-майысу бұрыштары мен тор контурлары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет