Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет24/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

«Ұлы дидактиканың» мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.
«Ұлы дидактика »төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:
1.Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
2.Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
3.Оқыту мен оқудың негізділігі.
4.Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылын жас ұрық-тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды.
«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты – басты дидактикалық талаптар баяндалды.
Олар:
1.Оқытуға қолайлы уақытта таңдау .
2.Оқушыларды сабақ оқытуға ынталандыру.
3.Материалды біртіндеп күрделендіру.
4.Анық пайда келтірілген нәрсені ғана оқыту
5.Саналы түрде меңгеретін нірседен басқаны жаттатпау.
6.Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
7.Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдері де қарастырып оқыту.
Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды.
«Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік поэзиясындаекендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс». «Білімділер нағыз адм деді...»-деді.
Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімінің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.
«Табиғатқа сәйкестілік принципі»
Оның ойынша адам ақылының шыңдалатынын шеберхана сияқты орны- мектеп.Мектеп – «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша,мектеп-оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын»тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.
Мектеп оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір – бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі» .
2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін – әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.
3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі
4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.
Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір- бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский ХVІІ ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұстанды.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасында адамды табиғаттың бөлшегі деп есептеп, табиғаттың барлық әмбебап заңдылықтарыны бағындырған. Я.А.Коменский балаларды жас ерекшелікке ескере отырып, оқыту мен тәрбиелуді ұсынады. Ол адам табиғатын ескере отырып, жас кезеңдерін былай бөледі:
Коменский «Ұлы дидактикасында»педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше рөл атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады.
Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның, педагогикалық жүйесінде бір – бірімен өзара тығыз байланысып отырды. Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырады.
1.Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты,өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.
2.Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.
3.Түйсік дегеніміз адалжетекші жіне зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке берік есте дейін есте сақталады.
Алған білімнің тиянақтылығы жөніндегі мәселе –Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын сонымен бірге беріктігін талап етеді – деді –Коменский.
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оөытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғаш рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнің, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Ұлы педагогтың мұғалімдерге қалдырған өшпес өсиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болу қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта ғасырлық мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды.
Адамгершілік тәрбиесі, тәртіп. «Ұлы дидактиканың» ХХVI тарауында мектеп тәртібі адамгершілік тәрбиесі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды.
Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі – эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеледі.
Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.
Коменский балаларға тәлім – тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім – «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі».
Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.
«Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы – біздің қолымыздағы нәрсе».
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі»деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы ретдидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді.
Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді.
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл – ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай- ақ, ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттеледі.
Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар сенсуализм тұрғысынан түсіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда мағңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасыекі жақты болды.
Коменский көзқарасының жаңа бағыттары қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті,адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұстанды.
Коменскийдің еңбектерін орымтың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады.Қазақтың тұңғыш демократ- педагогы Ы.Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили,Чачавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды.

Өз еңбектерімен танымал болған Коменский 1641-1654 жылдардың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда мектеп реформаларын әзірледі, оқулықтар мен оқиту методикасын жасаумен айналысты. «Әлемді суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциолопедиялық кітап ХІХ ғасырға дейін балаларға арналған негізгі оқулық болды. Ұлы дидактикасы 1657 жылы Амстердамда бастырылды.


Ұлы дидактиканың 24 тарауында мектеп тәртібі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесіне көзқарасында Коменскийдің діни бағыты айқын байқалады, бірақ өзінің бұл туралыда құнды пікірлерін қарастырды.
Адамзаттың тамаша ерекшеліктерінің бір-эгоизмнен арылу, көпшіліктің ісінің сәттілігі және әдепттілік үшін әрекет-ету деп есептеді. Коменскиий жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, сыпайлылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеу керек деді. Ол мектеп тәртібі жөнінен жазалау тәртібіне қарсы болды, бірақ мұғалім оқушыларынан мектеп тәртібін талап етуі тиіс екенін ескертеді. Коменскийдің көзқарасының екі жақтылығы ұрып-соғуды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады. Мұғалімді «Мәңгі нұрдың қызметшісі»- деді. Я.А.Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды; дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет