И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы (1746-1827)
Еңбектері «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы, сан жөнінде көрнекі ілім», «Лингард және Гертруда».
Халықтың кедейлігін экономикалық жағдайдан емес, білімсіздігінен деп түсінер. Адамды дамытатын тәрбиелейтін еңбек деді. Дінге оның қызметкерлеріне Пестолоцци қарсы болды.
Тәрбиенің міндеті-адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты болу керек деді. Тәрбиешінің дұрыс бағыт беруін қолдады. Баланың тәрбиесіне отбасының, әсіресе ананың ролі өте зор бағалады.
Балаға элементарлық білім беру теориясын ұсынды. Бұл тәрбиедлеудің жәй басталып күрделене беруі керек деді. Әлем білім беру теориясына Пестолоцци дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді моральдық, эстетикалық, ақыл-ой тәрбиесін беруді жатқызды.
Оқытуда көрнектілік, жүйелілік принцип қарастырды, элементтері білім деп беру өлшеу санау сөзді меңгеруден тұрды. Элементтерге заттың санын, формасын атын жатқызады.
XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан тоқыма өндірісінің иелері қанады.
Жан-Жак Руссоның “Эмиль” және “Қоғамдық шарт ” атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті.
Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепке мұғалім болып орналасады. Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде оқыту және санауға үйретудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату үшін Бургдоф та интернаты бар орта мектепті басқару және оның жанына ашылған мұғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Песталоцциге жүктелді. ХІХ – ғасырдың бас кезінде жарияланған “Гертруда балаларын қалай оқытады”, “Аналар кітабы”, “ Сан жөнінде көрнекті ілім” атты еңбектерінде Песталоцции бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Тәрбие туралы
Песталоццидің дүниеге көзқарасы десократиялық сипатта болды. Бірақ ол еңбекшілердің тұрмысын оларға білім берумен, тәрбие берумен жақсы жолға қоюға болады деп қате түсінді. Адамдардың әлеуметтік және праолық теңсіздігінің себебі сол қоғамдағы қоғамдық қатынастың нәтижесі екенін түсінбеді. Халықтың кедейлігінің себебінн экономикалық жағдайдан емес , оның қараңғылығынан көрді. Барлық адамдарыдң соның ішінде кедейлердің де қажетті тәрбие алуын жақтай отырып, ол үшін сословиелік- таптық қоғамдық қатынасты жою керек екенін түсінбеді.
Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, Песталоцции қоғамды қайта құрудың негізгі құралдырының бірі мектеп деп есептеді.
Дін және оның қызметкерлеріне Песталоцции қарсы болды. Әрекет етуге ұмтылу адамға тән қасиет, тәрбиенің мақсаты, оны дамуға көмектесу деп есептеді. Оның көзқарасындағы құнды жақтар – гуманизм, демократиялық талаптар.
Песталоцциидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселе – балаларға элементарлық білім беру теориясы.Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, , бірте- бірте күрделене түсуі керек. Элементарлық білім беру теориясына Песталоцции дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесн беруді жатқызады. Тәрбиенің бұл салалары өзара байланысты түрде берілуге тиіс, сонда ғана олар адамды жан-жақты тәрбиелеййді деп есептеді.
Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққ үйренеді.
Песталоцции моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырады. Ол дінді сынағанымен, егер құдайды қадірлесе бір-біріне туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлейді, - деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы – дүниеге идеалистік көзқараста болуының айяғағы.
Адамды жан-жақты дамыту идесын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті.
Оқыту туралы
Песталоцции оқытуға бағалауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілуі керек деді. Бақылау арқылы балада көрі, есту және т.б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды Оқыту балаларға біріншіден, білім беретін болса, екңншіден, олардың ойлау қабілеті дамиды. Оқытудың осындай екі жақты мәніні атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі де жойған жоқ. Бірақ, Песталоцции өз тәжірибесінде оқытудың бұл екі маңызын- екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.
Песталоцции оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекіліктің кең түрде қолданған жағдайда ғана айналасындағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.
Песталоцции географияны оқыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсынды. Бала алдымен мектеп жанындағы учаскеден, өз ауылы орналасқан жермен танысып, алғашқы географиялық білімдер алуы керек. Содан барып жалпы жер шары туралы білімдерге көшуі керек деп есептеді.
Песталоцции соынмен буржуазиялық-демократиялық ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселесіне өз өмірін арнады.
Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, хылықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.
Адольф Дистерверг неміс 1790-1866. Еңбектері «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық», «Педагогикалық жылдық», «Тәрбие және оқыту жөнінде Реин беттері». Дистервергтің жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады. Мектептің мақсаты азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Балалардың жас ерекшелігімен қатар дара ерекшеліктерде ес, зейін, ойлау процестерін білудің қажеттілігін атап көрсетті.
Дистервергтің оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту деп көрсетті. Әрбір пән білім берумен қатар тәрбиелеу керек деді. Білім беруде тарих, география, ана тілі мен әдебиеттің зор мәні бар деп білді. Оқыту дидактикасы жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрды. Көрнекі оқуды құптады. Баланы уақытынан бұрын еш нәрсе оқытпа деді. Оқытуда мұғалімнің еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің және табанды болуының тәрбиелік мәні зор екенін атап көрсетті.
Дистервег 1790 жылы 29 қазанда Германиядағы сот шенеулігінің отбасында дүниеге келген. Қоғамдық өмірде, әcipece білім саласында шіркеу басым рол атқарды. Оның сөзінше, ол мұғалім болуды ойламаған, сондықтан да «инженердің» оқуына туседі
Университетте оқып журген уакыты (1808-1811жж.) наполеондың шабуылмен сәйкес келді де Германияда iлгері сипатта буржуазиялық реформалар қатар жүргізшді Бұл жағдай ұлттык сана-сезімнің қайта жаңғыртылуымен, патриоттық көңіл-күйдің күшеюімен, бостандықты аңсаумен сипатталып, жас Дистервегтің дүниеге көзкарасының қалыптасуына түрткі болды. Осы кезеңде ол педагогикалық гуманизмнің негізін салушы Руссо мен Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысады. Жағдайға байланысты ол ұстаздың қызметпен айналысуға мәжбүр болды. Франкфурт (1813 ж.) қаласының орта мектебіне келгеннен кейін, Дистервег өмірінің соңына деиін Песталоццидің рухани ізбасары болды.
Дистервег өзi негізін салган «Рейнские листки» деп аталатын журнал бетінде Песталоццидің идеяларын насихаттады. Швейцариялық педагог тәрізді ол тәрбиенің жетекші қағидасы - табиги шынайылык, балаға тән нышан - дамуға талаптану, т.б. деп есептеді. Педагог Дистервег табиғи сәйкестік қағидасын педагогика ғылымына енгізген ғалым. Табиғи сәйкестік қағидасы баланың барлық нышандарының үйлсімді дамуын қамтамасыздандырады. Оньң дәлелдеуінше адам тәрбиесіндегі басты мәселе ұсталым «бала табиғатына қарсы келу әдісі болмау керек және барлық тәрбиелеу этикасы адам жаратылысына сай жүргізілуі керек». «Табиғи сәйкестік қағидасы адам болмысы тәрізді мәңгі өзгермейді» - деген ағартушы-педагог. Табиғи сәйкестік қағидасы күш бүгін әлеуметтік педагогиканың теориясында негізгі қағидалардың біріне айналған.
Өз өмірінің соңына қарай, ол Песталоццидің 100 жылдығына салтанатты мерейтой ұйымдастырды. Песталоццидің әсерімен Дистервег орта мектептегі қаражатты қызметтен бас тартып, өзін халық мектебінің қызметіне арнады. 1820 жылы Дистервег мұғалім семинарының директоры болып жұмыс жасады. Оның басшылыгымен 12 жыл 1шшде бастауыш мектептегі 200 мұғалімнің дайындап шыгарды. Ол мұгалімдерді тар шеңбердегі күнделкті жұмыспен тоқтап қалмай, ғылыми шығар- машылықпен айналысуға тәрбиеледі.
Ол 6ip мақаласында «Адам - менің eciмім, неміс - менің лақап атым» - деп, озінің формуласын жариялайды. 1832 жылы Берлинде ол педагогикалық қоғамнан кейін тағы бірнеше мұғалімдер қоғамы мен кәсіп- одақтың негізін салды. Кәсіподактар әлеуметтік педагогикалық ic-әрекетті белсенді іске асырушы қоғам субектісі болды.
1832-1847 жыл аралығында Дистервег қала мектебіндегі мұғалімдер семинарына директор болды. Дистервег өмірінің соңғы жылдарында да нeмic мұғалімдерінің қызығушылығын алға тартты. Көптеген ұйымдар мен түрлі одақтар белсенді қызмет атқарды. Бірақ денсаулығы нашарлап, 1866 жылы тырысқақ ауруынан көз жұмды.
Дистервег педагог тарапынан балаға бақылауды күшейтуін терең білім және оның дамуының зандылғын қатаң түрде сақтауын талап етті. Бұл заңдылықты білмеушілік оньң пікірінше педагогикалық қараңғылық оларды оқуға ниет білдірмеу педагогикалық надандық, ал олармен есептеспеу, педагогика- педагогикалық мәдениетсіздікті білдіреді деп жазды.
Оның бастауыш білім беру ісінің дамуына табанды қызмет жүргізуі әлеуметтік педагогикалык сипатта болды. Оның педагогика теориясының дамуына қосқан үлесі көп. Алғашқы кезеңде әлеуметтік педагогикалық қызметті кәсіп- одақтар мен ұйымдарды атқарды. Ол осы одактарды ұйымдастырған қоғам қайраткері ретінде танылды және Песталоццидің педагогикалық идеяларының танымал болуына атқарған рөлі улкен.
Достарыңызбен бөлісу: |