Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


Я.А.Коменскийдің «Алтын дидактика»



бет25/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Я.А.Коменскийдің «Алтын дидактика» ережесі бойынша бәрі де сезім органдары арқылы жүзеге асады, атап айтсақ. Көретін нәрсе –қабылдау үшін көру, еститін нәрсе – есту үшін сезіммен, иіс- иіс сезу сезімімен, дәмін тату- дәм сезу, сипай сезу арқылы іске асады. Сондықтан да заттар мен құбылыстарды сезім арқылы қабылдауға болады дейді. Сонымен қатар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көрнекілік қағидасын ұсынады. Я.А.Коменский алғаш рет сынып сабақтық жүйені ұсынған. Мынандай мәселелерге назар аударды:
1) оқу жылы бір мезгілде бір күні басталуы тиіс;
2)ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөлінуі;
3) уақыт сондай дәл бөліуні, әр жыл, ай, күн ерекші міндеттері болуы, оқу тоқсандарға бөлу, оқу демалыстарын (каникулдарды) енгізді.
Я.А.Коменский мұғалімдерге ерекше көңіл бөлді. «Олар күн астындағы ең абыройлы, мамандық иесі деп жоғары бағалады».
Я.А.Коменский балаларды тәрбиелейде адамгершілік тәрбиесіне мынандай талаптар қойды:
Адамгершілік кішкентайдан басталуы керек;
Адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іспен тәрбиелеу;
Балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану:
Жат қылықтардан сақтандыру.
Ұлы педагогтың оқулықтары мен дидактика мәселелері, мектепті демократияландыру, жалпыға міндетті білім беру, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күнге дейін өзінің мәнін жоғатлтқан жоқ.


Жан Жак Руссо 1712-1778 француз еңбектері 1749 ғылым мен өнер прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?, 1754ж «Адамдар арасындағы теңсіздік», 1761ж «Жаңа Элоиза», 1762ж «Эмиль немесе тәрбие туралы».
Ж.Ж.Руссо баланың қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, байқағанына бағытталады. Сондықтанда ең алғашқы пәндер география, астраномия, табиғаттану болу керек деген пікірін айтты. Оның оқу методикасындағы негізгі өсиеттер бала ұғынбайынша жаттатпау, білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салдуы арқылы болуын қалады.
Барлық пәндер мейлінше көрнекілікпен қабылдануына, зеректігін, баланың өзінің әрекетін, зейінділігін, байқампаздығын дамытуы тиіс деді. Сабақтар табиғат аясында өтуін білім өмірмен, практикамен байланысты болуын қолдады. Дене еңбегін жоғары бағалады. Бұл еңбек адамын силауға, өздігінше тұрмыс құруға дағдыланады деген тұжырымдады. Руссо адамгершілік тәрбиесінің 3 міндетін дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс еңбекке тәрбиелеуді ұсынды.
Ж.Ж.Руссо баланың жас ерекшелігін 4-ке бөлді.
1. туылғаннан 2 жасқа дейін дене тәрбиесі
2. 2-12 ж сезім мүшелерінің дамуы
3. 12-15 ж ақыл еңбек тәрбиесі
4. 15 – ержеткенге дейін адамгершілік тәрбиесі
Ж.Ж.Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, «Баланың табиғи ерекшелігіне араласспай, оның өсуіне ерік беруәі қажет» деді. Оның айнала қызығушылығын, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады.Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уакыздады.
Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партисы якобинцілер Руссрны өздерінің идеялық көсемі ретінде көрінді.
Руссо өзінің саяси пікірлері баяендаған «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегінде теңсіздік цевелизациясыныңдамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді.
«Қоғамдық шарт»деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенде қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы- «Адамдардың табиғи жағдайда болуы» дегенді ұсынады.Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бір-бірімен тең және бостандықта болуы тиіс, ал олар кейіннен өзінің «табиғи праваларын», еңбекке негіздеп меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан.
Руссо адамда – адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылыстыарман етті.
Тәрбиенің мақсаты мен сипаты.
Жан – Жак Руссоның педагогикалық теориясынегізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалады.Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстанған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін,жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешіліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды.
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге оның дамуына тез зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.
Ақыл - ой тәрбиесі мен бәләм беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептер мен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті.
Руссо дидактикасының негізі баланың өзінің әрекетін,зеректігін, зейінділігін, байқампаздылығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Эмильдің сабақтары сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меігерген білімдерін практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соңғы бағыт еді.
Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі адамнан ажыралмайтын,оның негізгі борышы делінді.Эмиль әр түрлі қолөнеріне үйретіледі, өздігінше тұрмыс құруға үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, еңбекті, еңбеке негізделген демалысты бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше жіне педагогикалық жағынан қорытуынша Эмиль еңбек үстінде шыныққан ,ендіоған азғындаған феодалдық цивилизацияның ықпалы қауіпсіз.
Руссоның педагогикалық көзқарасының маңызы
Руссо бірқатар педагогикалық мәселелерде қателік пен қайшылыққа ұшырай тұрса да, оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты ілгере ұмтылған прогрессивтік роль атқарды.
XVIII ғасырдағы Россияның жалынды революцияшыл ағартушы А. Н. Радишев ұлы ойшыны өте жоғары бағалады. 1791 жылы бір хатында Радишев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға “Европа көп міндетті” деп жазды. Декабристер Руссоның “Қоғамдық шарты” мен “Эмилін ” зор ынтамен оқыды. Кейінгі революцияшыл демократтар да Руссо мұрасын жоғары бағалады. 1856 ж. Н. Г. Чернышевский “Современникте” Руссоның ұрпаққа қалдырған еңбегін, халыққа деген сүйіспеншілігін баса өтеп өтті.
Қазіргі қоғамның прогрессившіл педагогтары Жан-Жак Руссоны атақты ағартушы – педагог ретінде бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет