Бесінші сұрақ. Оқушыларды қажетті, қызықты, барлық талғамдарға сай келетін деректермен қалай қамтамасыз етуге болады?
Бұл мұғалімнің сабаққа дайындалу кезінде уақытының 90 пайызын құрайтын өзекті мәселе. Меніңше балаларды оқыту маңызды емес, бала өз еркімен білімге ұмтылып, сол алғанын көңілге тоқып, содан ләззат алуы тиіс.
Менің балам дәрігер. Неге? Балам жоғарғы сынып оқушысы болған кезде мектептен оларға бір мамандықта таңдап, оны таңдап қана қоймай, екі апта сонда тәжірибе өтіп машықтануға бұйрық келді.
Балам бір дәрігердің көңілін аулап дәрігер күнде жасөспірімді палаталарға операциялық бөлімдерге бірге алып барып жүрді. Дейв қысқа уақытта осы тәжірибелік күндерге сонша қызығып өзінің өмір бойғы мамандығы етіп таңдады. Оған бір адам көмектесті, мен де сол адамның орнында болғым келеді.
Алтыншы сұрақ. Менің оқушыларымның шығармашылық идеяларының тууына батылдығым мен шыдамдылығым жете ме? Ызамды түсіретін шектен тыс шығатын іс-әрекеттерге шығармашылық адамдардың бойындағы түрлілікке шыдамдылығым мен адамгершілігім жете ме? Шығармашылық адамына кеңістік пен еркіндік бере аламын ба?
Менің ойымша, мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралдарында» «Балалар бойындағы кішкентай шығармашылық ойларды арттыруға қамқорлық жасау» атты тарау болу керек. Шығармашылық ойлар жаңа туылған нәресте сияқты: олар нәзік, қорғауды қажет етеді, рбір жаңа идея нақтыланған идеялардың алды. Балалар жаңа идеяларға толы.
Жетінші сұрақ. Мен өз оқушыларыма тек танымдық тұрғыдан ғана емес, сезімдік, экспрессивті-эмоционалды өсуге жағдай жасай аламын ба?
Көп жағдай да мектеп балаларға тек білім берумен шұғылданғандықтан баланы тек интеллектуалды жағынан ғана өсіреді. Осындай ерекшеліктерді яғни адамның көңіл-күйін тіпті адам жасаған компьютерллер де сезбейді.
Мен білім алуға көмектесу мақсатында және осы балалар үшін бар жауапкершіліті алар алдында мынандай сұрақтарды өзіме қояр едім.
1.Оқып, әрдайым өсетін оқушының жан дүниесін түсіне аларма едім? Мен ол әлемге баға бермей-ақ тұлға ретінде эмоционалды түрде жауап қайтарар ма едім?
2.Мен оқушылармен тұлға ретінде ашық, эмоционалды, шынайы қарым-қатынас құра алар ма едім?
3.Сыныптағылардың әр қайсысының қызығушылықтарын байқап, сол жолға түсуіне көмектесе алар ма едім?
4.Өз-өздеріне, қоршаған ортаға, адамға тән ең бағалы қасиеттерді сақтауға жәрдемдесе аламын ба?
5.Мен білімнің негізі болып табылатын кітаптарға нұсқаулық беретін, қызығушылықты жоғалтпауға көмектесетін расында да шығармашылық тұлғамын ба?
6.Оқушылардың орындалмаған идеялары мен шығармашылық ойларын қабылдап, қолдай аламын ба?, шығармашылық иесіне тән мазасыз балаларды қабылдай аламын ба?
7.Мен сезімдерінен идеялар туындайтын ал идеяларынан сезім туындайтын балаға көмекетсе аламын ба?
Бұл сұрақтар бойынша адам өзін-өзі тану арқылы басқаларды да тани алады. Осы сұрақтарға жауап таба алсам, өзімді шығармашыл тұлға, мұғалім ретінде қабылдаймын. Сонымен қатар балаларға білім беріп, оқыту барысында бар жауапкершілікті мойныма ала аламын.