Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет63/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Екінші сұрақ. Мен оқушыларымнан шынайы келбетім мен болмысымды жасырмай олардың алдында көп нәрсені білмейтін қателіктер жасайтын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін адам ретінде көріне алар ма едім? Тәуекелге бел буып мұндай әрекетке барар ма еді мол әрекет маған не берер еді?
Иә, осындай әрекетке қатер бар. Түсінікті болу үшін мысалдар келтірейін. Бір фильмге мұғалім, нашақор бала, тәртіп сақшысы түсті. Түсірілім шынайы өмірден алынып, психотерапевтік топта болған жағдайдан алынды. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы топтың бір мүшесі фильмдегі қатынастардың сондай тартымдылығы мен әр кейіпкер өмірінің шынайылығы жағымды әсер бергендігінен өз лебізін білдірді: «Мен мұғалім, тәртіп сақшысы, нашақордың өз арманы, үміт мақсаттары мен өздерінің әлемдері бар екенін білмеппін!» - деп өз сөзін аяқтайды.
Біз бір мединицалық мекемеде ізгілендіруден өндірістік қарым-қатынасқа байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Мұнда да сондай қорытынды өз жалғасын тапты. Осыдан біздің басшыларымыздың: факультет деканының, факультет кеңесі мүшелерінің біз сияқты адамдар екенін түсіндік . Ол кезде бұл оқиға бізді таң қалдырды. Кейіннен зерттеу жұмыстары колледждерде өз жалғасын тапты.
Үшінші сұрақ. Менің оқушыларым неге қызығады? Менің ойымша оқушы неге қызығатынын білу қиын емес. Бұл сұраққа жауапты тікелей олардың өздерінен сұрап ең жанама түрде өзгелерден білуге болады. Бірақ ең тиімді жолы қарым-қатынас барысында оқушылармен шынайылық пен сенімділік үйлесімділікте болу, сонда олар қызығушылықтары жөнінде өздері-ақ сыр бөліседі.Мектепте жазған шығармамның тұсына мұғалім «Неге,Карл?» деген сұрақ жазып,мені әңгімеге тартқысы келген.Осы мысал арқылы мұғалімдердің оқушыларға көп сұрақ қоюының себебін білуге болады. Шәкірті мұны қалай қабылдайды?
Төртінші сұрақ. Баланың оқуға деген құштарлығын қалай қолдап, сақтап қалуға болады?
Мектептегі берілетін білімнің сапасына байланысты көп балаларда білімге деген құштарлықтары жоғалады. Бұл мектептің тигізетін кері әсері.
Калифорниялық университеттің ректоры бір күні талапкерлерді қабылдау кезінде олардың бойында тек білімге деген құштарлығын байқап оқуға алар едім деген ойын білдіреді.
Бес жастағы бала шетелге барып, ортаға бейімделіп, қарым-қатынас барысында тілді игеріп, өзін еркін сезінеді. Шәкірттердің өзі оқытылған пәнге қызығушылық танытты. Осындай студкенттер жұмыстарының жоғарғы сапада орындалу сияқты құбылыстар бұрын-соңды болмаған. Үздік жұмыстардың легі: баяндамалар, хаттамалар, зерттеу жұмыстары мен жобаларға толы болды. Осындай білімге деген құлшыныс басқа топтарға да әсерін тигізді. Бұған студенттердің берген пәнге деген мадақ сөздері мен бағалары дәлел. Бірақ пәндер оқытылып біткеннен кейінгі түлектердің пікірлері қуантарлық жайт. «Оқу барысында мен көп нәрсені меңгере алмадым. Ол менің қателігім»,- деп өкінгендерде бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет