Перифраздары



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
бірге соғып, сауданың көзін тапқан пайдакүнем, тақыс 
адамдар» еске түсер еді. Ал бұған қарама-қарсы сұлу, 
көркем, батыр дегендей жағымды адамдарды бейнелер 
болсақ, үріп ауызға салғандай, жүрек жұтқан деген 
тұрақты тіркестер ауызға оралады. Тайға таңба 
басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай деген тұрақты 
тіркестер ашық, айқын деген ұғымға экспрессивті өң 


64
беріп, оны құлпыртып, күшейтіп тұр. Бұдан «ашықтың 
ашығы, айқынның айқыны» дегендей үстеме, күшейтпелі 
мағынаны түсінеміз.
Өткір мысқыл, ащы əжуа, тапқыр қалжыңды өн 
бойына жинаған тұрақты тіркестер де мол. Айдағаның 
екі ешкі, ысқырығың жер жарады фразеологиялық 
тұрақты тіркесі кісіге еріксіз езу тартқызады. Ауырдың 
үстімен, жеңілдің астымен; берсе – қолынан, бермесе – 
жолынан; көңіл қалмас, көңіл жыртпас; асын ішіп, 
текеметін тіліп; түйе үстінен сирақ үйіту; тырнақ 
астынан кір іздейді; бүйректен сирақ шығару; тіл 
мен жағына сүйену; аузы-басы қисаймау т.б. тұрақты 
тіркестер əрі ащы күлкі шақырса, əрі жиреніш сезімді 
қозғайды.
Елден ала бөтен ашқарақтық жасап, масқара 
сараңдыққа берілген адамдарды əжуалағанда халқымыз 
қу бастан қуырдақ ет алған деп салады. Қырым ет жоқ 
қу бастан қуырдақтық ет алса, ондай қу жақты мұнан 
артық қандай сөзбен бейнелеуге болар еді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір-ақ айтатын 
мақал-мəтелдер де аз сөзден жасалғанмен, көп мағынаны 
білдіретін фразеологиялық топтың бірі. Келелі ойды, кең 
мазмұнды данышпандық ақыл-өсиет түрінде салмақты 
айтатын, айтқанда соншама дəл, əрі əділ, ащы мысқыл, 
əдемі əжуасы аралас келіп нұсқағанды тапжылтпай 
мақұлдатып тастайтын мақал-мəтелдерді пайдаланудың 
да мəні өзгеше. Бұларды əсіресе көркем əдебиетте, 
көпшілікке арналған əңгіме-дəрісте, публицистикалық 
жанрда мол пайдалануға болады.
Жүздің көркі сақал, сөздің көркі мақал; тұз – 
астың дəмін келтірсе, мақал – сөздің сəнін келтіреді; 
мақал сөздің атасы деп сөздің қадірін білген қазақ 
өнер алды қызыл тілге ерекше мəн берген. Сөз 


65
құдіретін тек қазақ халқы емес, барлық халық біледі. 
Əр халықта да мұндай сөздердің қасиетін аша түсетін 
əлуетті мақалдар баршылық. Мысалы, орыстарда «без 
пословицы не проживешь» (мақалсыз тірлік жоқ), 
«старая пословица век не сломится» (ескі болса да, 
мақал ескірмейді), пословица недаром молвится» 
(мақал бекер айтылмас), «пословица не на ветер 
молвится» (мақал желге айтылмайды), «пословица 
всем делом помощница» (мақал бар істе жəрдемші) 
т.б. деп, мақалдың мəнін түсіндірсе, бұдан мəтелдің 
де осал емес екенін жəне оның мақалдан өзгешелігін 
ұғамыз. Халық өзі айтып отырады. Мысалы, орыстың 
мына мəтелдеріне назар аударыңыз: «красна речь 
поговоркой» (сөз мəтелмен мəнді), «из поговорки 
слова не выкинешь» (мəтелден сөзді шығарып тастай 
алмайсың), «поговорка – цветочек, пословица – 
ягодка» (мəтел – гүл, мақал – жеміс) т.б. Халық осы 
тектес даналық сөздің мəнін ұққандықтан да «слова 
хороши, если они коротки» (сөздің қысқасы жақсы) 
дей отырып, сөздің сүйектен өтетінін «не ножа бойся, 
а языка» (пышақтан емес, тілден қорық) деп ескертеді. 
Бірақ аты мақал деп қалай болса солай қолдана беруге 
де болмайды, өйткені қазақ –«айтқан сөз атылған 
оқ», ал орыс – «написано пером, не вырубишь 
топором» деп сөздің өте жауапты нəрсе екенін, оған 
өте сақ болуды ескертеді. Əрбір мақал-мəтел əр елдің 
психологиясын, тіршілігін, болмысын танытады. Осы 
соңғы екеуін-ақ алып қарасақ – екі елдің өзіне ғана тəн 
ерекшелігін байқар ек. Жазуы, баспасы болмаған ел, 
ауызекі сөйлеудің шеберлігін, соның дəмін таттырса, 
өнер-ғылымы өркендеп, сан кітап шығарған ел 
жазудың жақсылығын паш етеді. Жазылған нəрсені 
балталасаң да құрта алмайсың дейді. Орыс халқында 
«от слова спасение и от слова погибель» деген мақал 
бар. Мұның мəнін қазақша сөзбе-сөз берер болсақ – 


66
сөзбен құтыласың, сөзден тұтыласың дегендей ишара 
білдіріп тұр.
Сөзге байланысты орыстың тағы бірнеше мақал-
мəтелдерінен мысал келтірейік:
«Слово не стрела, а к сердцу льнет» (сөз оқ емес, 
бірақ жаныңа тиеді), «доброе слово в жемчугах ходит» 
(жақсы сөз гауһар тəрізді), «слово за слово цепляется» 
(сөз сөзден туады), «человеку дано слово, животным – 
немота» (адамға сөз, хайуанға – меңіреулік), «лучше 
споткнуться ногою, нежели словами» (сөзден сүрінгенше, 
аяғың сүрінсін), «не каждое слово – зеркало» (сөздің бəрі 
айна емес), «слово толковое стоит целкового» (ақылды 
сөз, ақшадан жақсы), «на чужой роток не накинешь 
платок» (біреудің аузына қақпақ бола алмайсық), «у 
насмешливого зубы белы» (күлкішілдің тісі аппақ), 
«слово горы ворочает» (тіл тау қопарар, тіл тас кесер, 
тас кеспесе, бас кесер), «пулей попадешь в одного, а 
метким словом – в тысячу» (оқпен бірді, өткір сөзбен 
мыңды құлатасың), «сила слова – в правде» (сөздің күші- 
шындығында), «конь вырвется – догонишь, а сказанного 
слово не воротишь» (қашқан атты ұстау оңай, айтылған 
сөзді қайтару қиын) т.б.
Туысқан ө з б е к тілінде мынадай нақыл сөздер 
кездеседі: «яхши нақл – томири ақл» (жақсы нақылдың 
тамыры – ақыл), «оталар сузи – ақлнинг кузи» (аталар 
сөзі – ақылдың көзі) [42].
Татарларда – «картлар сүзен капка жый» (қарттар сөзін 
қапқа жи), «мəкаль сақалдан алырак» (мақал сақалдан 
ұзынырақ);[43] қырғыздарда –«мақал атасы – сөз, мата 
атасы – бөз»; əзірбайжандарда – «мақалмен дауласа 
алмайсың» (с пословицей не поспоришь); «сөз – гүл 
болса, мақал – гүл шоғы» (слово – цветок, пословица – 
букет), «даналық – мəтелде» (в поговорке – мудрость) 
[44] т.б. бар. Мақал сөзі араб тілінен келген делінеді. 


67
1889 жылы Н.Исəнбет жинап бастырған «Татар 
халық мəкалəлəрəнің» 1-томында берілген мысалдарға 
қарағанда, арабтарда «ликелли мəканын мəкал» – «əр 
орынға лайық сөз бар» деген мақал да бар көрінеді. Сонда 
мақал деп жүргеніміздің о бастағы мағынасын тексер-
сек, «орынды сөз», яки «тиісті жеріне дəл айтылған 
сөз» болып шығады. Көптеген тілдерде нақыл сөздің 
бұл түрлері əрқилы аталғанмен, олардың семантикалық 
мағынасы бір. Мəселен, өзбектер – «макал», əзірбай-
жандар – «аталар сөзі», чуваштар – «қариялардан 
қалған сөз» («ваттисам калани») десе, көптеген түрік 
тілдерінде мақал мен мəтел қосарлана жүреді. Қырғыз-
дар – «мақал мен лақаптар», түрікмендер – «нақылдар 
ве аталар сөзи», ұйғырлар – «мақал вə тəмсил», татар-
лар – «мəкалъ һəм əйтем» деген терминдер қалып-
тасқан. Бұдан шығатын нəрсе қай халық болсын мақал 
мен мəтелді қатты қадірлейтінін, əрі олардың өзара 
айырмасын да біліп, іске жарататынын байқаймыз.
Негізінде, мақал мен мəтелдің ортақ əрі өзгеше 
қасиеттерін жоғарыда əр тілден келтірілген мысалдардың 
өзі-ақ айқын танытса керек. Мысалы, орыс халқының 
«поговорка – цветочек, пословица – ягодка» деуін 
алыңыз.
Сонымен, фразеологиялық тіркестердің негізгі 
қасиеті оның айрықша семантикалық топ болуы жəне 
оның стилистикалық ажарында (окрашенность). Бұлар 
жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, тіпті сөйлемдердің 
бейнелі синонимдері ретінде көркем əдебиетте айрықша 
рөл атқарады. Яғни фразеологиялық единицалардағы 
ең басты нəрселер – мағыналылық стилистикалық 
өң қолданудағы ерекше қызметі. Осыған қарағанда 
фразеология негізінде стилистиканың зерттейтін 
объектісі тəрізді.


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет