Перифраздары



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

бақа да балық. Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы 
үшін ұрады дегендер тəрізді. Осы келтірілген мысалдар, 
шынында, қазір төл дүниелермен бірдей қорымызға 
еніп, өзге жұрттан келгені ұмыт боп барады; үшіншіден, 
егер кейбір мақал-мəтелдердің қазақ тілінде толық 
баламасы табылып тұрса одан қашудың қажеті жоқ. 
Қап түбінде біз жатпас осыған дəлел; төртіншіден, 
Ленин еркін аударған шет тіл мақал-мəтелдері де 
логикалық мəні жағынан болсын жəне мүмкіндігінше, 
тілдік, грамматикалық касиеттеріне дейін дəл аударып 
жеткізуге тырысу керек. Мысалы, Ленин аударған не 
так норовим, чтобы в рот, как чтобы в карман деген 
неміс мақалы қазақшада Ауызға салғаннан гөрі, қалтаға 
салғымыз келеді болар еді. Мінеки, М.Жанғалиннің 
пікірі осы тектес. Мұнда фразеологизмнің бір түрі ғана – 
мақал-мəтел сөз болады. Ол тұрақты тіркестердің бар 
түрін талдап жатпайды. Идиомдар да, фразалар да т. 
б. түрлері түгелімен мақал-мəтел тасасында қалған. 
Ал марксизм-ленинизм классиктері шығармаларында 
тек мақал-мəтелді ғана емес, бейнелі сөз тіркестерінің 
əлденеше түрін – идиомдарды да, фразалық түйдектерді 
де, фразалық тұтастықтарды да мейлінше мол қолданып, 
өздерінің негізгі мақсатын шешен де шебер жеткізуге 
тырысқаны мəлім. Сондықтан М. Жанғалиннің пікірлері 
тек мақал-мəтел төңірегіне қатысты. Оның өзінде де 
негізгі пікірлерін дамытып, жүйелеп өрбіте алмаған. 
Əрине неге өйтпедің деп ешкім де кінə таға алмайды, 
Өйткені бұл тұстағы М. Жанғалиннің негізгі мақсаты 
мақал-мəтел, фразеологизмдердің аудармасын арнайы 
тексеру емес, жалпы аударма мəселесінің кейбір 
негізгі принциптерін қарастыру. Осы көлемде қарасаң, 


77
жоғарыда ескерткеніміздей, М.Жанғалиннің ғылыми 
тұжырымдары ой толғататын салмақты əрі салиқалы.
Марксизм-ленинизм классиктері шығармаларында 
кездесетін идиома, қанатты сөз, мақал-мəтелдерді 
қазақ тіліне аударудың мəселелерін арнайы тексерген 
зерттеушінің бірі – Қ.Сағындықов [52]. Ол өзінің ғылыми 
тұжырымдарын негізінен В.И. Ленин шығармаларының 
қазақ тіліне аударылуына байланысты дамытқан.
Жалпы, түрлі тұрақты тіркестерді, оның ішінде 
мақал-мəтелдерді қазақ тіліне аудару мəселесін зерттеп, 
алдымен əңгіме еткен Қ.Сағындықов десек қателеспес 
едік. Қазақ тіл білімінде, тіпті бүкіл филология ішінде 
мақал-мəтел аудармасын арнайы зерттеген бірде-бір 
еңбекті (тек Мұзафар Əлімбаев болмаса) [53], бірде-
бір кісіні күні бүгінге дейін білмейміз. Сондықтан Қ. 
Сағындықовтың тұжырымдарына кеңірек тоқтауды 
қажет деп санаймыз.
Əдетте, орыс жəне басқа халықтардың ғалымдары 
мақал-мəтелді аударудың қиындығын поэтикалық 
аудармамен салыстырып танытпақ болатын. Шынында, 
қиындық жағына келгенде бұлардың өзара ұқсастығы 
бар. Ал түбегейлі тексере келгенімізде бұлардың жеке-
жеке өздеріне ғана сыйымды сыры байқалады. 
Əрқайсысының табиғатына лайықты күрделі проб-
лемалары көрінеді. Міне, осыған байланысты, яғни 
мақал, мəтелдердің табиғаты, қасиеті жəне оларды 
пайдаланудың 
реті 
жайында 
Маркс, 
Энгельс 
жəне Лениннің айтқандары аударма мəселесімен 
шұғылданушылар үшін айрықша рөл атқарады. 
Олар мақал-мəтелдерді, тіпті күллі бейнелі сөздерді 
қоғамдық өмір құбылысының сəулесі ретінде, яғни 
жаңа мен ескінің күресінің сəулесі ретінде қарастырады. 
Олай болса, мақал-мəтелдерді қоғамдық өмірдің 


78
нақты тарихи жағдайларына орай жəне сол кезеңдегі 
əдеби тіл дамуының тұрғысынан тексерген жөн. 
Сағындықов мақал-мəтелдерді əдебиеттерде қол-
данғанда оларды бір тілден екінші тілге аударғанда 
ұстанатын негізгі принцип жəне міндеттер осыған орай 
туады деп түсінеді. Сөйтіп бұл мəселеге диалектикалық 
жолмен келеді.
Аударуды əңгіме етпей тұра тұрғанның өзін де, оларды 
ретін тауып, мағынасын, мəнін дəл ұғып қолданудың өзі 
шеберлік. Қолданудың тамаша үлгілерін, біз марксизм-
ленинизм классиктерінің еңбектерінен байқаймыз. Олар 
мақал-мəтелдерді көркемдік құрал ретінде (пікірлерінің 
бейнелі, дəл ұғымды əсерлі болуы) қолданумен қатар, 
кейде қоғамдық өмірдің нақты құбылыстарының мəнін 
айқын танытатын тарихи дерек ретінде пайдаланған. 
Сағындықов Маркстің «Навоз и у бога крадет» жəне 
«Вези навоз, не ленись, хоть богу не молись» деген орыс 
мақалдарын талдағанда шаруа адамның агрономиялық 
мəдениетті дін тұманынан артық санағанын айтады.
В.И. Лениннің мына сөзі де зерттеушінің ілгері пікір 
қозғауына демеу болған. «Бывают такие крылатые слова, 
который удивительной меткостью выражают сущность 
довольно сложных явлений» [54].
Сағындықов бұдан кейін орыстың көркемсөз 
шеберлерінің пікірлерін саралап шығады, түйінді 
қорытынды жасайды. Бейнелі сөздер тобының 
табиғатын түбегейлі тексеріп жəне олардың ана тілімізде 
толыққанды аудармасын беру жолдарын қарастыру 
қажет деп түйеді. Осы мəселенің біразын В.И. Ленин 
шығармаларының қазақ тіліне аударылу сапасын тексеру 
арқылы айқындаған.
Ол алдымен В.И. Ленин шығармаларындағы бейнелі 
сөздерді мынадай үш топқа бөледі: а) көркем бейнелер, 


79
афоризмдер, нақыл сөздер (изречения) жəне қанатты 
сөздер; ə) идиомдар жəне фразеологиялық тіркестер; 
б) мақал мен мəтелдер.
Көріп отырсыздар, Сағындықов тұрақты тіркестердің 
табиғатын, түрін тереңірек білетінін байқатады. Ол 
кейбір ғалымдар тəрізді тұрақты тіркестердің бəрін 
мақал-мəтел айналасына үйірмей ажыратып алады. 
Мақал-мəтел, 
идиом, 
фразеологиялық 
тіркестер, 
афоризмдер, қанатты сөздердің табиғатын, өздеріне 
тəн ерекшеліктерін тереңірек тексермегенмен, олардың 
бөлек-бөлек тілдік құралдар екенін бұларды зерттегенде 
сондай айрықша белгілеріне көңіл бөлу қажет екенін 
ескертеді. Біз мұны зерттеушінің табысының, саналы 
пайымдауларының бірі деп білеміз. 
В.И. Ленин шығармаларында орыс жазушылары 
А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, М.Е. Сал-
тыков-Щедрин, И.А. Крылов, А.С. Грибоедов, 
А.П. Чехов, А.М. Горький жасаған көркем бейнелер, 
афоризмдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер молынан 
кездеседі. В.И. Ленин бұларды тіліне тиек ете отырып, 
революция мен жұмысшы табының жауларын аямай 
соғып отырған. Мəселен, Щедрин жасаған жексұрын 
бейненің бірі – Иудушканың сатқын Троцкийді 
əшкерелеуге, «данасынған шабақтардың» (премудрие 
пескари) халықшылдар, эсерлер, меньшевиктерді 
масқаралауға септігін тигізгенін білеміз. Ленин 
шығармаларынан Гогольдің талай «держимордалары» 
мен «маниловшыл» қиялкештерін табамыз. Оның 
көрегендігінен А.П.Чеховтың «Құндақты адамдарын» 
да танимыз. И.А.Крылов мысалдары мен Грибоедовтың 
«Ақылдың азабы» комедиясынан алынған «Ал төрешілер 
кімдер?» («А судьи кто?»), «Кещенің төрелігін тыңдар 
болсаң» («Услышишь суд глупца»), «Көрмес, пілді де 


80
көрмес» («Не приметить слона»), «Мысықтан күшті 
аң жоқ» («Сильнее кошки зверя нет»), «Көкек қоразды 
мақтайды» («Кукушка хвалит петуха») т.б. тəрізді нақыл 
сөздер В.И.Лениннің қолдануында мүлде жанданып, 
қазір мақал, мəтел сияқты ел арасына кеңінен таралып 
кетті.
Ленин еңбектерінде донкихоттық, геростраттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет