Перифраздары



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

басы. «Бросать слова на ветер» – пəтуасыз сөз айту т.б.
Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың 
өзара мəндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Мы-
салы: «беречь как зеницу ока» – көздің қарашығындай 
сақтау; «в пух и в прах» – күлін көкке ұшыру; 
«зубы точить» – тісін қайрау; «волосы встали 
дыбом» – төбе шашы тік тұру; «за тридевять 
земель» – жердің жеті түбі; «до седьмого неба» – 
төбесі көкке жету; «выйти в люди» – адам санатына 
қосылу; «утопающий за соломинку хватается» – суға 
кеткен тал қармайды т.б. Тіл-тілдегі фразеологизм-
дердің өзара сəйкес, мəндес келуі, шынында да ау-
дарманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. 
Мұның аударма жұмысын едəуір жеңілдететіні сөзсіз.
Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір 
тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады». Бұл 
тұста авторлар тұрақты сөз тіркестерінің басқа 
түрінен идиомдарды бөліп алады. Мақал-мəтел, 
қанатты сөздердің сөзбе-сөз аударуға тезірек көнетінін 


73
мысалдармен көрсетеді. Мысалы: «ни рыба, ни мясо» – 
балық та емес, ет те емес; «как две капли воды» – екі 
тамшы судай; «лучше поздно, чем никогда»– ештен 
кеш жақсы; «береги честь смолоду» – арыңды жастан 
сақта; «черепаший шаг» – тасбақа аяң т.б.
Мұндағы аудармалар əр тілдің фразеологиялық қорын 
байытатын көз. Осымен бірге сөзбе-сөз аударманың 
өрескел қатеге апарып соқтыратын сəтсіз мысалдарын 
да əртүрлі саяси көркем əдебиеттен алып көрсетеді.
Аудармашылар үшін тағы бір аса қажетті пікір мынау 
ма деп ойлаймыз. Аталған кітаптың авторлары фра-
зеологизмдерді аударудың əлгіндей бірнеше тəсілдерін 
талдай отырып, аудару процесінде кетіп жататын 
қателердің сырына үңіледі. Мұндай жағдайда, əсіресе əр 
халықтың тілді қолдану дəстүрін мұқият еекере отыруы, 
əрбір тұрақты тіркестің шығу, жасалу төркінін зерттеп 
білу қажет екенін басты шарттың бірі есебінде ұсынады. 
Яғни, авторларша айтқанда, «фразеологизмдерді 
аударуда олардың мағынасын, қалыптасу жолын жақсы 
білу» қажет. Сөйтіп фразеологизмдерді аударудағы ең 
өнімді тəсіл сөзбе-сөз аударудың тиімді, тиімсіз жағы 
бар екен. Қазақ тілшілерінің фразеологизмдерді аудару 
жөніндегі пікірлері осыған саяды [50].
Фразеологизмдердің аудармасы жайындағы пікір-
лерге үңілгенде, көбінесе марксизм-ленинизм клас-
сиктері шығармаларындағы тұрақты тіркестерді қазақ 
тіліне беру жолдарын қарастырушылардың еңбегін 
талдамай кетуге болмайды. 1958 жылы Алматы 
қаласы аударма проблемаларын қарастырған үлкен 
жиын ордасына айналды. Онда орыс тілінен Орта 
Азия, Қазақстан жəне əзірбайжан халықтарының 
тіліне əдебиеттерді аударудың көп жылғы тəжірибесі 
сарапқа салынып, əрқилы əдістер ұсынылған болатын. 


74
Қазақстаннан төрт баяндама əзірленді. Соның ішінде 
біздің жұмысымызға тікелей қатысы бары екеу. Оның 
бірі – «Орыс тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі 
принциптері» деген тақырып бойынша жасалған 
М. Жанғалиннің баяндамасы [51]. Мұнда аударма 
принциптері марксизм-ленинизм классиктері дамытқан 
қағидалар негізінде қарастырылған. Маркс, Энгельс, 
Ленин еңбектеріндегі аударма жайындағы пікірлер 
талданған. Бұлардың, əсіресе В.И. Лениннің аударудағы 
тəжірибесіне сүйене отырып, автор текстің мазмұны 
мен формасын, оның дəл, адекватты аудармасын беру 
жолдарын көрсетеді. Шындығында, аударманың қандай 
проблемасын талқылағанда болмасын, біз ең алдымен 
марксизм-ленинизм 
классиктерінің 
тəжірибелеріне 
сүйеніп, олар қолданған принциптерге жүгінуге 
тиіспіз. Сол себептен М. Жанғалиннің бұл ғылыми 
пайымдаулары аударма теориясының белгілі бір кезеңін 
танытатын құбылыс. Ол, əсіресе Владимир Ильичтің 
аударушы ретіндегі қызметіне толығырақ тоқтаған.
Қай кезде болсын марксизм-ленинизм классиктерінің 
еңбектерінде кездесетін бейнелі сөздерді, тұрақты 
тіркестерді, мақал-мəтелдерді беру аударма практи-
касында ең қиын мəселенің бірі. Мұндай мəселеге 
барғанда, тіпті көркем шығармалардағы фразеологизм-
дерді аударғанда да, алдымен Ленин қолданған 
тəсілдерді үйреніп, тəжірибесін талдау қажет. Классиктер 
бейнелеуіш сөздерді шығармаларының эмоциялы-
экспрессивті өңін ажарландыру үшін қолданады. 
Сондықтан бұларды творчестволық талғаммен беруге 
тырыспаса, сəтті аударма жөнінде əңгіме қозғаудың 
мəні жоқ. Осы тұрғыдан қарағанда М. Жанғалин 
жорамалдарының рөлі едəуір.
Бейнелеуіш құрал дегенде М. Жанғалиннің толығырақ 
тоқтағандары – мақал мен мəтелдер. В.И. Ленин 


75
шығармаларында неміс, француз, ағылшын, итальян, 
грек сияқты көптеген халықтардың мақалдары кездеседі. 
Оларды Ленин бірде аудармасымен қатарластырып 
берсе, бірде жақша ішінде түсіндіріп отырады. Қалай 
болғанда да əлгі мақал-мəтел оқушыға түсініксіз күйде 
қалмайды. Толық, дəл, адекватты аудармасы беріледі. 
Егер, мақал дəл аударуға келмесе, Ленин еркіндіктен 
де қашпайды. Морфологиялық ауытқуға барғанмен, 
мағыналық дəлдікті толық сақтайды. Мұндай жағдайда 
Ленин өзінің еркіндеу кеткенін ескертіп отырады. 
Жақша ішінде əлгі мақалдың түпнұсқа тіліндегі кейпін 
береді. Оқушы аударманың дұрыс-бұрыстығын көруге 
мүмкіндік алады.
В.И. Ленин өз шығармаларында не қазақ, не өзбек, не 
əзірбайжан мақал-мəтелін қолданған емес, сондықтан 
оларды қалай да аудару қажет екені түсінікті. Мұндай 
жағдайда Лениннің өз айтқандары көмекке келетінін 
дəл таниды М. Жанғалин. Егер аударуға еш мүмкін 
болмаса, соның ана тіліндегі баламасын іздеу керек. 
Онда да ол мақалдың бүкіл контексте қалай оқылаты-
нын, түсінілетінін қадағалау қажет екені молдаван 
ғалымдарының тəжірибесі мысалға алынып, аударудың 
жақсы үлгілері мегзеледі.
Ленин тəжірибелерін талдай отырып, оның аудару 
тəсілдерін М. Жанғалин бейнелі құралдарды аударудың 
негізгі принциптері есебінде ұсынады. Сөйтіп, мақал-
мəтелдерді аударудың мынадай бірнеше жолдары 
көрсетіледі.
М. Жанғалиннің дəлелдеуінше, біріншіден, мақал-
мəтелдерді марксизм-ленинизм классиктері еңбектерінің 
идеялық мазмұнын мейлінше ашық, айқын ашу үшін 
қолданылған құралдар деп түсінеді. Сол себепті 
бұлардың аудармасы да өте дəл, анық, түсінікті, көркем 


76
болуға тиіс; екіншіден, қазақ тілінде баламасы жоқ 
мақал-мəтелдің бəрі аударылуы тиіс. «Балық жоқта, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет