89
əдіспен берілген мақал-мəтелдерді бірінші тəсіл арқылы
аударылған мақал-мəтелдерден ажыратып алу қиынға
соғады. Сағындықов бұл үшінші тəсілді түпнұсқаның
əсерлілігі, əсем ұйқасы,
ауыспалы мағынасы мен
сөйлеу тіліне тəн өте түсініктілігі сақталмаған жағдайда
қолдануды жөн дейді. Осы айтылғанның бəрі қазақ
тіліндегі
мақалдармен жеткізіліп тұрса, оларды
аударудың қажеті қанша. Аудару деген осы емес пе.
Аударғанда қойылатын талаптың да түрі əлгі
айтылып
отырған нəрселер болғандықтан, мұны ерекше категория
етудің қажеті бола қояр ма екен. Зерттеушінің бұл тұста
қоятын талабының бірі алмастырылған мақалдың ұлттық
иісінің болмауы. Яғни ол мақал-мəтел қазақ халқының
ғана тарихы мен тұрмыс күйіне тəн пайда болған нақыл
болып жүрмесін дейді. Əбден дұрыс. Бірақ мəселенің бір
жағын қозғаған соң, екінші жағын неге ұмытамыз. Дəл
осындай мақал-мəтелдер орыс халқында да толып жатыр.
Орыс
халқының өз табиғатын, ерекшелігін танытатын
талай мақал-мəтелдер бар, оларды қайтеміз. Аударамыз
ба, жоқ əлде түсініктеме беріп тынамыз ба? Мəселенің
қиын тұстарына келгенде
тереңдемей тайсала беретін
жері де жеткілікті. Мұнда келтірілген мысалдардың бəрі
де дау туғызбайды. Солай екені солай. Түпнұсқаны дəл
беретін төл мақал-мəтелдеріміз толып жатыр. Осының
сыры неде? Автор бұған да бойламайды. Оның мəнісін
біз бұл еңбектің баяндама есебінде əзірленген
шағын
зерттеу болғандығынан деп білеміз. Сағындықов бұл
мəселемен анда-санда ғана емес, тиянақты шұғылданып
жүргендіктен шешуін, себебін
тілейтін осындай кейбір
мəселелердің сырына үңілуі керек еді деп те ойлаймыз.
Ал үшінші тəсіл бойынша берілуге тиісті мақал-
мəтелдер екі топқа бөлінген. Бірі – мағынасы мен түрі
бара-бар келетін:
друзья познаются в беде –
достың