2. Передача русских пословиц и поговорок с
известным видоизменением отдельных составных
частей словесной формулы подлинника. Мұны
біздіңше былай түсіну қажет. Тіл-тілдегі мақал-
мəтелдердің бəрі бірдей аудару кезінде əлгіндей тəсілге
көне бермейтіні белгілі. Сондықтан аудармашыларға
əрқилы тəсілдерге баруға тура келеді. Кейде кейбір
86
сөздерді амалсыз өзгертіп, түпнұсқадан сəл де болса
алшақ кететін жайды көресіз. Яғни түпнұсқадағы ма-
қал-мəтел жасап тұрған компоненттердің бəрін бірдей
грамматикалық формаларымен қазақ тіліне беру мүмкін
емес. Осындай объективті себептерді байқағандықтан
да Сағындықов екінші тəсілді мақұлдайды.
Егер бұл тəсілді қандай жағдайда қолдану керек
дегенді зерттеушінің өз сөзімен айтар болсақ, былай
болып шығар еді. Түпнұсқаның морфологиялық қасиетін
түгел бере алмайтын жағдайда жəне дəл аударғанда
əсерлі, ауыспалы, астарлы мағынасы сақталмайтын
жағдайда осы тəсілге баруды жөн деп есептейді. Мұның
салдарынан қазақтың төл мақал-мəтелінен өзгешелеу,
бірақ табиғаты жəне айтылуы, естілуі тұрғысынан
соларға жақын аудармаға ие боламыз. Берілген мына
мысалдарға назар аударыңыз: ауыр жүкке жегілме,
жегілсең – егілме («взялся за гуж – не говори, что не
дюж») немесе жүк көтерсең – ауыр деме; өткелін
білмей су кешпе («не спросясь броду, не суйся в воду»);
біреу орман паналайды, біреу отын арқалайды («кто в
лес, кто по дрова»); талабы зордың тағдыры – дозақ
(«охота смертная, да участь горькая») немесе талабы
зор, ақыры сор; шындық əрқашан да жеңеді («правда
всегда берет вверх»); ауру бастың сақинасын сау басқа
телу («с больной головы на здоровую»); əлдеқайдан
жаңғырық, білмей қалды аңырып («слышал звон, да не
знает, где он»); қорқынышты түс болса да, рақымшы
құдай бар («страшен сон, да милостив бог»); орманға
кірген сайын, отынға молығасың («чем дальше в лес,
тем больше дрово) т.б. мысалдарға қарап отырсаңыз
аздаған өзгерістің өзі байқалмайды. Əдетте оқушы өзіне
түсініксіз нəрсені іздестіреді емес пе? Мына мақалдар
оқушы көңіліне күдік те туғызбайды. Тек түпнұсқа
87
мен аударманы қадағалап қараған адам ғана аздап
таңданар еді. Онда да аудармадағы ауытқушылыққа
емес,
аудармашының
шеберлігіне.
Мақал-мəтел
компоненттерінің кейбірі қазақ тіліне түпнұсқадағыдай
түрде жеткізілмегенмен, олардың берер мағынасы жəне
сол мағына арқылы алынатын əсер ешбір кемімеген.
Қайта қазақ тілінің ерекшеліктеріне тəн заңдылықтарға
сай құлпырып тұр. Түпнұсқа мен аударманы салыстыра
отырып, зерттеушінің тұжырымдарына қосыласыз. Яғни
қазақ тілінің заңдылықтарына сай осындай «орынды
өзгертулердің» нəтижесінде түпнұсқа мазмұны толық
танылумен қабат, оның оқырмандарға түсініктілігі
қамтамасыз етіледі.
Осы тұста мына бір жайды ескерте кеткіміз келеді.
Сағындықов мақал-мəтелдердің аудармасын соншама
зеректікпен талдайды. Екі тілдің де сырын, табиғи
заңдылықтары мен мүмкіндіктерін өте жақсы меңгере
білген зерттеуші зерделі ойлар толғайды. Міне,
сондықтан да қазақ филология ғылымында тұрақты
тіркестер түрінің аудармасын тұңғыш талдап, түбегейлі
тексеру жүргізген автордың еңбегі ерекше. Оның
зерттеу тəсілінің өзі кісі қызығарлық. Мəселен мына бір
мысалды талдауын барлайық. Үлкен істің үлкенді-кішілі
жетістігі, үлкенді-кішілі кемшілігі де жетерлік болады
ғой. Сағындықов Ленин еңбектерін аударуда жіберілген
кемшіліктердің сырына үңіледі. Оларға уақытына
сай объективті баға береді. Жоғарыдағыдай нəтижелі
тəсілдер табылғанға дейінгі сүрлеу жолдардың соқпақты,
тастақтысын таратып, солардың табиғатын танытарлық
дəйекті пікір қозғайды. «Взялся за гуж – не говори, что
не дюж» деген мақалды жүк көтерген екенсің,
шамасызбын деме деп аударуға болар еді. Мұндай
жағдайда түпнұсқа компоненттері түгел беріледі. Бірақ
мақал өзінің негізгі қасиеттерінен: əсерлі, ұйқасты,
88
ырғақты түрінен жұрдай. «Жүк көтерген екенсің,
шамасызбын деме» деген мақал емес, кəдімгі бұйрықты
сөйлем. Ал Ауыр жүкке жегілме, жегілсең – егілме
дегенде мақалдың ұйқастық əуеніне дейін сақталады.
Орысшасында: «за гуж» – «не дюж» деп келсе, қазақ-
шасында «жегілме» – «егілме» болып ұйқасады.
Осы мақал бір кезде «Қолыңмен істегеніңді,
мойныңмен көтер» деп те аударылған («то, что сделал
руками, подними плечами», буквально: «подними
шеей»). Бұл нұсқа орыс мақалының мəнін бере
алмайды. Өйткені мақал «егер сен бір нəрсеге ұрынсаң,
жауап беруден қашпа, тиісті жазаңды алуың керек»
деген мағынаны білдіретін қазақтың өз мақалы. Ал
түпнұсқадағы мақал мүлде басқа мағынаны меңзейді.
Сағындықовтың дəлелдемелерін өз сөзімізбен баяндап
отырмыз. Осы сияқты көптеген мысалдарды алып,
кеткен кемістіктің себебін дəл табады. Аударманың
əртүрлі варианттарын қарастырып, дұрыс-бұрыстығын
ғылыми дəйектілікпен көрсетуге тырысады. Кейбір
талдауларына дау да айтқымыз келеді. Мəселен, «на
воре шапка горит» дегеннің «ұрының бөркі жанды»
жəне «сезікті секірер» дейтін екі нұсқасын алады да
біріншісін мүлде жоққа шығарады. Мұнда ешқандай
ауыспалы мағына жоқ деуіне əбден қосыламыз. «Сезікті
секірер» дейтін қазақ мəтелі түпнұсқаның мағынасын
дəл береді деп соны мақұлдайды. Əрине басқа ешбір
амал қалмаса осылай берген дұрыс болар еді. Біздің одан
да басқа мүмкіндігіміз бар емес пе. Мысалы, «Ұрының
бөркі қызыл» десек ауыспалы мағына да сезіліп, шапка
гориттің ажарын аңғартып тұрған жоқ па?
Достарыңызбен бөлісу: |