Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет145/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сөздікпен жұмыс 
Бәңгі (парсыша) – нашақор 
Сабақтың ортасы
 
«Караоке»
1.
Өлеңді тыңдаңыз, дауыс 
құбылтуға назарға аударыңыз 
2. Өлең оқыған кейіпкердің 
рөліне еніп, өлеңді мәнерлеп 
оқыңыз 
(әр топтан бірнеше бала өлеңді 
бөліп оқыту)
 
2. «Тұжырымдама» 
Қ.Бітібаева технологиясы бойынша 
1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау 
жасаңыз 
2. Кестені толтырыңыз 
 
Өлең жолдарынан 
үзінді 
Мағынасы
«Көкірегі сезімді, 
тілі орамды,жаздым 
үлгі жастарға 
бермес үшін». 
 
«Сөз айттым 
Әзірет әлі 
айдаһарсыз. Мұнда 
жоқ алтын иек, 
сары қыз» 
«Түзу кел, қисық-
қыңыр, 
қырын 
келмей. 
Сыртын танып іс 
бітпес, сырын 
көрмей. 
«Өзге түгіл, өзіне 
пайдасы жоқ». 
«Есіл 
өнер 
қор 
болып, кетер түзге» 
 
 
Дескриптор: 

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табады 

Өлеңдегі астарлы ойларды түсінідіріп 
береді 
https://youtu.
be/iWKTX4
E9vYg
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту».
Сабақтың соңы 
 
 
«Өзіндік пікір»
1.Өлеңнен алған әсеріңізді 
төмендегі үлгі бойынша 
тұжырымдаңыз
Мені сүйсіндіргені…
Мені қуантқаны…


178 
Мені қайраттандырғаны…
Менің тілегім…
Мені қызықтырғаны…
Мен үшін ұлттық мүдде:
Біздің түйгеніміз:
ҚОСЫМША 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. 
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. 
Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. 
Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі1 күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой! 
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
 
 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Бірінші том. Алматы: Жазушы баспасы, 2002 ж. 
 
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, 
көлемі ЗО жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, 


179 
бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің 
патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы 
эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай 
ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің 
патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн 
қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. 
Яғни ақынақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» 
деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ап бұл өлеңінде Абай әрі 
оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін 
нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз 
басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше 
мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, 
өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба 
керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, 
айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының 
пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым 
әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың 
жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» 
дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, 
«Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде 
келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге 
арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі 
сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тындаған 
парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! 
Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! 
Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай 
айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. 
Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге 
көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді 
жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне 
үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп 
кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ 
ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, 
-
а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт 
қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 
жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» 
деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-
жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп 
өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы 
«қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болыпалынған. Ал 
1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша 
қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі 
басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған. 
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 


180 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет