Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


Ж. «Еркін жазу» әдісі. Шығармашылыққа негізделген



Pdf көрінісі
бет302/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Ж. «Еркін жазу» әдісі. Шығармашылыққа негізделген 
жазбаша тапсырма Өлеңнен
алған әсеріңді сипаттап 
авторға хат жазады. /Топта талқылап ең үздігін оқиды/ 
 
 
Дескриптор: 
Көркем тілмен жазады. 
Ойын жүйелі түрде жеткізеді. 
Хат құрылымын сақтайды. 
Грамматикалық сауаттылықты сақтайды 
Тапсырмалар 
жазылған 
парақтар 
А4 парақтары 
Маркер 
Сабақтың
соңы 

мин 
Рефлексия.
«Тостаған» әдісі арқылы 
 
стикер 


370 
докторлық диссертация қорғады. 
Абайдың қалыптастырған әдеби мектебіндей мектепті әлем әдебиетін шарласаң 
да кезіктіру қиын, осындай ұлы дүниелерді халыққа жеткізуде еңбек жасап жүрген 
әдебиет зерттеушісі.
Абай өнегесін жалғастырушы 
Абайдың шәкірті-Әріп Тәңірбергенұлы. Әріп 1856 жылы Шығыс Қазақстан 
облысы Жарма ауданы, Үшбиік теміржол бекетіне қарасты Жыланды айырығында 
(станциясы) дүниеге келген. Руы- Сыбан. Көптеген тіл білген. Атап айтсақ: орыс, 
татар, араб, қытай, парсы тілдерін өз тілі қазақ тіліндей жетік меңгерген. Жарма 
ауданының сол кездегі оқу тілі орыс тілі болғандықтан бастауышты орысша 
оқыған, бастауыш мектебіне дейін ауыл медресесінде сауатын ашқан. Кішкентай 
кезінен дінді жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. 
Әріп Тәңірбергенұлы қазақ әдебиеті бетінде ешкімге ұқсамайтын оқшау
өзіне ғана тән өрнек қалдырған күрделі тұлға. Әрбір адамды ақын етіп 
қалыптастыратын оның туа біткен таланты мен өмір сүрген ортасы. Әріп 
Тәңірбергенұлы өлеңдерінің тақырыбы қоғамдағы келеңсіз жайттар мен адамдар 
бойындағы түрлі мінез-құлықтар. 
Әріп ақындық биікке қармана жүріп көтерілген ақын емес, Байғарадай 
аталардан бергі қанға бөккен қасиет пен бойдағы дарын бұл асуға ақынды еш 
күштеусіз әуелете қондырды. «Зияда Шаһмұрат», «Баһрам», «Қожа Ғафан», 
«Таһир» сияқты туындылары шығыс үлгілерінің ең таңдаулы туындыларына 
жатады. Бұл шығармаларын шығыстанушы ғылымдар өздерінің зертеу 
еңбектерінің өзегі етіп алған. 
Ақындығымен қатар ұстаздық қызметін мінсіз атқарған, әр шәкіртін жеке 
зерттеп, оларды зерделеп ынталы талапты шәкірттерін өз тәрбиесіне алып, оқытып 
тәрбиелеген. Ақындық дарынымен қатар, ұстаздықты тең ұстаған. Әріпті айтқанда 
қазақтың ұлы ақыны Абайды айтпау мүмкін емес. Абайдың ізін басушы. Абай мен 
Әріптің арасындағы тылсым табиғи жақындықты орыстың Белинскийі былай деп 
нақтылай түсіпті: «Ақынның басқа ақындарға ықпал етуі оның поэзиясына басқа 
ақындар жырларында баттиып тұратындығында емес, олардың өз бойындағы 
күштерді қоздыратынында күн нұры жерге жарық түсіргенде оған өз күшін бермей, 
жердің өз бойындағы күшті қоздыратыны сияқты». 
Әріп пен Көкбай төс қағыстырған дос, сөз жарыстырған ақын, Абайдың қос 
шәкірті-Әріп пен Көкбайдың ұстаз алдында ұпай жинау, «кімнің сөзі кесек, 
қайсымыздың ісіміз ерек» деген өнер жарысы да жоқ емес еді. Жалпы өнер 
додасында жарысу Абай шәкірттерінің бәріне тән жақсы құбылыс-тын. Қашанда 
сөзбен жарысып, бақ таластырып жүретін Көкбай мен Әріпке Абай ерекше бір 
істің мәнін айтып, қолдау көрсетіп, мұрындық болуы заңды. Әріп пен Көкбайдың 
тағы бір тосын істе сыбана іркес-тіркес көрінуі де сондықтан. Екеуінің де оқыту 
жүйесі жаңаша, Абайша. 
Абай марқұм ескіге ермеуші еді, 
Ескіні онша жақсы көрмеуші еді. 
Мысырдан төте жолмен оқу шықты 


371 
Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді - деген Көкбай, Әріптер 
Абай аңсаған жаңаша оқуды жатырқамадыда өз ауылында қолға алған болатын. 
Әріптің 1890 жылдардың соңында өз елінде мектеп ашып, бала оқытуы тағы да 
Абайдың ықпалы еді. 
Әріптің Көкбайға қарағанда Абаймен үнемі бірге жүруге жағдайы болған 
жоқ. Руға бөлінушілік дәл осы ұстаз бен шәкірт арасына кедергі келтіре 
қоймағанмен, Тобықтымен бақ-бәсекесі ертеден келе жатқан Сыбан елінің ақыны 
Әріптің Абайға Көкбайдай жанасып кетуіне жол бермеді. Бір жағы осы жағдайлар, 
екіншіден сол кездегі жер шалғайлығы да Әріп қана емес, Әсет, Уәйіс, Мұқа, 
сияқты басқа елдің (рудың) ақын-әншілеріне Абай қасында үнемі болуға мүмкіндік 
бермеді.
Тобықты еліне жиендігі бар (Қаратай шешеннің інісінің қызы Аяжан – 
Әріптің шешесі Б.Е.) Әріп ақын – Абайды өзіне ұстаз тұтып, өнерін де, өнегесін де 
жалғастырушы, әрі дамытқан шәкірті. Қ.Мұхамедханұлының «Абай өлгеннен 
соңғы жиырма жыл өмірінде, Әріп ұлы ұстазының әдебиеттегі дәстүрін таза 
сақтап, өзі де басқа ақындарға ұстаз болу дәрежесіне жеткен»,- деген пікірі - 
Әріпке әділ берілген баға.
Ұстаз сынына іліккен Әсет Найманбайұлының Абаймен байланысы – толық 
ашыла қоймаған тақырып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет