Әртүрлі деңгейдегі есеп шығару іскерліктерін дамыту
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Зейіндерін сабаққа аударады, жауап береді.
Мадақтау, толықтыру
Оқулық, видео, слайдтар
Сабақтың ортасы
.
«Тоғыз кітаптағы математикадан» есеп. Бірнеше адам бірлесіп тауық сатып алған. Егер әр адам 9-дан (ақша бірлігі) берсе, онда 11 қалады, ал егер әрқайсысы 6-дан берсе, 16-сы жетпей қалады. Адам саны мен тауықтың құнын табу керек».
Шешуі:
Жұп және тақ 1.Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па? 2. Бүтін үш санның қосындысы жұп болса, олардың көбейтіндісі жұп па, тақ па? 3. а) «4» цифрынан ғана құрастырлған сан тек «3» цифрларынан тұратын санға бөліне ме? ә) Керісінше ше? 4. Мұғалім бір парақ қағазға 20 санын жазды. Отыз үш оқушы осы қағазды бір біріне беріп және әрқайсысы қалауы бойынша осы санға 1-ді қосады немесе одан 1-ді шегереді. Нәтижесінде 10 саны шығуы мүмкін бе? 5. Шахмат тақтасының сол жақ төменгі бұрышында тұрған ат, әрбір текшеде бір рет болып, бүкіл тақтаны аралап, оның оң жақ жоғарғы бұрышына келуі мүмкін бе? 6. Шахмат тақтасына доминоның 31 тасын әрбір тас екі текшені жауып және тақтаны қарама – қарсы бұрышындағы екі текше бос қалатындай етіп қоюға бола ма?